Саба? жоспары К?йлек сызбасын ??райтын ?лшемдер


Сабақтың тақырыбы: Көйлек сызбасын құрайтын өлшемдер.Тор құрылымының сызбасын жасау.
Сабақтың мақсаты: а) Өлшем алу тәсілдерін және есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын  жасауды  үйрету, оқушының теориялық білімдерін жетілдіру, техникалық  мәлімет беру;ә) ойлау қабілетін дамыту,  пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық жұмыстарды орындатуда дағды қалыптастыру;б)  оқушыларды әсемдікке, іскерлікке,  ұқыптылыққа, эстетикалық талғаммен сәнді киінуге тәрбиелеу,
Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың әдісі: зерттеу жұмысы, сарамандық жұмыс,әңгімелесу
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар,  см. таспа, интерактивті тақта.
 Сабақтың   барысы:             
І. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқушы назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Сән туралы түсінік.
(оқушыларды шығармашылыққ а баулу)
а) «Сән», «Силуэт», «Стиль» дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа сабақ.
1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;
 2. Өлшем алуды таблица бойынша түсіндіру;
3. Оқушылар кесте бойынша өлшем алумен жұмыс жасау;
4. Өлшем алу арқылы тор сызбасының құрылымын жасау жолдарын түсіндіру;
5. Тор құрылымынң сызбасын есептеу формуласы арқылы жасауды үйрену;
Ү. Сабақты бекіту. «Кім жылдам»ойыны.
 Өлшем алудың шартты белгілерін жазу.
ҮІ. Сабақты қорытындылау. «Адасқан сөздер» орнын табу.
ҮІІ.Үйге тапсырма беру. Өз өлшемдері бойынша тор сызбасын  жасау.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.
 Сабақтың барысы.         
І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды түгендеп, назарын сабаққа аудару.
ІҮ. Жаңа сабақ.
 1. Жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
- Оқушылар, өздерің жаңа көргендей кереметтей сән үлгісіндегі киімдерді тігу үшін ең алдымен біз өлшем алу тәсілдерін білуіміз керек. Олай болса, бүгінгі біздің тақырыбымыз: Көйлек сызбасын құрайтын өлшемдер.Тор құрылымының сызбасын жасау.
Сабақтың мақсаты: көйлек сызбасын жасау үшін өлшем алу тәсілдерін және оны есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын  жасауды  үйрену.
2. Өлшем алуды таблица бойынша түсіндіру. – Көйлек иықты бұйымдарға жатады. Көйлек  Х  ғасырда Римде пайда болған.  «Көйлек» - латын сөзі, оны  аударғанда  «кию»      деген мағына береді. Оқушылар, енді көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер алуды үйренеміз. Қазір алдарыңа өлшем алу кестесін таратамын. Көйлек сызбасының негізін құрайтын өлшемдер мыналар:
Көйлек сызбасын жасау үшін өлшемдер
№ Шартты белгілерӨлшем атыӨлшеу тәсілдері1 МойЖоМойынның жартылай орамыМойын тұғыры бойынша жетінші мойын омыртқасы және алдыңғы күретамыр ойдымы арқылы2 КЖо I Кеуденің жартылай орамы(бірінші) Артқы жағынан- жауырын бойынша көлденеңінен қолтық ойдымы бұрыштары деңгейінде, алдыңғы жағынан- кеуде безінен жоғары3 КЖо II Кеуденің жартылай орамы (екінші) Артқы жақтан КЖо I сияқты, алдыңғы жақтан- кеуде бездерінің шығыңқы нүктелері арқылы4 БЖоБелдің жартылай орамыБел сызығындағы резеңке бойынша көлденеңінен5 МЖоМықын жарты орамыКөлденеңінен мықынның шығыңқы нүктелері деңгейінде алдыңғы жағынан (іштің шығыңқылығын ескеріп)
6 КбжКеуде биіктігінің жартысыҚолтық ойдымы кеуде безінің үстімен алдыңғы бұрыштар аралығы7 Кб Кеуде биіктігіМойын тұғырынан иық ылдиының ортаңғы сызығынан кеуденің жоғарғы нүктесіне дейін8 АБұАлдыңғы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейінМойын тұғырынан кеуденің жоғарғы нүктесі арқылы бел сызығына дейін9 АрБұАртқы бойдың ұзындығы, бел сызығына дейінАртқы бойдағы мойын тұғырынан бел сызығына дейін10 ИҚбИықтың қиғаш биіктігіИық сүйегінен артқы бойдағы белсызығының ортасына дейін11 АбЕжАртқы бой енінің жартысыҚолтық ойдымдарының артқы бұрыштары арасындағы жауырындар бойынша12 ИұИық ұзындығыМойын тұғырынан иық ортасымен иық сүйегіне дейін13 БұБұйым ұзындығыМойын тұғыры жанындағы жобаланған иық тігісінен бұйымның қажетті ұзындығына дейін -          Осы кесте бойынша өлшем алып үйренеміз. ( оқушылар жұмыс істейді) -         Оқушылар, адамға көйлек тігу үшін адамдар тұлғасының өлшемі керек екенін білдіңдер. Тұлғалар өлшемі үш топқа бөлінеді:
Тұлғалар өлшемі              
ОрамдарыМойын, , білек, кеуде, бел, мықын2.ҰзындықтарыБелге, қолға. Бұйым ұзындығы.
