Мені? арманым 4 сынып


«Өзiн-өзi тану»сабағының жоспары.
Мектеп:Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Мерзімі:06 .10.2015жыл
Мұғалiм: Жунусова Гулзада Тыныштыбаевна
Сынып: 4 «а», «ә», «б»
Оқушылар саны: 20,21,24
Тақырып: 5-сабақ «Менің арманым. »
Құндылық: Ішкі тыныштық
Қасиеттер: Сыпайылық, ой тыныштығында отырып үйрену, назар салу
Сабақ мақсаты: Оқушылардың жақсы ниетпен армандай білуіне және оған қол жеткізуге ұмтылуына ықпал ету арқылы
ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- сыпайылық, арман ұғымы туралы түсінік беру;
- ой тыныштығында отырып үйрену, оқушылардың ойын,қиялын дамыту.
- назар салу, жақсылыққа тәрбиелеу. Ресурстар:
(құралдар, мәлiметтер)
Сабақ барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңi.
Оқушылармен амандасып, « Өзін –өзі тану » сабағының ережесін « 5 –Т » қайталау
( 5 т:тәртіп,  талап,  тыныштық,  тазалық, татулық)
Топқа бөлу: Смайликтер арқылы топқа бөліну
Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз, қолыңызды тізеге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын таза, әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңызды тілек-қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, тек ізгі істерді істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көзімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.Нұр бірте-бірте қарқынды және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз,олардың да жүрегі нұрға толсын.
Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз...Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.Жаймен көзіңізді ашуға болады.
2.Үй тапсырмасын тексеру
5-сабақ. 28-30 бет
1.Адамға армандау не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
2.Арманға қалай қол жеткізуге болады? 3.Дәйексөз. Арман-адамға қанат. Халық мақалы
1.Арман адамға неліктен қанат бітіреді?
«Менің арманым»
Армансыз адам – қанатсыз құспен тең. Әр әдамның жан дүниесінде тамыр жайған арманы бар. Ол арман – адаммен бірге өседі, өркендейді. Дәл солай, менің де балалық шағымның үлкен бір арманы бар, ол – журналист болу.
      Бала күндерімнен бастап, ойымдағының бәрін қаламның ұшымен ақ парақ бетіне түсірдім, көп кітап оқыдым. Теледидарда сөйлеп жатқан аға-әпкелерімнен үлгі алып, олардың сөйлеу мәнеріне ғашық болдым.  Есейе келе, бұл арман – алға қойған мақсатыма айналды. 
   Журналист – қарапайым халық пен жоғарғы билік арасындағы көпір секілді. Тек шындықты айтатын, тек шындықты жақтайтын адам ғана журналист бола алады. Ол – сөзге шешен, ұтқыр ойлы, жан дүниесі әсем, кез-келген адаммен сөз табыса алатын, қарапайым, білімді адам.
     Мен де, жоғарғы білім алып, халқыма қызмет еткім келеді. Ащы болса да, шындықты жақтайтын, шындық үшін күресе білетін, өз ісімнің маманы болғым келеді! 4.Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс
1.Арман орындалу үшін не істеу керек?
2.Арман неліктен адамдарды алға жетелейді?
3.Бақыт деген не?
5.Топпен ән айту. МЕКТЕБІМ
Сөзі: Қ. Мыңжановтікі Әні: М.Омаровтікі
Ашық-жарқын жүзді,
Ұстазың көп ізгі.Мейірімін төккенАялап мың бізді.
Қайырмасы
Әріптерді танып,Білімге еркін қанып,Қардіріңді ұқтық,Жанға ләззат алып.Сен болмасаң мектеп,Мақсатқа кім жетпек.Құшағыңда өстік,Қызғалдақтай көктеп.Әлем сырын ашқан,Шежірең жыр-дастан.Шәкіртіңбіз балғын,Бауырыңа басқан
Қайырмасы:
Мамандықты таңдап,Ұштық алыс самғап.Жатыр басқа ұрпақ,Думаныңды жалғап
Қайырмасы 6.Үй тапсырмасы.
6-сабақ . 31-33 бет. 7. Соңғы тыныштық сәтi.
-Балалар, денелеріңді түзу ұстап, бастарыңды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Бүгінгі сабақта өткен тақырыбымызды,құндылықтар мен қасиеттерді
жүректеріңізге сақтаңыздар.Сабақ аяқталды.Бүгінгі күндерің қуаныш әкелсін!