Мені? арманым
Сабақтың тақырыбы: Менің арманымМақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету.
Міндеттері:
- Арман ұғымы туралы түсінік беру.
- Балалардың ойын, қиялын дамыту.
- Жақсылыққатәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:Теңіз, балық, дельфин, сызба «күншұғыласы» шаттық шеңбері.
Шаттық шеңбері
- Біз бүгін сыныптас достарымызбен Каспий теңізіне саяхатқа шығамыз. Бүгін өтетін тақырыбымыз "Менің арманым". Мөлдіреген көк теңіздің жағасында, өзіміздің сыныптастарымызбен арман туралы ой қозғайық.
Әуелі барлығымыз шаттық шеңбер құрып амандасайық.
- Армысыңба, сыныптастар!
- Армысың ба, кәрі Каспий!
- Күннің шыққаны жақсыма?(күнді бейнелеп құшағын айқара ашу)
- Теңіздің толқығаны жақсыма? (толқиды)
- Достарыңмен бірге жүрген жақсы ма?(адымдайды). Іштей сыныптастарымыз туралы армандап көрейік.
Теңіз жағасы. Таза ауа. Ақ мамық бұлттар қалықтап барады.
Ой қозғауТеңізде не істей білу керек?- жүзе білу- Теңізде немен жүзеді?- қайықпенҚайыққа міну үшін достарымызға тілек айтамыз.
- Балалар енді бір-біріңнің армандарың орындалуына тілектестік білдіріңдер.
- Алинур Темірланға қандай тілек тілейсің?
- Досым, Темірлан, арманымның орындалуына шын жүректен тілектеспін!
Әмина Камилаға : Камила қанатың талмасын!
(балалар бір-біріне тілек айтады, айтқан бала қуана қайыққа мінеді, тер беледі)
Ұлы Абайдай кең жүрекАқын болғым келедіБауыржандай ер жүрекБатыр болғым келеді.
Жағдаяттарды талдау. Сұрақ-жауап.
- Бұл теңізде қандай қайықтар жүзеді?
(бірлік, татулық, кешірім, мейірімділік қайық)
- Сол қайықтарды теңізге жіберейік.
Бірлік қайығы- Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
(сұраққа жауап алу)
Татулық қайығы- Өздеріңнің қандай армандарың бар?(сұраққа жауап берсе «Татулық қайығына» мінеді)
Кешірім қайығыАдамға армандау үшін не қажет деп ойлайсыңдар?
Мейірімділік қайықАрманға қалай қол жеткізуге болады?
Балалар, теңізде ақылды адамдардың көмекшісі- дельфиндер мекен етеді екен.Олар бізге тапсырмалар дайындапты. Осы тапсырмаларды орындайық.
1- тапсырма:
"Арман – адамға қанат "дегенді қалай түсінесіздер?
Арман – адамға қанат. Халық мақалы. Армансыз адам болмайды. Оқу, білім арқылы алысқа қанат қағасың.
2- тапсырмаМәтінмен жұмысӘже әңгімесі (оқушылар оқиды)
- Әрбір адамның арманы болады. Арман таусылмайды.
Бір арманыңа қол жеткізген соң, екінші, үшінші арман жалғаса береді.
"Арман мен ақыл" Қадыр Мырза Әли- Білімнің арманға қандай қатысы бар?
- Өлең неліктен "Арман мен ақыл" деп аталған?
3 -тапсырмаӨсиет әңгіме- Арман деген не?- деді жігіт- Арман – ақыл – ойдың шындығы- Ұстаз шәкіртке үлгі болсам дейді.
Арманға адаспаған жетеді.
Адасқан жете алмайды.
ОйынОқушылар шеңбер құрып, теңізден балықты аулап өз арманын және не үшін соны армандайтынын жоғарыда берілген өлең қатарларына салып айтады.
Арсен: балықты аулап - "Шіркін - ай басшы болсам, еліме нұр сыйлайтын"
Ерден:- "Шіркін - ай банкир болсам, жайнайды менің елім"
Камила:- "Шіркін - ай биші болсам, мың бұрала билейтін"(ойын жалғаса береді, жылдам оны не үшін армандайтынын айтадыЖаңа ақпарат"Адам көкейіндегі ізгі ниет болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат арқылы арманына жете алады.
Шығармашылық жұмыс- Арманды адам бойындағы жақсы қасиеттермен ұштастыру.
- Қандай баланы «жақсы бала» деп айта аламыз?
/Күннің шұғыласына жазып, өздері оқиды/
Тыныштық сәті. Көгілдір теңізді елестетеміз. Қиқулаған шағалалардың даусы, әсем, киелі құс аққулар. Айналадағы тіршілік иесі оларды аялап, қоршап, барлығы қамқор болып жатқан секілді. /2минуттай отыру/
Дәптермен жұмыс Сендердің армандарың жақсылықтан құралғанына сеніміміз мол. Өз армандарың туралы қысқаша әңгіме жазыңдар. /оқыту/
ҚорытындыАқыл сана біліммен,
Арманыма жетемінЖүректен-жүреккеАрманға бірге жетейік.
Балалар бір – біріне арманға жету жолындағы тілектерін арнайды
Біліммен, ізденумен, еңбектенумен жет
- Алға самға
- Нағыз адам бол т.б.
Ұстаз тілегі:
- Армандарың орындалсын! Біліммен, өнермен алға самғаңдар!