9 класс Тіршілікті? пайда болуы
Тақырып. Тіршіліктің пайда болуы туралы түсініктердің қалыптасу
Сабақтың мақсаты: оқушыларға тіршіліктің пайда болуы туралы түсінік беру
Оң жақ бағандағы тапсырмаларды құрастырушы мұғалімдердің есіне І кезең. Мұғалім алғашқы 5-7мин а) ұйымдастыру сәтін өткізеді; б) өткен тақырып бойынша берілген деңгейлік тапсырмларды үйде аяқтап орындап келу дәрежесі тексеріледі, в) төмендегі «Көпір» тапсырмаларын тексереді (адымен жеке тексеріпшығады, сосын фронтальды тексереді.
«Көпір (жеке жұмыс)
Тапсырмалары
өткен
тақырыптар
бойынша жаңа сабақты
меңгеруге негіз болатын қайталау тапсырмалары 1.Әр түрлі түрлер дарақтарыныарасындағы тіршілік үшін күрес Ж :Түраралық күрес.
2.Жаңа түрлер мен түршелер түзу үдерісі.
Ж.Микроэволюция
3.Өлі табиғатпен тіршілік үшін күрес түрі.
Ж.Абиоздық факторлар-өлі табиғатпен күрес..
ІІ кезең (топтық жұмыс( жаңасабақты топтық жұмыс барысында оқушылардың өз бетімен меңгеруіне жағдай жасау:а) оқушылар төмендегі «Білу», «Түсіну», «Талдау», «Жинақтау» тәсілдеріне сәйкес тапсырмаларын өздері толтырады. (10 минут) ә) жауаптарын мұғаліммен бірге талдайды (10 мин)
Нәтижесі ауызша марапатталады
1-қадам (топтық
жұмыс) теория
бойынша «Білу»
критерийінің
индикаторлары:
тақырып мазмұны
бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді? сияқты сұрақтарға жауап беретін толық ақпарат іріктелу керек) Бос орынға қажетті сөздерді жаз:
1.Биогенез теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды.
2.Абиогенезді жақтаушылар витализм теориясын ұсынды.
3.У.Гарвей жұмыртқа жұмыртқадан шығады деп жариялады.
4.Құтыны жаңа әзірленген сорпаға толтырып ,оның аузын S тәрізді жіңішке имек түтікпен жапты.
5.Аристотель бақалар мен бунақденелілер ылғалды топырақтан пайда болдады деп жазды.
2-қадам топтық жұмыс) теория бойынша «Түсіну» критерийінің индикаторлары: (неге? неліктен? себебі? не үшін? Сұрақтары оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады) Себебін анықта:
1.Неліктен Ф.Реди біраз ыдыстың аузын ашық қалдырып,басқа бөлігінің бетіне кисея жапты?
Ж:Себебі тәжірибе жүргізу үшін,ол аузы ашық ыдысқа шыбындар жұмыртқа салды деп болжам айтты.
2.Неліктен абиогенезді жақтаушылар витализм теориясын ұсынды?
Ж:Себебі бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші» немесе «тіршілік энергиясы» болады оған өлі нәрсе енсе болды дереу тірі болып шыға келеді.
3.Неліктен Спалланцали тәжірибесінің нәтижесін «тіршілік күші » құтыдағы ауа аз болғандықтан қайнаған кезде өлтірді деп түсіндірді?
Ж:Себебі:құтының аузы дәнекерленгендіктен жаңадан енуіне жол болмай кейбір құтыларда лайлану (шіру)үдерісі басталады.
4.Неліктен Л.Пастер құтының аузын жіңішке S тәрізді имек шыны түтікпен жапты?
Ж:Себебі:имек түтік бұрылыстарына бактериялар мен оның споралары шөгіп сорпаға түсе алмады да құтыдағы сорпа лайланған жоқ.
5.Неліктен шыны түтікті алған соң сорпа лайлана бастады?
Ж:Себебі:құты ашық тұрған соң оған бактериялар мен оның споралары ене бастады.
