?зін-?зі тану п?нінен 1-сынып?а арнал?ан Адам болу- арманым саба?ы
Пәні: Өзін-өзі тану Пән мұғалімі: Кенжебаева Шынар Түлкібайқызы
Сыныбы :1 Оқушы саны: 5 Мерзімі: 12.03.2016 сағ.10:50-11:35
Сабақтың тақырыбы Адам болу- арманым
Құндылық дұрыс әрекет ету
Қасиеттер шыдамдылық, мейірімділік, дұрыс қарым-қатынас, дұрыс сөйлеу, ақылдылық, ақниеттілік
Мақсаты оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру.
Міндеттері -адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту.
-оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту.
-жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.
Сабақтың мазмұны:
Уақыты Ресурсы Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
3 минут Үнтаспа Ұйымдастыру кезеңi. Оқушылармен амандасып «5Т» (Тәртіп, Талап, Тыныштық,Тазалық, Татулық) еске түсіру.
Шаттық шеңбері: Кел балалар ортаға, Үлкен шеңбер құрайық
Қол ұстасып бәріміз, Әрқашан дос болайық.
Алтын сәуле арайлы, Айналаға тарайды
Қуанышпен шат күліп, Қарсы алайық арайды.
Қайырлы күн,балалар! Қайырлы күн,достарым!
Достарымды көргенде, Қуанамын әрдайым
Қолымызды ұстасып, Жылулықты алайық. Мұғаліммен амандасып, 5Т
Шаттық шеңберін орындайды.
2 минут Хат қалта «Балапан арнасынан хат қалта»
Құрметті Милы орта мектебінің 1-сынып оқушылары! Аман-есенсіздерме? Мен сіздердің Балапан арнасының тұрақты көрермендері екендіктеріңізді білемін. Сондықтан сіздерден көмек сұраймын. Өздеріңіз білетін «Саяхатшы Дара» мультихикаясындағы Дара мен оның досы Боттиға көмек керек. Дара мен Ботти өзеннің екі жағасында қалып қойған. Дараның Боттиға жетуі үшін сіздер бүгінгі сабақтағы барлық тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз керек. Сіздер көмектесесіздерме? Рахмет!Саттілік! Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді Дара мен Боттиға көмектесуге келісім береді.
5 минут
Глобус «Дараны қайыққа отырғызу» Дараның бірінші жұлдызы
Әңгімелесу
Барлығымыз мына сұрақтарға жауап берейік.
— Балалар, біз кімбіз?
— Адамбыз.
— Адамды қоршаған орта қалай аталады?
— Табиғат
( глобусты көрсетемін)
— Балалар, менің қолымдағы зат қалай аталады?
— Глобус
— Дұрыс айтасыңдар. Глобус — жердің кішірейтілген дәл үлгісі. Ал осы глобустан не көріп тұрмыз? Атайық.
— күн, ай, жұлдыздар, адамдар, құстар, жануарлар, сулар, т.б— Дұрыс айтасыңдар.Осылардың ішінде адамның, біз атаған табиғат иелерінен ерекшелігі неде?( Дүниетанумен байланысты)
Салыстыру — Аң мен адамды салыстыра отырып, адамның басқа тіршілік иелерінен басты айырмашылығын атайық.
— Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, адам табиғаттың ең керемет бөлігі. Адамды адам ететін оның бойындағы жақсы қасиеттері.
Адам өмірінің басқа тіршіліктен айырмасы саналы өмір сүруімен, өз өмірін, тіпті әлемді дүр сілкіндіретін күш-қуаттың, ақылдың адам қолында болуымен ерекшеленеді.
— Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: « Адам болу – арманым » деп аталады. Бұл сабақта адам құндылығының маңызы, адамның адамгершілік қасиеттері туралы әңгімелесеміз.
Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.
Әр сұраққа жауап беріп отырған балаларға смайликтер таратып отыру.
7 минут Оқулық «Дараның екінші жұлдызшасы»
Ж.Жұмаханованың «Кім боласың?» Мәтінін оқып беремін.
Інісі: сатушы, футболшы, парктың күзетшісі, ұшқыш, әртіс, жүргізуші, қойшы Мәтінді тыңдап,менің інім кім болғысы келді?
