?дебиеттік о?у Халы? кегіні? к?йшісі


Мерзімі 9.12.16 2016-2017 оқу жылы
Сабақтың атауы Халық кегінің күйшісі
Сілтеме Алматыкітап. /Әдебиеттік оқу/98-101бет
Жалпы мақсаты Мәтіндегі негізгі ойды ашу. Мәтінді рөлге бөліп, сауатты оқыту. Мәтіннің авторы туралы мағлұмат беру. Құрманғазы Сағырбайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы айту. Әдеби-тарихи кесте жасау.
Оқыту нәтижесі Автор туралы қысқаша түсінік алады. Құрманғазы Сағырбайұлының өмірінен алынған үзіндімен танысады.
Негізгі идеялары Оқушылар топпен жұмыс істеуге, берілген тапсырмаларды түсініп орындауға, рөлге бөліп оқуға, рөлді сомдауға, өз жұмысына баға бере білуге үйрету. Шығармашылықпен, ізденіспен жұмыс жүргізуге дағдыланады.
Тапсырмалар Мұғалім тарапынан берілетін тапсырмалар Оқушыдан күтілетін іс-әрекет, нәтиже
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды ұйымдастыру. Топтарға бөлу(1,2,3,4). Сабақтың өткізілу жолын түсіндіру Оқушылар топпен қалай жұмыс атқаруға болатынын өз ойларымен айтады.
Бағалау критерийлері Топтық жұмыс жұлдызшалармен бағаланады.
Әр бөлімге толық қатысқан оқушыларға жұлдызша беріледі.
І. Қызығушылығын ояту.
1,2,3-топтарға сабақтың тақырыбын ашатын ребустар беріледі. Тақырыпты анықтайды. Топтық жұмыс.
Тақырып: «Халық кегінің күйшісі»
ІІ. Мағынаны тану.
Слайдтар
1.Сөздік алынады(30 секундта жаттап, 30 секундта жазу)
2.Сөздердің мағынасын түсіндіру. Толық жазып үлгерген оқушыларға жұлдызша беріледі.
3.Мәтінмен жұмыс.
4. Мәтін авторымен таныстыру.
5. Құрманғазы туралы қосымша мағлұмат беру.
6. Топтық жұмыстар беріледі. (Балбырауын күйі орындалады)
Топтық жұмыстарды қорғаған соң, тыңдалған күйді анықтату. Сөздік: 1.Беріш
2.Сылти басып
3.Қызылқұрт
4.Жалын
5.Өжет
6.Томар
7.Торсық
3.Мәтінді жекелей оқып шығады.
4,5. Автор мен кейіпкер туралы мағлұмат алады.
6. 1-топ: Нақышына келтіріп рөлге бөліп оқиды.
2-топ: Қ.Сағырбайұлы туралы кластер жасайды.
3-топ: Кейіпкерлердің кездесуін сомдау.
Қорғау, күйдің авторын анықтау.
Сергіту сәтін өткізу
ІІІ. Ой-толғаныс.
Әр топ викториналық сұрақтар дайындайды. Келесі топтар қойған викториналық сұрақтарға жауап береді. Дәлелдейді.
Кері байланыс жасау Өтілген сабақтың нәтижесі туралы сұрақтар қойылады. Оқушылар қойылған сұрақтар бойынша өз ойларымен бөліседі.
Оқушыларды бағалау Бағалау критерийлері бойынша оқушылар өздерін-өзі, әр топтың жұмысын бағалайды
Үйге тапсырма беру Мәтінді оқу
Шығу парағын толтыру Оқушылар сабақтан алған әсерлері мен көңіл-күйлерін смайлик арқылы көрсетеді.