3-қадам( топтықжұмыс) теория бойынша «Талдау» критерийінің индикаторлары: 1салыстыр
2айырмашылығы неде
3. Ұқсастығы неде?
4. тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек. Немесе 1-3тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады Салыстыр:
1.У.Гарвей мен Л.Спалланцалий тәжірибесін.
Ж:У.Гарвей «жұмыртқа жұмыртқадан шығады»деп,яғни тіршілік қзінен-өзі пайда болады деп жариялады.
Л.Спалланцалий сорпаға құйылған құтыны отта қайнатып ,мұндай тазарту шараларынан соң сорпадағы ұсақ ағзалар ғана емес олардың споралары қырылып ,сөйтіп тіршіліктің ешқандай өздігінен туындауыбайқалған жоқ деді.
2.Айырмашылығы.
Аузы шыны түтікпен жабылған құтының , шыны түтікті алып тастаған кездегі айырмашылығы.
Ж:Аузы шыны тұтікпен жабық тұрғанда оған бактериялар ене алмады,сорпа бұзылған жоқ. Ал аузы ашық тұрған құтыға бактериялар еніп сорпа лайлана бастады.
3.Ұқсастығы: Ф.Реди мен Л.Пастердің тәжірибелерінің ұқсастығы.
Ж:Ф.Реди мен Л.Пастердің тәжірибесінде екеуінде де аузы жабылған құтыдағы сорпада еш өзгеріс болған жоқ,ал аузы ашық ашық құтыдағы сорпаға бактерия түсіп ол лайлана бастады.
4.Тақырыптың басты идеясы:
а)Тірі ағзалардың пайда болуы көбінесе екі жолмен , өліден жәнерух қалауымен пайда болу ретінде түсіндіріледі. б)сансыз көп болжамдарды екі қарама-қарсы болжамға біріктіруге болады: биогенез және абиогенез немесе тіршіліктің өздігінен таралу теориясы. в)Витализм теориясы бойынша «тіршілік күші», «тіршілік энергиясы» болады.
қойылады4-қадам( топтықжұмыс) теория бойынша «Жинақтау» критерийінің индикаторлары:
Қорытынды шығар, анықтама бер,
Мазмұнды жүйеле, кестені тірек сызбаны
Сөзжұмбақты толтырнемесе өзің құрастыр тағы с.с басқа түрдегі тарсырмалар оқушының жоғары дағы « тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына Тіршіліктің пайда болуы туралы
Биогенез Абиогенез тірлік атауы тіріден пайда болады тіршілік иесі өлі ағзада пайда болад ы
-А .Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып,біржасушалы ағзаларды бақылай бастады.
-Ж.Б.Ламарк «саңырауқұлақтардың өздігінен дүниеге келуі » туралы жазды.
-Д.Тиндаль Л.Пастерге ұқсас тәжірибелер жасады..Ғалымдар «алғашқы тірі ағзалар қайдан пайда болды» деген проблемаға тап болды. Л.Пастердің өзі тірі нәрсенің өзі өліден жаратылатыны мүмкіндігін жоққа шығара алмады.
Оқулықпеп жұмыс (5 минут) төмендегі «Қолдану» және оқушының тақырып мазмұнына « Баға бері» тәсілдеріне сәйкес, яғни рефлексия жасауға , эссе жазуға арналған, практика жүзінде бекіту тапсырмалары орындалады. Нәтижесі ауызша марапатталады
5-қадам( топтықжұмыс) практикада бекіту практика жүзінде
« Қолдану» критерийіне сәйкес оқулықпен жұмыс жүргізу барысында тек қарапайым тапсырмалар мен бекіту жүргізіледі. Дайын формалар арқылы есептер шығару орындалады Ой-қозғау.
Неге үйде тамақ пісіргенде сорпа тез бұзылады? Бұл қай ғалымның тәжірибесіне сәйкес келеді? Сорпаның бұзылмауы үшін не істер едің?
