Тіршілікті? пайда болуы. 4сынып
Пәні: Дүниетану
Сабақтың тақырыбы:Тіршіліктің пайда болуы.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды Жердегі тіршіліктің пайда болу тарихымен таныстыру.
Ежелгі адамдардың басынан өткен қиындықтар туралы әңгімелеу.
ә) Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы тарихи құжаттарды пайдалана
отырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту.
б) Оқушыларды зерттеу жұмыстарына баулу.
Сабақтың көрнекілігі: тарихи дереккөз, оқулықтағы суреттер, сөзжұмбақ жазылған плакат,
«Адам»деген тірек-кесте.
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, әңгімелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру бөлімі.
Психологиялық дайындық.
ІІ.Өткенді қайталау.
Сөзжұмбақты шешу.
А Д А М 1.Жыртқыш аң.
2.Ертегіде жыланды жеңген жәндік.
3.Бал жинайтын жәндік.
4.Шағатын жәндік.
ІІІ.Жаңа сабақ
- Сөзжұмбақтың тігінен белгіленген бағаны бойынша қандай сөз шықты?
- Адам.
- Бұл – біз оқитын тараудың аты. Бүгін Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болуы туралы оқып білеміз. Біз Жердегі тіршіліктің пайда болған кезіне, яғни өткен өмірге саяхатқа шығамыз. Бұл керемет саяхат болмақ! Өткен өмірден қайтып оралғаннан соң, сендер оны қазіргі уақытпен салыстырасыңдар.
Тірек-сызба құрастырылады.
63500026162000Өткен өмір
16573507620000Тарихшы ғалымдар
Археологтар
479488511430001556385971550047053597155004705357810500
Мұрағаттар Музейлер Тарихи құжаттар Қазба жұмыстары
Оқулықпен жұмыс.
1.Мәтінді оқыту.
Оқушылар мәтінді оқи отырып, жаңа мәліметтерді, өздеріне түсініксіз сөздерді белгілеп отырады.
2. Топпен жұмыс.
Оқущылар Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралы сызбаны толтырады. Бұл жұмысты барлық топ орындайды.
Оқушылардың пікірін тыңдау.
Уақыттың барлық кезеңдері салыстырылады.
- Осы уақыт аралығында Жерде не өзгерді?
(Оқушылар табиғатта болатын өзгерістерді талдайды).
-Жердегі тіршіліктің пайда болуы туралыжаңа әрі қызықты қандай мәліметтермен таныстыңдар?
ІV.Сабақты бекіту. Қорытынды.
- Жер бетінде тіршілік қалай пайда болды?
- Адам қалай пайда болды? Оны кейпінің өзгеру себептерін айт.
- Адамның арғы аталары қандай қиындықтарды бастан кешірді?
- Адамның арғы аталары қандай қиындықтарды бастан кешірді?
V.Үйге тапсырма беру. Бағалау.
1.Түсініп оқу, әңгімелеу.
2.Тарихи еңбектерден ежелгі адамдар өмірі туралы оқып, сыныптастарыңа әңгімелеп бер.
Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Бағалау.