Урок по музыку на тему «Хал?ы арда?та?ан екі алып – Жамбыл мен Дина» 4 класс


Сыныбы: 5Сабақтың тақырыбы: «Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина»Сабақтың мақсаты: Топтық жұмыс негізінде образдарды талдата отырып, әр образдың сипаттамасын ашқызу арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.Сабақтың міндеттері:Білімділік: Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Динаның өмірбаяны жайлы әңгімелеу, эстетикалыққызығушылықтарын арттыру, сөздік қорларын молайту, дүниетанымын кеңейту.Дамытушылық: Күй тыңдату арқылы оқушылардың есте сақтау, қиялдау, ойлау қабілеттерін дамыту.Тәрбиелік: Өнер адамын құрметтеуге тәрбиелеу.Сабақтың түрі: Жаңа сабақСабақтың әдісі: психологиялық тренинг, ой қозғау, қызығушылығын ояту, сергіту, музыка тыңдау, «Кім жылдам» дидактикалық ойыныКөрнекілігі: Күйшінің портреті, интерактивті тақта, домбыраТехнология: дамыта оқытуСабақ барысы:ҰйымдастыруПсихологиялық тренинг.
Армысың шапағатты күніміз,Армысың мейірімді жеріміз.Жүрегіміз саз әуенді қалаған,Асыл өнер жанашыры біздерміз!Жаңа сабақДина Нұрпейісова «Бұлбұл» күйін - тыңдатуДина Нұрпейісова «Бұлбұл» – нота сауаттылығыҚызығушылығын ояту. (Сұрақтар арқылы мәлімет алу.)- Күйші деген кім?- Кімнің суретін көріп тұрсыңдар?- Неге «Күй анасы» деп атаймыз?- Дина Нүрпейісова атындағы оркестр қай қалада?- Қандай күйлерін білесіңдер?- Жамбыл Жабаев кім? Қандай өлеңдерін білесіңдер?
Топтастыру:
Дина: Ана, Ардақты әже, Күй анасы.Жамбыл: Ақын, АйтыскерБүгінгі өтетін тақырыбымыз
«Халқы ардақтаған екі алып – Жамбыл мен Дина» деп аталады.Интерактивті тақтамен жұмыс:Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.) қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «... Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті. Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. 1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.
Дина Нүрпейісова (1861 - 1955 жж.) Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде - ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 - жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83 - жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С. Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т. б.
V.Сергіту сәті.
Даңғыраны ұр қатты,Дәл қайтала ырғақты.Дүрсілдетіп даланы,Поезд кетіп барады,Ду - ду - дуТыңдату. (Дәптермен жұмыс) Балалар енді Дина Нүрпейісова әжеміздің «Бұлбұл» күйінің тарихымен тыңдайық.- Бұл күйдің тақырыбы не жайында?- Құрманғазы күйлерінен ерекшелігі неде?- Қандай аспаппен орындалып тұр?- Екпіні қандай?Бекіту. Ойын: «Кім жылдам?»Шарты: Тақтада жазылып тұрған жылдарға үстел үстінен дұрыс жауаптарды тауып, жанына тез орналастыру.Дина Нүрпейісованың өмір сүрген жылдары? 1861 - 1953 (1861 - 1955) Алматыға тұңғыш қай жылы келді? 1833ж (1937ж)Қай жылы Орта Азия өнерпаздарының сайысына қатынасты? 1948ж (1944ж) Дина жайлы С. Бақбергенов қай жылы роман жазды? 1960ж (1963ж)Жамбыл Жабаевтың өмір сүрген жылдары 1844 - 1940 (1846 - 1945жж.)Үйге тапсырма. Тақырыпты оқып келу, Жамбыл мен Дина жайында қосымша мәлімет жинауҚорытынды.Бағалау

Жамбыл Жабаев (1846 - 1945жж.) қазіргі Жамбыл облысында, шу өзенінің бойындағы Жамбыл тауының етегінде 1846 жылы ақпан айында туған. Әкесі Жапа кедей шаруа болған. Жамбыл жоқшылық тұрмыста өседі. Ес білген соң әкесі оны ауыл молдасына оқуға береді. Ол кездегі оқудың үйрететіні – көбіне діни насихат, ұрып - соғу, дүрелеу болатын. Бірақ молданың мұндай қорлығына шыдай алмай, Жамбыл оқуды тастап кетеді. Жаратылысынан пысық, зерек бала оқып білім алмаса да, жастайынан ән мен өлеңге құмар болады, ақындық өнерді сүйеді, ауызекі естіген өлеңдерін жаттап алып жүреді. Сүйінбай Аронұлы жас ақынның талантын көріп: «... Балам, өз өлеңіңді шығар, бірақ оның жұрт жаттап алатын, ешкім ұмытпайтын елең болсын, сенің өлеңің жеке адамдардың көңілін көтеріп, солардың сүйініп отыратын өлеңі болмасын, бүкіл халық сүйіп тыңдайтын өлең болсын. Көмекейің емес, жүрегің сөйлейтін болсын. Шындықты айт, әділдікті жырла, көне, тозығы жеткен жолға түспе, жаңа жол, тың жолға, даңғыл жолға түс, төңірегіңде не болып жатыр, соны аңғар, соны біл», - депті. Қазақтың ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілерінен көп үйренген Жамбыл өзінің өлең шығару шеберлігін де, айтыстағы шеберлігін де арттыра түседі. Жамбыл айтыста Сарбас, Досмағамбет, Құлмамбет сияқты бірсыпыра ақындарды жеңген. Айтыс ақыны болып жүріп мысқылшыл уытты өлеңдерді табанда айтып тастауға машықтанады және жырларында өз заманындағы ақындардың көбінен озық екенін танытады. 1946 жылы Жамбылдың туғанына жүз жыл толуын республикамыз үлкен мереке етіп өткізді. Жамбыл шығармаларының академиялық жинағы басылды. Кейінгі жылдарда ақын еңбектері бірнеше рет орыс тілінде басылып шықты. Ғалымдар Жамбыл поэзиясының ерекшеліктерін зерттеп, ғылыми еңбектер жазды. Жамбыл үйі мұражайға айналдырылды. Байтақ Отанымыз бен шетелден келген қонақтар осы мұражайға келіп, ақынның өмірімен танысады, шығармаларын оқиды.
