Санды ж?не ?ріпті ?рнектер


Бекітемін:
Сынып: 1а Күні:
Математика 1 класс
Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сілтеме Жоспар
Жалпы мақсаты Санды және әріпті өрнектерді ажырата білуге үйрету, есептер шығаруға баулу, жұптасып, топтасып жұмыс жасауға үйрету
Күтілетін нәтиже Санды және әріпті өрнектерді ажыратады, есептер шығаруға төселеді, өзара бірлесіп жұмыс жасай алады
Негізі идея Санды және әріпті өрнектерді ажырату
Тапсырмалар Ішкі-сыртқы шеңбер (топтық жұмыс)
Тапсырмалар «Ыстық орындық» әдісі
Тапсырмалар Ойшылдар ойыны
Тапсырмалар «Сиқырлы қалам» әдісі
Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
Ұйымдастыру кезеңі
Сынып оқушыларының сабаққа қатысуын тексеру. Класс оқушыларына жағымды ахуал туғызу, назарын сабаққа аудару (2 мин)
Топ ережесін құру
Топтың тәртібін сақтау
Досыңның (өзгенің) пікірін тыңдау
Көмектесу
Уақытты үнемдеу
«Ыстық орындық» әдісі
1 кезеңде 3 топқа бөлініп аламыз. (ішкі – сыртқы шеңбер)
Топта үй тапсырмасын сұраймыз, санның құрамын еске түсіреміз, талдау жүргіземіз.
№1. 6+410-7Бұлар – санды өрнектер.
№2. а + 4 4 – аБұлар әріпті өрнектер
Сергіту сәті (қимылмен)
Орнымыздан тұрамыз,
Қолды белге қоямыз.
Бұрыламыз оңға бір,
Бұрыламыз солға бір.
1,2,3,4
Жоғары қолды созамыз.
Топтастыру әдісі. «Сиқырлы қалам» ойыны (теңдіктер, теңсіздіктер)
Оқулықтағы тапсырма.
Алдымен әріпті өрнектерді, содан соң санды өрнектерді ата.4 - а2 - 23 + 79 - 47 - а9 - 6а - 48 - а5 - 4а + 4
№4 Оқы. Салыстыр. Есептерді шығар Саяжайда 6 алма ағашы өсіп тұр еді. Тағы 2 алма ағашы отырғызылды.Саяжайда 6 алма ағашы өсіп тұр еді. Тағы 2 алма ағашы отырғызылды. Алма ағашы нешеу болды?Мәтінді есепке айналдырып, оны шығар.
Кел, ойнайық!9-62+34+25+53+19-010 3 5 4 39
Рефлексия. Бүгін сабақта мен не үйрендім?
Маған қызық болғаны...
Маған қиын болғаны...
Өзінді бағала (зымыран, автобус, тасбақа)
Үй тапсырмасы: Санды өрнек, әріпті өрнектерге мысал келтіру.
Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы №202 орта мектеп

Сабақтың тақырыбы: Санды және әріпті өрнектер
Сынып: 1 А
Пәні: Математика
Пән мұғалімі: Жапбасбаева А.
2014 жыл