Ж:Бұл Л.Спалланцани мен У.Гарвей тәжірибесіне сәйкес келеді?
Үйде тамақ пісіргенде сорпа тез бұзылмауы үшін оны салқындаған соң , микробтар түспеу үшін бетін жауып салқын жерге қою керек.
6-қадам( топтықжұмыс)
«Баға беру» (сен қалай ойлайсың? Не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін
( теория бойынша) және біліктілігін (практика бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге бағытталып қойылады Сен қалай ойлайсың?
1.Неге Л.Пастердің тәжірибесінде имек шыны түтік алынған құтыдағы сорпа бұзыла бастады.
Ж:Себебі:Имек шыны түтік алынған құтыға бактериялар мен олардың споралары еніп , бірнеше сағаттан кейін сорпа лайлана бастады,бүлініп,ашыды.
ІІІ кезең (кері байланыс- бағалау кезеңі): Жеке жұмыс. Жоғарыда меңгерген мазмұнды үш деңгейдге іріктеп (әр деңгейдің білімділік, біліктілік, яғни құзыреттілік деңгейін анықтайтын тапсырмалар) оларды біртіндеп орындату арқылы балл жинату барысында оқушының құзіреттілік деңгейін анықтап, әділ бағалау жүзеге асырылады. Бұл тапсырмаларды оқушылар сабақтың соңына дейін қалған 15 минуттың 12 минутында орындайды +3 минут қорытынды жасалады
Қалған тапсырмаларды үйде аяқтап келеді. Қорынтынды балл саны дәстүрлі бағаға айналдырылып,келесі сабақтың басында сынып журналына қойылады, мониторингке тіркеледі.
І деңгей (5 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «Білу» критерийінің
индикаторлары:
тақырып мазмұны
бойынша кім? не? қандай? қалай? нені? қашан? не істеді?
сұрақтарға жауап беретін толық ақпараттар іріктеліп ІІ кезеңдегіге қарағанда керсінше қойылады Бос орындарға тиісті сөздерді жаз.
1.Биогенез –теориясы тірлік атаулылар тірі нәрседен шықты деп ұйғарды..
2.А.Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып,біржасушалы ағзаларды бақылай бастады.
3.Абиогенезді жақтаушыларвитализм теориясын ұсынды.
4.Витализм теориясы бойынша ауада «тіршілік күші» , «тіршілік энергиясы»болады.
5.Француз Ғылым академиясы 1859жылы тіршіліктің өзінен-өзі жаратылуы жөніндегі мәселеге жаңаша жауап берушілерге сыйлық тағайындады.
2-қадам( жеке жұмыс) практика жүзінде «Қолдану» критериіне сәйкес (ІІ кезеңдегі 5- қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалар орындалады Биологиялық диктант:бос орынға тиісті сөздерді қойып жаз.
Ф.Реди ыдыстарға ет салып ,біраз ыдыстардың бетін ашық қалдырды,ал ыдыстардың басқа бөлігінің бетіне кисея жапты. А.Левенгук бірінші болып микроскоп құрастырып ,ұсақ ағзалар әлемін ашақаннан соң көптеген ғалымдар біржасушалы ағзаларды бақылай бастады.
1-аралық нәтиже: Бірінші деңгейде қалыптасқан (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі (бірінші аралақ өлшем): «дұрыс» , « толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады (Ю.К.Бабанский) Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі- бес балл- «сынақтан өтті»- «қанағаттандырарлық» білім деңгейінің өлшемң- «3» журналға қойылады,егер келесі деңгейтапмырмасн меңгере алмасы
ІІ деңгей (5 балл + 4 балл-9 балл)
1-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «Түсіну» критериінің индикаторларына неге? Неліктен? Себебі? Не үшін? Сәйкес сұрақтарғ оқушының жоғарыда берген жауаптарына оларды тереңдету үшін қойылады Себебін анықта:
1.Неліктен абиогенезді жақтаушылар витализм теориясын ұсынды?
