Windows бас?ару элементтері. Ж?мыс столы. Маус типті манипулятор. Windows о?улы?ы
Тақырыбы: Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.
Сабақ мақсаты: а) Windows ортасының ерекшеліктерімен, жұмыс столымен, обьектілер мен басқару элементтерімен таныстыру.
Б) Есептер тақтасын, бас менюді жұмыста қолдануға үйрету. Маус манипуляторын меңгерту.
В) Компьютерді сауатты қолдануға, ұқыпты пайдалануға тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі:ПлакаттарСабақ түрі: Дәстүрлі
Сабақ әдісі: Көрсете-түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақ типі:Жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақ барысы:Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын тексеруЖаңа сабақ түсіндіру
Жаңа сабақты бекітуге тапсырмалар беру
Үйге тапсырмаСабақты қорытындылау
Сәләматсыңдар ма?
Үй тапсырмасы Компьютердің сыртқы жады. Ақпарат тасуыштар. Иілгіш және компакт-дискілер. Дискжетек. CD-ROM.Сұрақтар:
Компьютер жады не үшін қажет?
Ішкі жад қалай жіктеледі?
Сыртқы жад не үшін керек?
Қандай магнитті дискілерді білесің?
Иілгіш дискінің құрылысы мен арналуы қандай?
Қатқыл дискінің құрылысы мен арналуы қандай?
Жолшық дегеніміз не?
Цилиндр дегеніміз не?
Сектор дегеніміз не?
Дискжетек қандай құрылғы?
Лазерлік дискіден оқу үшін қандай диискжетек қолданылады?
Жаңа сабақ: Windows басқару элементтері. Жұмыс столы. Маус типті манипулятор. Windows оқулығы. Есептер тақтасының элементтері мен арналуы. Пуск батырмасының функциялары.
Windows типті ОЖ-сін оқып үйренуді бастаймыз.
Алдымен ОЖ-нің негізгі міндеттерін еске түсірелік.
Барлық құрылғылардың жұмысын басқару
Барлық программаларды іске қосу.
Адам мен компьютер арасындағы қарым қатынасты ұйымдастыру.
Компьютермен жұмыс істеу – оның ОЖ-мен жұмыс істеу болып табылады.
Алдымен ОЖ-мен жұмыс бастау үшін компьютерді іске қосу керек.
Компьютерді іске қосу үшін:
Іске қосу батырмасын басамыз. Компьютердің құрылғыларының жұмысқа қабілеттіліг тексеріліп, алғашқы жүктеу процесі өтеді. ОЖ-ге белгілі бір қолданушы атымен кіреміз. Енді осыдан кейін ғана компьютер жұмыс жасауға дайын болады.
Компьютермен жұмысты аяқтау үшін:
Жұмыс жасап тұрған барлық программаларды жабамыз. Пуск-Выключить компьютер командасын орындаймыз. Компьютер автоматты түрде сөнеді.
Ескерту: компьютерді сөнгеннен соң қайта қосу үшін немесе керісінше жағдайда кем дегенде 1 минут уақыт өтуі тиіс.
Windows типті ОЖ – графикалық жүйе, болып табылатындықтан, оның негізгі обьектілері терезе мен белгіше түрінде бейнеленеді.
Мұнда обьектілер негізінен маус арқылы басқарылады. Маус көмегімен обьектілерді жылжытуға, көшіруге, қосуға, созуға, ашуға, жабуға .т.с.с. әрекеттерді жасауға болады.
Бұл әрекетреді жасау үшін маусты басқаруды үйрену керек. Маустың сол жақ батырмасы негізгі, оң жағы қосымша батырма.
Windows-тың обьектілері.
Windows-тың обьектілері орналасқан экран – жұмыс столы деп аталады. Яғни жұмыс столында обьектілер мен басқару элементтері орналасады.
Windows-та обьекті болып қапшықтар, файлдар, терезелер, таңбашалар, белгішелер, маус нұсқағышы есептеледі. Әр обьектінің өз қасиеттері болады. Мысалы файл обьектісінің қасиеттеріне оның атауы, типі, өлшемі, құрылған мерзімі жатады.
Обьектілер жұмыс столында әртүрлі белгішелер түрінде бейнеленеді.
Белгішенің бір түрі ол таңбашалар (ярлык). Белгіше өзі обьект болып саналады. Ал таңбаша белгішемен қатынасу үшін қолданылады.
Бірқатар обьектілер белгілі бір белгілері бойынша біріктіріліп, қапшық түсінігі пайдаланылады. Яғни қапшық дегеніміз – бұл обьектілер қоймасы.
Қапшық ішінде файл, белгіше, таңбаша, сонымен бірге басқа қапшық та орналаса алады. Қапшықтар ашық немесе жабық болады. Ашық қапшық терезе түрінде жабық қапшық белгіше түрінде көрінеді.
Windows-тың басқару элементтері.
Олар: Пуск батырмасы, Бас меню, меню жолдары, бағыныңқы меню және командалар жатады.
Команда бұл берілген команданың белгішесінде маусты шерткенде жүретін әрекет.
Команда ұзын немесе қысқа болады.
Қысқа команда деп программа белгісінде шерткенде орындалатын әрекетті айтамыз.
Ұзын команда деп белгілі бір нәтижеге әкелетін нұсқауды айтамыз. Мысалы: Пуск-ПРограммы-Стандартные-БлокнотМауспен жұмыс.
Маус обьектілер мен басқару элементтерін іске келтіру үшін қолданылады.
БатырмаӘрекет Әрекет нәтижесі
Сол жақ батырмаОбьект бойынша шертуОбьектіні белгілейді, яғни қолдануға дайындайды.
Басқару элементін шертуБасқару элементін әрекетке келтіредіЕкі рет шертуОбьектілермен операциялар жүргізеді: бағдарлама іске қосылады; қапшық, файл ашылады; дыбыс және бейне файлдар ойналады.
Апару немесе тасуҚолданбадағы белгішелер, терезелер, таңбашалар, есеп тақтасы, құралдар тақтасы.
Созу Терезенің өлшемін, диагональ, тік және көлбеу бағыттарда өзгертеді.
Оң жақ батырмаОбьектіні немесе басқару элементін шертуДинамикалық (контекстік) менюді шақырады.
Апару немесе тасуЖылжыту, көшіру, таңбашалар жасау командалары бар динамикалық контекстік менюді шақырады.
Есептер тақтасы.
Экранның төменгі жағындағы Пуск батырмасы орналасқан сұр жолақ – Есептер тақтасы деп аталады. Есептер тақтасы негізгі элемент, себебі оның құрамына:
Пуск батырмасыАшық қолданбалардың белгішелеріҚосымша ақпараттар
Пернетақта индикаторы кіреді.
Пуск батырмасы бас менюді іске қосады.
Бекіту сұрақтары:
Компьютерді іске қалай қосамыз?
Компьютермен жұмысты қалай аяқтаймыз?
Windows ОЖ-нің негізгі обьектілері не?
Обьектілерге нелер жатады?
Жұмыс столы деп нені айтады?
Windows-тың басқару элементтеріне не жатады?
Маус арқылы обьектілермен қандай әрекетер жасауға болады?
Команда дегеніміз не?
Қысқа командаға, ұзын командаға мысал келтір.
Есептер тақтасы деп нені айтады?
Уақыт қалса компьютерлік сауаттылық ЭО-мен өткен тақырыптар бойынша материалдар қарап, жұмыстанады.
Үйге тапсырма тақырыпты оқып келуСабақ аяқталды
Сау болыңыздар