Кітап білім б?ла?ы с?йі?дер


«Кітап білім-бұлағы,оны сүйіңдер!»
Тәрбие мәселесін сөз еткенде балаларымыздың кітап оқудан қол үзіп бара жатқаны жанға батады.Оқушылардың көпшілігінде самарқаулық басым, қызығушылық жетімсіз. Тіпті ашығын айтсақ, көркем туынды оқымайтын, көркемдік әлеміне қызықпайтын, одан гөрі теледидар, кино көргенді хош санайтын оқушылар қатары жылдан-жылға көбейіп келеді, ащы да болса, шындық осы.Бұл жағдайда орта және жоғары мектептер ұстаздары, бәріміздің де қатысымыз бар.Қай қайсымыз да шәкірттерімізден жеткілікті деңгейде талап ете білеміз бе?Максим Горький :«Ашыққан адам асқа қандай обыр болса, мен кітап оқуға сондай обырмын...» деген екен. Ал ,бүгінде осындай жастар кездесеме...Кітап-адам баласы ақыл-ойыннан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім мен тәрбие беретін құрал.Ол-адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Менің ойымша, балалар теледидар мен компьютер ойындарына әуес сияқты.Олар сол көгілдір жәшіктерден (аудио,видео, интернет) бәрін дайын күйінде қабылдап жатыр. Неліктен біздің халық кітап оқымайтын дертке ұшырады.Кітапханашының,ата-ана мен мұғалімнің белсенді көмегі қажет. Оларға барлық білім кітапта екенін әліде болса жете түсіндіріп көмектесуіміз қажет. Ол үшін оны мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерден бастасақ. «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» деп Абай атамыз айтқандай, кітапты балаға жастайынан оқуға баулу керек.Бірақ, ешқашан да баланы оқуға мәжбүрлемеуіміз қажет.Оқушыны өз бетімен кітап оқуға үйретіп, оны қалыптастыру үшін жүйелі жұмыстар жүргізе білу керек. Кітаппен шындап жұмыс істей алмау біреулердің кітапқа деген сүйіспеншілігін мұқалтса,енді біреулерді жүйесіз, ойланбай оқуға әкеліп соқтырады.Осы бастан алдын алмасақ, барар-бара рухани әлемге атүсті қарайтын індетке жолығамыз.Шынымен де адам баласының санасын рухани адамгершіліктен гөрі күйкі тірлік басып кетсе, онда оның өміріне ақау түсетіні белгілі. Орыстар кітап оқымайтын халге жеткенін зерттеп, зерделеп күресуде.Бізде жұмыс жоқ деуден аулақпын.Қол жеткізген жетістіктерімізде жетерлік. Әрине, барлық оқушылардың әдеби туындыларды оқымайды, жалқау , өнерге қызықпайды деп кінәлау да дұрыс болмас. Ізденіш, кітапты сүйіп оқитын, мектепте оқып жүріп түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми жобаларға қатысатын, жүлделі орындарды иеленіп жүрген оқушылар да баршылық. Бұлар бірақ, азшылық.Десекте, ұлтың рухани әлемге бір табан жақын болуы үшін мүмкіндік жасауымыз керек. Шынымен де, ертеңін ойлаған ел ең алдымен рухани әлемнің ешқандай тосқауылға ұшырамай, нәтижелі жұмыс істеуіне жағдай жасайды. Себебі, ұлттың ұлт болып қалуы үшін, халықтың өресі басты орында тұруы керек.Өйткені, Адам мен адамды, ел мен елді теңестіретін-білім.Қазақстан биік белестерге ғылымын өкендету арқылы жетеді. Сондықтан білімді болмай, алға қойған мақсатымызға жете алмаймыз.Орыстың танымал педагогы В.Сухомлинскийдің мына бір сөзі, сөзі емес- ау, талабы дейікші, бүгінгі мектеп өмірінде етек алып отырған әлгіндей кемшіліктердің себебін анық аңғартқандай. Ол пікірі мынадай: »Мектепте төрт нәрсенің құдіретіне табыну (мұны оқушыларды тәрбиелеу, қалыптастыру деген мағынада түсініңіздер) қажет:Отан құдіретіне, ана құдіретіне, тіл мен кітап құдіретіне». Бұл тұрғыда бір нәрсеге көңіл аудару міндетті секілді.