Себебі:бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші» немесе «тіршілік теориясы»болады.
2.Неліктен Л.Пастер құтының аузын имек шыны S тәрізді түтікпен жапқан сорпа бұзылған жоқ?
Себебі;имек шыны S тәрізді түтіктің бұрылыстарына бактериялар шөгіп қалады да сорпа бүлінбейді.
2-қадам (жеке жұмыс) теория бойынша «талдау» критериінің индикаторына сәйкес1салыстыр
2айырмашылығы неде
3. Ұқсастығы неде?
4. тақырыптың басты идеясын жаз деген тапсырмалар болу керек.немесе1-3 тапсырмаларды Венн диаграммасы арқылы қамтуға болады Кестедегі бос орындарға тиісті сөздерді жаз:
Витализм Абиогенез Биогенез
Айырмашылығы Бұл теория бойынша ауада «тіршілік күші»,
«тіршілік энергиясы» болады Тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуы. Тірлік атаулылар тірі нәрседен шығады
Тақырыптың басты идеясы неде?
Тірінің өліден айырмашылығы .Тіршіліктің пайда болуы туралы материалистік және идеалистік түсініктер.
3-қадам (жеке жұмыс) «Қолдану» критериіне сәйкес (ІІ кезеңдегі 5- қадам қарапайым тапсырмалар үлгісіндегі тапсырмалардың өзгертілген жағдайдағы нұсқасы орындалады Дұрыс жауаптарды белгіле:
-Тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болу теориясы :
а)биогенез б) абиогенез в) витализм
-«Жұмыртқа жұмыртқадан шығады » деп жариялаған ғалым
а)Ф.Реди б)У.Гарвей в)Ч.Дарвин
--Абиогенезді жақтаушылар қанда теория ұсынды?
а)биогенез б)абиогенез в)витализм
2- аралық нәтиже: бірінші деңгейде қалыптасқан құзіреттілік (білім, біліктілік) деңгейінің сапалық өлшемі ( аралық өлшем).- «дұрыс» , «толық» деген білім сапасының түрлерімен сипатталады. Оқушының бұл алғашқы қадам нәтижесінің сандық өлшемі – 5 балл-
ІІІ деңгей (9 балл -3 балл -12 балл)
1-қадам (жеке жұмыстеория бойынша «Жинақтау» критериінің қортынды шығаруға бағытталған индикаторлары
Қорытынды шығар, анықтама бер, мазмұнды жүйеле, кестені толтыр тірек сызбаны, сөзжұмбақты толтыр немесе өзің құрастыр тағас.с басқа түрдегі тапсырмалар оқушының жоғардағы «тақырыптың басты идеясына» жазған жауабына қойылады
ІІкезең 4- қадамда «Жинақтауға» берілген тапсырма басқа формада беріліп, баланың білім деңгейі бағаланады Сөзжұмбақ «Реди »
1.Ғалымдардың тәжірибеге алған сұйықтығы.
2.--------теориясы тірі тіршілік иесінің өлі нәрседен пайда болуы.
3. «Бигль» кемесімен саяхатқа шыққан ғалым..
4.Абиогенезді жақтаушылар осы теорияны ұсынды.
С О Р П А А Б И О Г Е Н Е З Д А Р В И Н В И Т А Л И З М
2-қадам (жеке жұмыс)
«баға беру» (Сен қалай ойлайсың?не істер едің? деген тапсырмалар оқушыға жоғарыда алған білімін (теория бойынша) және біліктілігін(практика бойынша) өмірдегі жағдаяттарды шешуге қолдана алу дәрежесі бағаланады Сен қалай ойлайсың?
Алғашқы жорғалаушылардың пайда болуына не себеп болды?
Теңіз суы құрлыққа жылжыды,сулар тартылып құрлықтар пайда бола бастады да судағы жәндіктер әр түрлі табиғи құбылыстарға байланысты құрлыққа шыға бастады.Сөйтіп жорғалаушылар пайда бола бастады.