Мені? арманым (4 сынып)


Өзiн-өзi тану сабағы
Мектеп__________________________________ Мерзiм____________№_____
Тақырып: Менің арманым
Құндылық:
Қасиеттер: жақсылық
Мұғалiм: Сынып: 4 Оқушылар саны:_____
Сабақтың мақсаты: оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету;
Міндеттері:
арман ұғымы туралы түсінік беру;
балалардың ойын, қиялын дамыту;
жақсылыққа тәрбиелеу; Сабақ барысы:
Ұйымдастырукезеңi. Тыныштық сәтi.
Нұрға бөлену
Ыңғайланып отырыңыздар! Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: күн нұры сіздің төбеңізден өтіп кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің хауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп сәуле шашуда. Қолыңыз тек жақсы ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады, аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.
Нұр бірте бірте қарқын және шұғыланы бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен нұрмын ».
Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.
Жәймен көзіңізді ашуға болады.
Рахмет!
Ресурстар:
Үй тапсырмасын тексеру.
1.Әже әңгімесін оқып келу.
2.Қ. Мырза Әлидің «Арман мен ақыл» өлеңін мәнерлеп оқу. Сабақ барысын талқылау:
Әңгiмелеу (сұхбат).
Ә.Еділова «Бала арманы»
Арманның үлкен-кішісі болады деп ойлайсыңдар ма?
Өздеріңнің қандай армандарың бар?
Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Арманға қалай қол жеткізуге болады?
Дәйек сөз.
«Арман адамға қанат»
Халық мақалы Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
«Мен арманшыл адаммын» тақырыбына эссе жазу.
Топпен ән айту.
Ә.Есмағанбетовтың «Өмірге» өлеңін мәнерлеп оқу.
Үй тапсырмасы.
А.Естеновтің «Ардақты ата-бабалар» өлеңін жаттау.
С.Медеубекұлының «Ою хан мен Жою хан» ертегісін оқу. Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларлы мадақтау.