Конспект урока Отан отбасынан басталады 8 класс
Ашық сабақ жоспары
Пәні: Қазақ тілі Күні: Сыныбы: 8 «а» (орыс тілді мектеп үшін)
Сабақтың
тақырыбы Отан отбасынан басталады
Сілтеме Қазақ тілі. Орыс тілінде білім беретін мектептің 8- сыныбына арналған оқулық/ С.Дюсебаев, Г.Байтлеуова, А.Қошқари, Г.Боранбаева/
Мақсаты
Мақсаты:
отбасы, туыстық тақырыптарына қатысты сөздерді қайталау, бекіту. Тіл үйренушілердің осы сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру.
Дамытушылық: тілді үйрену белсенділігін арттыруға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағдай жасау, логикалық ойлау жүйесінің, есте сақтау қабілетінің дамуына күнделікті өмірде қажетіне байланысты қолдана білуге жол ашу.
Тәрбиелік: туыстық қарым-қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет-ғұрыптарды білгізуге жағдай жасау, отаншыл болуға тәрбиелеу
Күтілетін
нәтижелер
Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, оқушылар бір-бірінен үлгі алады, нені қалай оқу керектігіне өзіндік тиімділігі артады, диалогтік қарым-қатынаста тыңдау және сөйлеу әдебіне көңіл аударады, дарынды оқушыны үлгі етеді, көркем әдеби тілде сөйлеуге, меңгеруге құмарлығы артады, сыни көзқарасын білдіру арқылы сөз байлығы молаяды, өз бетінше ізденіп, жоба қорғауға үйренеді,
Сабақтың түрі аралас
Пәнаралық байланыс Музыка, Қазақстан тарихы
Қолданылатын әдістер Сын тұрғысынан ойлау стратегияларын қолданамын: қызығушылығын ояту, мағынаны ашу, « Жоба қорғау технологиясы», ойтолғаныс, АКТ, жас ерекшеліктеріне сай оқыту, Білім беру үшін және оқуды бағалау тәсілдері бойынша жиынтық бағалау, көшбасшы.
Керекті жабдықтар
Оқулық, интербелсенді тақта, семантикалық карта, кеспеқағаздар, ватман, стикер, маркер т.б.
Сабақтың барысы:
Сабақ
Кезеңд дері еріУақыт
Мұғалім әрекетіОқушы әрекеті
Кіріспе1 мин
3 мин Ұйымдастыру: Топқа бөлуСыныптың оқушыларын 1-4 санау арқылы топқа бөлу. Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу. 1-слайд
Психологиялық ахуал туғызу 2-слайд
Мұғалім оқушыларға бір-біріне тілек айтқызады:
Кәне, достар, тұрайық.
Шеңберімізді құрайық.
Жақсы-жақсы тілектер
Бір-бірімізге сыйлайық!
2.Үй тапсырмасын тексеру. 3-слайд,
4,5-слайдтар
Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, семантикалық картамен жұмыс. Жауап парағы арқылы көршіңді тексер.
Қосымша №1.Семантикалық карта.
3. өткен тақырып пен жаңа сабақты сабақтастыру 6-слайд оқушылар «отбасы мүшелері», «ұлттар», «тілдер» атаулары бойынша топтасып, өз үстелдерінің басына жиналады.
Оқушылар қол ұстасып, бір-біріне жақсы тілектер білдіреді: «Бүгін мен саған сәттілік тілеймін, бес ал, жақсы жауап бер».
Оқушылар жұппен бір-бірін жауап парағы арқылы тексеріп, бағалайды.
Критерийлер:
«5»- 0 қате
«4» - 1 қате
«3»- 2-3 қате
Тұсаукесер2 мин «Сыни тұрғыдан ойлау» арқылы жұмыс жүргізеді. Отан отбасынан басталады. Ал, отбасы неден басталады? 7-слайд
4. Сабақтың тақырыбымен таныстыру; мақсатын айту 8,9,10-слайдтар
Оқушылар өз ойларын айтады
Негізгі бөлім
Білу
5 минут Мәтінмен жұмыс:
1.«Отан» сөзіне ассоциация құру
2. Сөздік жұмысы
Осы сөздердің мағыналарын түсіндіру, аудару.
2. Дұрыс айтуға дағдыландыру:
- мұғалім сөздерді мәнерлеп оқиды;
- оқушылар мұғалімнен кейін сөздерді дауыстап оқиды;
- тізбекпен оқиды.
3. Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрау.
бір ұғым, өсиет айту, оның қорғаны
4. Сөйлемдер құрастыру. 11-слайд
Балалар сұрақтар құрастырып, бір-біріне қояды,
Жаңа сөздерді сөздік дәптерге жазу.
