Та?ырыбы: Халы? кегіні? к?йшісі ?дебиеттік о?у п?ні


Күні: 05.12.2014ж Пәні: әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Халық кегінің күйшісі. Әбу Сәрсенбаев.Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларға артына өсиет мұра қалдырған Құрманғазы туралы, мәтін авторы Әбу Сәрсенбаев туралы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқуға машықтандыру.Дамытушылық: олардың өмірін, халқына жасаған еңбегін үлгі ете отырып, ой - өрісін тіл байлығын, сөздік қорын, сауатты оқуын дамыту.
Тәрбиелік: халық күйшілері, ақындарының өмірін біле отырып, құрметтеуге, ұрпақтан - ұрпаққа жалғастыруға тәрбиелеу.Сабақтың типі: араласСабақтың түрі: топпен жұмысСабақтың әдістері: Джиксо, бес жолды өлең, топтастыру.Сабақтың көрнекілігі: күйшілер, Әбу Сәрсенбаев, Махамбет Өтемісұлы портреттеріСабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды 3 топқа бөлу, топ жетекшілерін сайлау.ІІ.Үй жұмысын сұрау.1 - топ. С. Бердіқұлов зерттеу.2 - топ. Мәтін мазмұнын айту.3 - топ. Ғ. Қосанов туралы айту.- С. Бердіқұлов, Ғ. Қосанов жайлы толығырақ мәліметтер біліп келу.- Мәтін түсінігін айту.- Олай болса, біз әр тапсырманы әр топтан сұраймын.- Ғ. Қосанов кім екен?спортпен шұғылданған атын әлемге әйгілі еткен спортшы екен.- Тағы қандай мамандық түрлерін білесіңдер?Шахтер, күйші, жазушы, спортшы, дәрігер, мұғалім, әншіБіз мамандық түрлерін атадық. Сонымен күйші деген кім?- Қандай күйшілерді білеміз?- Құрманғазы, Дина, Асылбек Еңсепов, Сәкен Тұрсынбеков т. б.Олай, болса бүгін күйші Құрманғазы Сағырбайұлы туралы өтеміз.«Халық кегінің күйшісі» Әбу Сәрсенбаевтің мәтінімен танысамыз.
ІІІ.Мағынаны тану.
Сәрсенбаев Әбу (Әбуғали) (1905 – 1995) – қазақ ақыны, жазушысы.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D1%82%D1%8B%D1%80%D0%B0%D1%83_%D0%BE%D0%B1%D0%BB%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Атырау облысы" Атырау облысы, Құрманғазы ауданында, Ботахан, қазiргi Мақаш ауылында дүниеге келген. Қазақстанның халық жазушысы.1.Оқулықпен жұмыс.Мәтінді «Джигсо» әдісімен оқып шығымыз.1 - топ. Қой баққан бала2 - топ. Махамбет пен Құрманғазының кездесуі3 - топ. Махамбетпен қоштасуы
- Махамбет Өтемісұлы кім? Оқушылардан сұрау.Мәтін түсінігін сұрап, бөлімге ат қоюы.- Мәтін бойынша әр топқа тапсырма беру.1 - топ. Әңгімедегі табиғатты суреттеген жерді тауып оқы.2 - топ. Махамбет пен Құрманғазының кездескен жерін тауып оқы.3 - топ. Махамбет пен Құрманғазы мен қоштасуын тауып оқы. Құрманғазы Сағырбайұлы - Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Кедей отбасында дүниеге келген. Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері. Ұстазы Ұзақ күйші. Құрманғазы күйлерін 30 - жылдардағы ұлт - азаттық көтеріліске арнаған. ʺТүрмеден қашқанʺ, ʺАдайʺ, ʺКішкентайʺ, ʺАқсақ киікʺ. т. б2.Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмысын жүргізу.Сылти басып -ақсаңдапҚабырғаң әлі қатпаған, томағаң әлі толмаған - әлі жассың
Құрманғазының күйлерін жазу.
IV.Бекіту.- Мәтіндегі баланың ағаш тамырынан жасағаны не?- Құрманғазы кіммен кездесті?-Құрманғазы Махамбетке қандай өтініш айтты?-Махамбет Құрманғазыға не деп жауап берді?-Құрманғазы домбыраны не үшін жасамақшы болды?-Бала неге батырмен кетіп қалғысы келді?V.Сабақты қорытындылау.1 - топ. Құрманғазы туралы бес жолды өлең топтастыру2 - топ. Әбу Сәрсенбаевқа бес жолды өлең құрастыр.3 - топ. Махамбетке бес жолды өлең.Мәтіндегі негізгі ойды анықта.VI.Бағалау. Текшелер арқылы бағалау.VII.Үйге тапсырма. Мәтінді мазмұндау. Құрманғазы туралы мәлімет жинау.