Атасы немересіне адам бол дегенде не айтқысы келді?
3 минут Кеспе қағаздары Топпен жұмыс. «Дараның үшінші жұлдызшасы»
Оқушылар алдарыңызда берілген адамның жақсы,жаман қасиеттерін ақ және қара тізімге:
Ақ тізім Қара тізімЕңбекқор, шыншыл, әдепті, ұқыпты, қамқор, көпшіләдепсіз, өтірікші, еріншек, салақ,
мақтаншақ, тентек.
Оқушылар ақ, қара тізімге бөліп іледі.
3 минут АКТ Дәйексөз «Дараның төртінші жұлдызы»
Сен де бір кірпіш дүниеге, Кетігін тап та, бар қалан. Абай
Бәрі хормен 2 рет Дәйексөзді оқып мағынасын мұғалім көмегімен ашады.
10 минут Суретпен жұмыс «Дараның бесінші жұлдызы»
Сурет бойынша кімге қандай жақсылық жасар едіңдер? Әңгімелеп айтып беріңдер
2 минут Үнтаспа Сергіту сәті: «Жұмыр қылыш» Оқушылар сергіту сәтін орындайды
3 минут Кері байланыс «Дара мен Боттидың күні» Бүгіннен бес тапсырма
«Дәл бүгіннен бастап мен, ... » Күннің шуағын іледі Тәртіпті, таза, ақылды, оқымысты, шыншыл боламын
2 минут Үнтаспа Соңғы тыныштық сәтi.Баяу музыка қосылады. Көзімізді жұмып, еркін жайғасайық. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық, сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық. Жайлап, көзеріңізді ашуға болады.Бүгінгі керемет сабақ үшін Сіздерге көп рахмет! Оқушылар соңғы тыныштық сәтін орындайды.
Милы орта мектебінің 1-сыныбында
12 наурыз 2016 жылы
«Адам болу- арманым» тақырыбындағы ашық сабағына
а н ы қ т а м а
Құндылық: дұрыс әрекет ету
Қасиеттер: шыдамдылық, мейірімділік, ақылдылық, дүрыс сөйлеу
Мақсаты: оқушыларға адам құндылығының маңызын түсіндіру
Міндеттері:
- Адамның адамгершілік қасиеттері туралы білімдерін кеңейту;
Оқушы бойындағы жақсы қасиеттерді дамыту;
Жалпы адамзаттық құндылықтармен сусындаған азамат тәрбиелеу.
Сабақ Балапан арнасындағы «Саяхатшы Дара» мультихикасының желісімен өткізілді. Сабақтың алғашқы бөлігінде оқушылар арнадан келген хатқа жауап берсе, екінші бөлігінде Дараны қайыққа отырғызу арқылы сұрақтарға жауап беріп смайликтер арқылы бағаланды. Үшінші кезеңде мәтінмен жұмыс жасаса, төртінші сабақ бөлігінде топтық жұмыста адамның жақсы және жаман қасиеттерін «ақ тізім», «қара тізім» жинақтады. Дараның төртінші жұлдызында дәйексөзді талқылап,бесінші жұлдызда суретті бояп, сурет бойынша сабақ тақырыбына сай әңгіме құрастырды. Оқушыларға жағымды психологиялық ахуал тудыру мақсатында сергіту сәті «Жұмыр қылыш» биледі. Дара мен досын табыстыра отырып бүгінгі сабаққа «Дәл бүгіннен бастап мен,...» кері байланысын жасады. Соңғы тыныштық сәтін сәтті орындап шықты. Сабақ соңында да барлық оқушыларға сабаққа белсене қатысқаны үшін жылы лебіздер білдірілді. Сабақта глобус, хат қалта, кеспе қағаздары, мультемедиялық экран т.б.қолданылды.
Ашық сабаққа бірлестік жетекшісі Рысқалиев А, бастауыш сынып мұғалімдері Ырғызбаева А, Сқақова Г, Қалдығарина Ә, бірлестік мүшесі Мамбетова А қатысып сабаққа «өте жақсы» деген баға берді.
Пән мұғалімі: Кенжебаева Ш.Т