3.ЕндеріАртқы бой кеуде алдыңғы бой кеуде, және иық
   Сендер өлшем алып болдыңыздар, енді киімді конструкциялаймыз. Жалпы киімді  конструкциялау дегеніміз не?  Киімді конструкциялау процесі мына құрылымдардан тұрады:
Киімді конструкциялау процесіСуреттерҚосымшаларЕсептеу формулаларыСызбалар Көйлек сызбасы үш бөліктен тұрады
Артқы бөлігі
Ойма
Алдыңғы бөлігі
Көйлек сызбасы бірнеше кезеңнен тұрады.
1.Тор кестесін салу
2. Артқы бөлікті
3. Алдыңғы бөлікті сызу
4. Бүйір сызығын салу
5. Жеңді сызу
  Көйлектің бөлшектерін орналастыру үшін бізге  тор құрылымының сызбасы керек. Ол үшін алдымен көйлектің қандай бөлшектерден тұратынын білу керек.  Көйлектің негізгі бөлшектерін  кім атайды?
Негізгі бөлшектерАлдыңғы бой
ЖағаларЖеңдерАртқы бой
-         Тор құрылымына қандай бөлшектер орналасады екен?
-         Оқушылар,  ірі бөлшектерге қай бөлшектер жатады?
Көйлектің ірі бөлшектері сызбасы: алдыңғы бой мен артқы бой сызбасы
Осы бөлшектерді біз тор құрылымына орналастыруымыз керек. Енді біз есептеу формуласы арқылы тор құрылымының сызбасын жасауды үйренеміз.  Ол үшін  есептеу формуласының кестесін қолданамыз.
Есептеу формуласын қолдану  арқылы тор құрылымының сызбасын жасаудың үлгісі
1 2 3 4 5
№ БелгілеуҚиындылар мен нүктелер атыЕсептеу формуласыЦифрлық есеп, см
1 Ж Ж нүктесінде тік бұрыш жасауТор жасау 
2 ЖЖ1Бұйым еніКЖоІІ+Кк44+5=49
3 ЖЖ2Артқы бой еніАбЕж+Қабеж17,0+1,5=18,5
4 Ж1 Ж3 Алдыңғы бой еніКбж+(КЖоІІ-КЖоІ)+Кбж16+(44-42)+1,0=19
5 Ж2 Ж3 Ойық еніЖЖ2-(ЖЖ2+Ж1 Ж3) 49-(18,5+19)=11,5
6 ЖК Ойық тереңдігі0,5 АрБұ+ҚАрБұ0,5*40+1,5=21,5
7 ЖБ Бұйым ұзындығы бел сызығына дейінАрБұ+ҚАрБұ41+1=42
8 БМ Мықын сызығы0,5* АрБұ-2 0,5*41-2=18,5
9 ЖЕ Бұйым ұзындығаБұ+ҚАрБұ94+0,5=94,5
10 К, Б, М, Е нүктелерінен горизонталь сызықтарын Ж1 нүктесінен түсірілген түзу сызықтармен қиылысқанға диін жүргізу. Қиылысқан жерлеріне К1, Б1, М1, Е1 нүктелерін белгілеу. Ж2 және Ж3 нүктелерінен төмен қарай КК1 сызығына дейін тік сызықтар жүргізу, қиылысу нүктелерін К2 К3 әріптерімен белгілеу.
-Оқушылар, осы кесте арқылы біз тақтаға тор құрылымының сызбасын сызып көрейік.
Көйлектің тор құрылымы кестесіҮ. Сабақты бекіту. «Кім жылдам» ойыны. (өлшем алудың 13  шартты белгілерін дәптерлеріне 2 минут уақытта жаздыру) ҮІ. Сабақты қорытындылау. «Адасқан сөздер» ойыны.
Орны алмасқан сөздердің орнын табу
492767112609326513112609ЖЖ1алдыңғы бой ені
492768148631421515148631ЖЖ2ойық еніЖ1 Ж3 артқы бой еніЖ2 Ж3 бұйым ені326513126068326514126068ЖК мықын сызығы326513114003ЖБ ойық тереңдігі32893013017500БМ бұйым ұзындығыЖЕ бел сызығына дейінгі ұзындықҮІІ. Үйге тапсырма беру.  1. Өз өлшемдері бойынша  1:4 масштабпен тор сызбасының құрылымын жасап келу.
ҮІІІ. Оқушыларды бағалау.