Дина Нүрпейісова (1861 - 1955 жж.) Дина Нүрпейіс келіні Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданына қарасты, Бекетай құмы деген жерде дүниеге келген. Ол тоғыз жасының өзінде - ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Баламйсан сияқты күйшілердің күйлерін нақышына келтіре орындап «Домбырашы қыз» атанған. Әйгілі Құрманғазы Динаны өзі іздеп келіп, батасын берген. Дина тоғыз жасынан, он тоғыз жасына дейін қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Сол Дина 90 - жасында Құрманғазы ның күйін шабыттана тартып, дүйім жұртты таң қалдырады. 1937 жылы 75 жасында Дина Алматыға тұңғыш келіп, құдіретті өнерімен бүкіл республикаға ден қойғызады. Ол осы сапарында халық өнерпаздарының Бүкіл Қазақстандық байқауында бірінші орынға ие болады. 1944 жылы 83 - жасында Орта Азия Республикаларының қатысқан жарысында да жеңімпаз атанады. Динаның шығармашылығы жайлы С. Бақбергенов «Қайран шешем» (1963ж) атты роман жазды. Дина қазақтың күйшілік өнеріне өшпес із қалдырған біртуар дарын. Егер оның күйшілік бастау алған тегін іздеу керек болса Дәулеткерей мен Құрманғазыға қарай бұру керек. Екі ұлы күйшіден сусындаған Динаның өзіндік өрнегін тапқан күйші. Дәулеткерей мен Құрманғазының өршіл рухы Динаның қос қанатындай болған. Динаның күйлері: «Ана бұйрығы», «Әсем қоңыр», «Байжұма», «Бозшолақ», «Бұлбұл», «Домалатпай», «Жеңіс», «Жігер», «Кербез», «Қосалқа», «Тойбастар», «Шынар» т. б.
Сабақтың тақырыбы: Оркестр
Сабақтың мақсаты:Білімділігі: Оркестр туралы мағлұмат беру, оркестр түрлерімен таныстыруДамытушылығы: Оқушылардың ой - қабілетін, шығармашылығын, есте сақтау қабілетін дамытуТәрбиелігі: Балалардың қазақтың аспаптық өнеріне деген қызығушылығын дамытуКөрнекілік: Күй жазылған дискі, сөзжұмбақ, кесте, тірек сызбаСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.
а) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеуӘ) психологиялық дайындық:«Тілек шамы» оқушылар шамды ұсыну арқылы бір біріне жақсы тілек тілейдіІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Кубизм» әдісі1. Аспаптық музыка дегеніміз не?(Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма)2. Аспаптық музыканың неше түрі бар?(жеке аспаптық, ансамбльдік және оркестрлік)3. Халық музыкасының аспаптық түріне нені жатқызуға болады?(Күй)4. Аспаптық музыканың ең күрделі түрлерін ата?(Симфония, соната)5. Симфониялық музыканы қандай аспаптар орындайды?(үлкен аспаптар тобынан құралған оркестр орындайды)6. Аспаптық музыканың түрлерін ата?(концерттік, аспаптық ансамбльдер жатады)7. Соната дегеніміз не?(фортепиано, скрипка сияқты белгілі бір аспапқа арналған, бірнеше бөлімнен тұратын музыкалық шығарма)ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту сұрақтары:1. Аспаптық музыка дегеніміз не?(Арнайы музыкалық аспаптарда орындау үшін жазылған шығарма)2. Аспаптық музыканың ең күрделі түрі? (Симфония, соната)ІІІ. Жаңа сабақ: «Сөзжұмбақ»Ш а ң қ о б ы зШ е р т е рІ ш е кЖ е т і г е нс ы б ы з ғ ыА с а т а я қД о м б ы р а1. Тілшесін саусақпен шалып тарту арқылы ойналатын музыкалық аспап.2. Үш ішекті шертіп ойнайтын аспап.3. Ішкеті аспаптардың негізгі бөлігі.4. Көп ішектен тұратын музыкалық аспап.5. Қурайдан жасалатын аспап.6. Сілкіп ойналатын аспап7. Халқымыздың көне шежіресі атанған музыкалық аспап.«Оркестр» мәтіні оқылып, талданадыОркестр - музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы және оны басқаратын дирижер болады.Музыкалық шығармалардың түріне қарай симфониялық оркестр, ішекті аспаптар оркестрі, үрлемелі аспаптар оркестрі, эстрада оркестрі, камералық оркестр, халық аспаптар оркестрі болады. Музыкалық аспаптардың құрамына (ішекті, ыспалы, үрмелі, ұрмалы) және олардың дыбыс бояуының байлығына байланысты симфониялық оркестр басқа оркестрге қарағанда күрделірек келеді.Қазақстанда алғашында үрмелі аспаптар оркестрі ғана болды. Ал 1943 жылы Алматы қаласында Ахмет Қуанұлы Жұбановтың жетекшілігімен халық аспаптар оркестрі құрылды.Халық аспаптар оркестрінің басқа оркестрлерден айырмашылығы бар. Оркестрдің басым бөлігі тек халық аспаптарынан ғана құралады:домбыра - прима, қобыз, қылқобыз, шаңқобыз, қоңырау, жетіген, сазсырнай, үскірік, шыңдауыл, дабыл, даңғыра, шертер және т. бҚазір республикамызда халық аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, Қазақ теледидары мен радиосының эстрадалық камералық оркестрі, «Отырар сазы» фольклорлық - этнографиялық оркестрі, Құрманғазы атындағы мемлекеттік халық аспаптар оркестрі, Қазақ академиялық опера және балет театрының симфониялық оркестрі, Қазақ академиялық драма театрының оркестрі, т. б жұмыс істейді. Сондай - ақ елімізде көптеген көркемөнерпаздар оркестрі бар.Оркестрлеу - музыкалық шығарманы оркестрге лайықтап жасау (аспаптау)Симфониялық оркестр - классикалық көлемді музыкалықшығармаларды ішекті, үрмелі, ұрмалы, т. б аспаптарда орындайтын ұжымХалық аспаптар оркестрі - халық музыкасы мен классикалық шығармаларды орындайтын халық аспаптарынан құралған ұжымҮрмелі оркестр - тек үрмелі музыкалық аспаптардан құралған ұжым. Үрмелі оркестр музыкасы көбіне салтанатты шараларда, мерекелерде орындалады. Үрмелі оркестр құрамына - труба, тромбон, бас, саксафон, флейта және тағы басқа аспаптар боладыІҮ. Сергіту сәті: А. Жұбанов «Ақ көгершін»Оқулықпен жұмысОқулықтағы сурет бойынша әңгіме ұйымдастыру1. Қандай оркестр бейнеленген?2. Музыканттар қандай музыкалық аспаптарда ойнап отыр?3. Оркестрді кім басқарып тұр?Музыка тыңдау:Құрманғазының «Адай»күйі. Күйші адай руының атын жалпылама алып, еркіндік сүйген елін, халқының ерлігіне арналған.1. Күй қандай екпінде орындалды? (жылдам)2. Қандай аспаптың үні басым естіледі? (домбыра)3. Күй шығарған композитор кім? (Құрманғазы)4. Күйді қандай оркестр орындады? (Халық аспаптар оркестрі)Дәптермен жұмыс:Оқулықта берілген кестені толтыру барысында, оқушылар оркестр құрамына кіретін музыкалық аспаптарды есіңе түсір.
Оркестр түрлері---------------------Оркестр құрамындағы аспаптарХалық аспаптар оркестрі - (Домбыра - прима, қобыз, сырнай, жетіген, қылқобыз)Симфониялық оркестр - (Ішекті, үрмелі, ұрмалы)Үрмелі оркестр - (Труба, тромбон, бас, саксафон, флейта)Мағынасын ашу«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»Шығармашылық жұмыс: Оркестр құрамына кіретін, өзі ұнататын музыкалық аспаптардың суретін салу. Ол музыкалық аспап қандай оркестрдің құрамына кіреді?ҚОРЫТЫНДЫ: Бекіту сұрақтары:1. Оркестр дегеніміз не?(Музыкалық шығарманы әртүрлі аспаптарда қосылып орындайтын музыканттар ұжымы)2. Оркестрдің қандай түрлері бар?Оркестр түрлері: Симфониялық - Үрлемелі аспаптар Камералық - Эстрада оркестрі Халық аспаптар - Ішекті аспаптарҮй тапсырма: Оркестр тақырыбын мазмұндауБағалау. Өзін - өзі бағалау (парақша таратылады)