Жаратылыстану ?сімдіктерге ?алай к?тім жасау керек?
Сабақ тақырыбы: Өсімдіктерге қалай күтім жасау керек? Мектеп: №34 ЖББОМ
Күні : 03.10.2016 Мұғалімнің аты-жөні:Куккузова А
СЫНЫП: 1-сынып Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаты: Барлық оқушылар: бөлме және мәдени өсімдіктерді күту тәсіл дерін сипаттау;
Оқушылардың басым бөлігі: қоршаған әлемнің құбылыстарына бақылау жүргізу.
Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.
Ресурстар: пульверизатор (сепкіш, бүріккіш);
сусепкіш;
қопсытуға арналған таяқшалар;
бөлме өсімдіктері.
Күтілетін нәтижелер: Оқушылар өсімдікке қалай күтім жасау керек тігін білетін болады. Бұл үшін олар өсімдіктерге күтім жасаудың әртүрлі әдістерімен, соған ар налған арнайы құралдармен танысады.
Оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін үйренеді.
Сабақтың мақсаты: 1.2.1.4 өсімдіктердің тіршілігіне қажетті жағдайларды зерттеу;
1.2.1.5 мәдени өсімдіктерге күтім жасаудың тәсілдерін сипаттау
Сабаққа байланысты деректі материалдар Сабаққа қатысты ескертпелер
Мәдени өсімдіктер өздеріне көп күтімді қажет етеді. Жақсы өнім алу үшін адам өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдай жасайды. Мысалы, топыраққа күтім жасау, суару, арамшөптермен және зиянкестермен күрес жүргізу.
Топыраққа күтім жасау — оның құнарлылығын арттыру мақсатында жасалатын шаралар кешені. Жерді ұзақ уақыт бойы пайдалану — топырақтың тозуына әкеледі. Сондықтан топыраққа жиі тыңайт қыштар себу қажет.
Топырақты қопсыту өсімдіктің тамыр жүйе сіне ауаның жақсы баруына мүмкіндік береді. Өсімдіктерді қажет мөлшерде суару қажет. Арам шөптерін жұлу керек. Арамшөптер мәдени өсім діктердің қалыпты өсуіне кедергі жасайды, себебі олар өсімдіктерге қажетті ылғал мен қоректік зат тарға ортақтасады. Кіріспе тапсырма. Оқушыларға “Бағбанның қимылы” пантомимасын жасау. Олар топпен бағбанның қимылдарын ойлап тауып, сосын
неге олар осы қимылды көрсеткенін және әр қимыл дың нені білдіретінін түсіндірді
Құрал-саймандармен таныс бол. Оқушылар дың назарын оқулықтағы құрал-саймандардың суретіне аудару. Олардан суреттердегі құрал-саймандарды анықтап, осы құрал-саймандармен қалай жұмыс істеу керектігін айтқызыңыз және сол қимылдарды жасап көрсетулері.
Күтім жасау. Мынадай сұрақтарды қою: “Өсімдік өсіп тұрған топыраққа да күтім жасау керек пе? Әлде өсімдікке ғана ма? Неге? Өсімдіктің қай бөлігі топырақта орналасқан? Тамыр топырақтан не сіңіреді?” Оқушылардың назарын суреттерге және берілген жазуларға аударыңыз. Бала не істеп жүр? Егер өсімдікті суармаса, оған не болады? (Солып қалады.) Тыңайтқыштар не үшін керек? (Уақыт өте келе, топырақтағы қоректік заттар жойылады, сон дықтан оған тыңайтқыштар қосып отыру қажет.) Топырақты неге қопсыту керек? (Тамырға ауа жақсы жетеді.)
Зерттейік. Бұл тапсырманы оқушылар жұппен жұмыс істейтіндей етіп ұйымдастырыңыз, ал егер сыныптағы бөлме өсімдіктері жеткілікті болса, оқушылар жеке жұмыс істейді.
Әр топқа сусепкіш, пульверизатор, шүберектер және таяқша беріңіз. Төмендегі нұсқауларды бас шылыққа алуз.
Өсімдіктің ерекшеліктерін ескере отырып, оны сұару.
Сосын топырақты таяқшамен қопсыту.
Жапырақтардың шаңын сүртіп, су бүркіп, шаңын сүрту.
Осы іс-әрекеттерді өсімдікке зиян тигізбей істеу керектігін егжей-тегжейлі түсіндіру.
Тапсырманы орындау алдында сұрақ қойыңыз: “Егер өсімдікті дұрыс суарып, топырағын қопсытса, не болады?” Ойларын тыңдаңыз. Мүмкін кейбір оқушылар: Өсімдік басқаша көрінетін болады”, — дейтін болар. Мысалы, гүлдейді. Зерттеуді жасап болған соң: “Олардың болжамдары дәл келді ме?” — деп сұрау. Оқушылар кейбір болжамдар орындалмады деген қорытынды жасауы мүмкін. “Болжамдар нәтижемен сай келу үшін не істеу ке-рек?” — деп сұрау. (Өсімдікке ұзақ уақыт бойы күтім жасау керек.) Нәтижелер тезірек көріну үшін тағы не істеуге болатынын сұрау. (Тыңайтқыштар себу, басқа орынға ауыстыру.) Осылайша, оқушылар зерттеулер мен тәжірибелердің нәтижелері алға қойған болжамдармен сай келмеуі мүмкін екенін және зерттеу әдісін жетілдіру керектігін түсінеді.
Осы жұмыстың нәтижесінде оқушылар бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керектігін түсінеді.
Пәнаралық байланыс
Қосымша тапсырмалар
Математика. “Тексер” тапсырмасын орындау барысында ұзындық өлшем бірліктерін пайдаланады.
Зерттейік
Бөлме өсімдіктеріне қалай күтім жасау керек?
Бағалау
Оқушылар өсімдіктерге күтім жасауға қолда нылатын құралдардың атауларын біледі.
Бау-бақша құрал-саймандары
Оқушылар құралдарды атауы тиіс. Бұл үшін олар сөздердегі әріптердің орындарын сөз шығатындай етіп ауыстырулары керек. Міндетті түрде әр құрал дың не үшін керектігін сұраңыз. Оқушылардың берген жауаптарын толықтыру үшін құралдарды қолдануды сұраңыз. Бұл оқушылардың тақырыпты қаншалықты түсінгендерін байқау үшін керек.
Жауабы
Күрек, тырма, қайшы, сусепкіш.
Қорытынды бағамдау
Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау.
2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу.
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?
1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу.
2: Рефлексия.
Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?