Оқушыларды педагог айтқан төрт құдіретке табыну рухында тәрбиелеу үшін алдымен мектепке оларды кітап құдіретіне табына (яғни көркем әдибиетті, сондай-ақ басқа да танымдық – білімдік сипаттағы кітаптарды оқи білуге, олардың мән- маңызын түсініп,қадірлеуге) білуге, осынау білім, өнеге, таным көзін қадірлеп бағалай білуге күш салумыз,осыған әдеттендіруміз керек. Сонда басқа үш құдыретке де (Отан, ана, тіл) табыну (яғни тәрбиелеу) мәселесі өз өзінен шешім табары сөзсіз.Кітапқа қызықтыру-білімге қызықтыру.Ата тарих пен ұлттық сананы қалыптастыру.Мектепте бірде бір оқымайтын оқушы болдырмау үшін жүйелі жұмыс жүргізу керек. Кітап оқуға тарту мақсатында олармен жүгізілетін тәрбие жұмысында «Кітап білім-бұлағы,оны сүйіңдер!» аясында мәдени іс-шаралар өткізуді жөн көрдім.Бұл жоба оқушыларды кітап оқу мәдениетінің артуына бағыттау.Мақсаты:Оқушыларды кітап оқуға қызықтыру,кітап оқуға деген құштарлығын арттыру.Міндеттері:
Оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және кітап оқуға құмарландыру;
Жас ұланды «Балалық» деп аталатын балғын шақтан тәрбиелеу;
Оқушылардың бос уақытын кітап оқумен өткізулерін ұйымдастыру.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру барысында төмендегі жұмыстарды атқаруға болады: сауалнама,зерттеу,жеке сұхбаттасу жұмыстары.Сауалнама барысында болашақ жұмыс жоспары жасалынады.
№ Өткізілетін мерзімі Іс-шаралар
1 20 қыркүйек Сауалнама,зерттеу, жеке сұхбаттасу
2 18 қазан Жоспар құрып ,бекіту
3 22 Қараша «Артық ғылым кітапта, ерінбей оқып көруге» (дауыстап оқу, кітап көрмелері,конференциялар )
4 13 желтоқсан «Балалар кітабының апталығы» (ойындар, мен байқаулар, кітап әлеміне саяхат, оқыған кітаптарынан театрланған қойылымдар,т.б кітаппен жұмыс)
5 қаңтар «Досыңа кітап сыйла» акциясы
ақпан «Менің оқып беруші анам бар» Демалу, қуану сәті (мазмұн мағанасын дауыс ырғағымен интонация мен кейіпкер бейнесіне кіріп оқу)
6 наурыз «Қиялдан туған ертегілер» сайысы
(ойдан ертегілер құрастыру)
7 сәуір «Мен оқыған кітаптар» (оқыған кітаптары туралы қысқаша бейнероликтер онкүндік байқау)
8 Мамыр «Ең үздік оқырман» байқауы
9 шілде «Оқырман- мектеп» акциясы
(мектеп алаңында немесе саяжайда)
Күтілетін нәтижелер:
оқушының кітапқа деген қызғушылығы артады;
мектеп оқушылары арасында кітап оқу имиджін көтеру;
жас ұландар арасындағы кітапханаға деген көзқарасты жақсарту.
Құрметті әріптестер! Шын мәнінде оқу баланың өміріне пайда келтіреді.Өйткені,ол баланың білімін арттырады,оған мәдениет есігін ашады, оған ұнамды және пайдалы уақыт өткіздіруіне мүмкіндік береді,тіл байлығын дамытады.Сауатты сөйлеп жазатын болады. Сондай-ақ оқу балаға ұшқыр ойлау, терең назар аударып, зерделеу қабілеттерін береді. Әрі оның түсінік деңгейін өсіреді.Оқу баланың өзін танып қалыптастыруына кездесетін қиыншылықтардың шешімін табуына шама береді.Оқуға және кітапқа деген сүйіспеншілік бала бойында тағы басқа қажетті және өте жақсы нәрселерді қалыптастырады. «Кітап білім –бұлағы,оны сүйіңдер!» деп М.Горький айтқандай, кітап әлеміне оқуға құштарлық оқушыны кітапқа қарай жетелейді. Қорыта келе оқушыны кітап оқуға тарту үшін кітап оқудың бірнеше әдіс тәсілдерін дұрыс жолға қоя білу керек. Өз ұлтының көркем тілінің кәусәрінен қанып ішкен ұл мен қыз шын мәнінде елінің толыққанды мәдениетті азаматы болатынын естен шығармағанымыз жөн. «Оқушы көркем әдебиетті неге оқымайды?» деп сауал тастап, шарық ұрып жүрген әріптестеріме айтарым-бала оқиды, тек «Қалауын тауып, қар жағу»өз қолымызда.

Ғибатолла Мәсәлімов атындағы орта мектеп




Мектептің тәрбие ісі
жөніндегі орынбасары
Рахметова Батима
Аққыстау-2014жыл