Түсіну
5 мин
Мақсаты: Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау.
Тыңдалым: Мәтінді өзім бір оқып беремін, оқушылар ілесіп оқып отырады.ә) Оқылым: «Даналық ағашы» ойыны арқылы жүргізіледі. Оқушылар мәтінді жылдам әрі мұқият оқып шығулары керек. Сонан соң әрқайсысы мәтін бойынша сұрақтар құрап, қағазға жазады. Жүргізушінің не мұғалімнің қолындағы сандықшаға құраған сұрақтарын салады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығуы керек. б) Айтылым: Сонан соң сандықшадан сұрақ жазылған қағаздарды бір- бірден алып, қойылған сұраққа толық жауап берулері керек, сосын бір оқушы толық мәтінді мазмұндап береді. 13-слайд
Оқушылар топ болып тапсырманы орындайды, ойын еркін жеткізеді, тақырыпты түсінеді.
Бір оқушы мәтінді мазмұндап береді
Қолдану
5 мин
Құрмалас сөйлемнің ережесін еске түсіру;
Салалас құрмалас сөйлемнің түрлері қандай?
Жазылым:
а) Тақтамен жұмыс: 36-бет,
4-тапсырманы орындау, берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлем құрастыру
ә) Дәптермен жұмыс: 36-бет, 3-тапсырма орындалады. Отан туралы мақалдарды теріп жазу.
14,15,16-слайдтар
Оқушылар оқулықтағы тапсырмаларды орындайды.
1.1-топ: 1,2-сөйлем
топ: 3,4-сөйлем
топ: 5-сөйлем
2. Отан туралы мақалдарды теріп жазу.
Оқушылар жауап кілті арқылы топтағы көршілестерін тексеріп, критерийлер арқылы бағалайды.
Егер қатесіз болса, «5»;
1 қате – «4»
2 -3 қате «3» қойылады.
Сергіту сәті
2 мин
«Қара жорға» биі17-слайд Оқушыларға денелерін жаттықтыру мақсатында, жалығып кетпес үшін сергіту сәтін жасату.
Оқушылар орындарынан тұрып билейді
Талдау
5 мин Мақсаты:
Оқушының қиялдау дағдыларын жетілдіру.
«Ойтолғаныс» кезеңі
Топтық шығармашылық жұмыс
А. Берілген тақырыптарға жоба құрастырып, оны қорғау
Ә. «Бес жолды» өлең құрастыру.Б. 1-топ: «Отансыз адам- тамырсыз ағаш»
2-топ: «Отбасы-Отанымыздың ошағы»
3-топ: «Тәрбие басы-тіл»
18,19,20-+слайдтар
Берліген тақырыптарға жоба жасайды, сол тақырыпқа 3 мақал жазады
Оқушылар кластер топпен құрастырады, ортаға шығып қорғайды Синквейн құрастырады.
1.Зат есім
2.Сын есім
3.Етістік
4.Фраза
5.Зат есімге синоним
Жинақтау
8 мин Мақсаты:
Оқушылардың салыстыру және ажырата алуын қадағалау
Тест сұрақтарына жауап беру Берілген тест сұрақтарына жауап береді
Рефлексия 6 мин 2. Бүгінгі сабақ несімен ерекшеленді?
Не білдім? Не ұнады? Сабақтан алған әсерім
. Стикерге өз ойларын жазып, плакатқа іледі.
Үйге тапсырма 1мин
37-бет, «Отан – сенің ата-анаң»өлеңін жаттау;
36-бет, 5-тапсырма; көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, сөйлемдерді толықтыру.
Оқушылар күнделіктеріне жазып алады.
Бағалау 2 мин Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды. Оқушылар бағалау критерийлер арқылы топтағы көршілестерін бағалайды.
Бағалау парағы:
Оқушылардың
аты жөні Үй тапсырмасы
(Білу) Түсіну Қолдану Талдау Жинақтау Мұғалімнің қорытынды бағасы
Эмир Эльвина Аскер Женя Алимжан Имин Злата Вика Настя Кербез Умида Альвида Томирис Валерия Арина Белсенділігі: «5» - 5 ұпай, «4» - 4 ұпай,« 3» - 3 ұпай
1.Жаңа тақырыпқа шығу -1 ұпай
2.Мәтінмен жұмыс жасау -1ұпай
3. ассоциациялық қатар -1ұпай
4. жоба қорғау-1 ұпай
5. « даналық ағашы» ойынына қатысу-1 ұпай
бағалауБағалау парағы
Сембааантикалық карта
БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ:
Оқушының аты-жөні Үй тапсырмасы «Даналық ағашы» жоба /проект/ синквейн Тест Қорытынды баға