План-конспект по физике на тему Жары?ты? сыну ??былысы. Жары?ты? сыну за?ы. (8 класс)
10. 05. 2013ж Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сыну құбылысы. Жарықтың сыну заңы.
Сілтеме: Бастама -жауап -кейінгі әрекет Мерсер (1995ж), нұсқаулық 41 бет,
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту Мерсер (2000ж) және Александер (2004ж) нұсқаулық 40 бет.
Оқып үйренудің жалпы мақсаттары Жарықтың сыну құбылысымен таныстыру, есептер шығару кезінде сыну заңының заңдылықтарын пайдалану, логикалық ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқып үйренудің негізгі мақсаты -сыни тұрғыдан ойлауды меңгерту;
-оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді үйрету;
-сабақта АКТ-ны пайдалануға үйрету;
-өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру.
Оқып үйренудің
нәтижелері
- жарықтың сыну құбылысын түсінеді, өмірмен байланыстыра алады;
- жарықтың сыну заңдылықтарды жатқа айтып, есептер шығаруда пайдаланады.
-сыни тұрғыдан ойлайды;
-оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді үйренеді;
-сабақта АКТ-ны пайдаланады;
-өзін-өзін бағалайды, өзара бағалайды.
Тапсырмалар 1- тапсырма. Ой қозғау. Барлық топ мүшелеріне ортақ тапсырма.
А)Алдарыңызда стакандағы суға шыны түтікті салыңыздар, нені байқадыңыздар?
Сонымен жаңа сабақтың мақсаты қандай?
Ә) Алдаңыздағы бос ыдысқа тиынды салыңыздар, суретте көрсетілгендей қылып ыдысқа қараңыздар, ыдыс түбіндегі тиын көрінді ме? Енді ыдысқа су құйыңыздар, тиын көрінді ме?
Неліктен?
Топпен талқылаңыздар. Топтан бір оқушы осы құбылысты түсіндіреді.
Күтілетін жауап:
2 -тапсырма. Берілген есепті шығарып, топта талқылап, тақтаға топтан бір оқушы шығып есептің шығару жолдарымен таныстырады.
1 –топ
Шынының бетіне 45 градус бұрышпен түскен сәуле өзінің бастапқы бағытынан қандай бағытқа ауытқиды (шынының сыну көрсеткіші 1,6 -ға тең).
2- топ
Сәуле күнбағыс майының бетіне 60 градус бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 36 градус. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар (ауаның сыну көрсеткішін 1 деп алыңдар).
3- топ
Вакуумдағы жарық жылдамдығығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп табыңдар(алмастың сыну көрсеткіші 2,42 -ге тең).
Қабілетті балаларға арналған тапсырма.
Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар?
(Этил спиртінің сыну көрсеткіші 1,62 -ге, ал күкіртті көміртегінің сыну көрсеткіші 1,36 -ға тең)
3 -тапсырма. Постермен жұмыс(барлық топ мүшелеріне).
Бағалау критерилері: 5-ұпайлық бағалау шкаласы Критерийлер бойынша ұпайлар
5 18-20
4 14-17
3 11-13
2 0-10
Критерий А -теориялық білімі;
Критерий В -логика;
Критерий С-коммуникация;
Критерий D -эксперимент жүргізуі.
Келесі қадамға тапсырма 29- жаттығудың №4, 5 210 бет.Бирунидің “Жарықтың сынуы туралы” еңбектерін интернет беттерінен оқып ессе жазып келу.
10. 05. 2013ж Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Жарықтың сыну құбылысы. Жарықтың сыну заңы.
Сілтеме: Бастама -жауап -кейінгі әрекет Мерсер (1995ж), нұсқаулық 41 бет,
Сыныптағы диалогтік әңгімені дамыту Мерсер (2000ж) және Александер (2004ж) нұсқаулық 40 бет.
Оқып үйренудің жалпы мақсаттары Жарықтың сыну құбылысымен таныстыру, есептер шығару кезінде сыну заңының заңдылықтарын пайдалану, логикалық ой-өрісін дамыту, ұқыптылыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Оқып үйренудің негізгі мақсаты -сыни тұрғыдан ойлауды меңгерту;
-оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді үйрету;
-сабақта АКТ-ны пайдалануға үйрету;
-өзін-өзін бағалауға немесе өзара бағалауға ынталандыру.
Оқып үйренудің
нәтижелері
- жарықтың сыну құбылысын түсінеді, өмірмен байланыстыра алады;
- жарықтың сыну заңдылықтарды жатқа айтып, есептер шығаруда пайдаланады.
-сыни тұрғыдан ойлайды;
-оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдерді үйренеді;
-сабақта АКТ-ны пайдаланады;
-өзін-өзін бағалайды, өзара бағалайды.
Тапсырмалар 1- тапсырма. Ой қозғау. Барлық топ мүшелеріне ортақ тапсырма.
А)Алдарыңызда стакандағы суға шыны түтікті салыңыздар, нені байқадыңыздар?
Сонымен жаңа сабақтың мақсаты қандай?
Ә) Алдаңыздағы бос ыдысқа тиынды салыңыздар, суретте көрсетілгендей қылып ыдысқа қараңыздар, ыдыс түбіндегі тиын көрінді ме? Енді ыдысқа су құйыңыздар, тиын көрінді ме?
Неліктен?
Топпен талқылаңыздар. Топтан бір оқушы осы құбылысты түсіндіреді.
2 -тапсырма. Берілген есепті шығарып, топта талқылап, тақтаға топтан бір оқушы шығып есептің шығару жолдарымен таныстырады.
1 –топ.Шынының бетіне 45 градус бұрышпен түскен сәуле өзінің бастапқы бағытынан қандай бағытқа ауытқиды (шынының сыну көрсеткіші 1,6 -ға тең).
2- топ. Сәуле күнбағыс майының бетіне 60 градус бұрыш жасап түседі, ал сыну бұрышы 36 градус. Майдың сыну көрсеткішін табыңдар (ауаның сыну көрсеткішін 1 деп алыңдар).
3- топ. Вакуумдағы жарық жылдамдығығын біле отырып, алмастағы жарық жылдамдығын есептеп табыңдар(алмастың сыну көрсеткіші 2,42 -ге тең).
Қабілетті балаларға арналған тапсырма.
Этил спиртіндегі, күкіртті көміртегіндегі жарық жылдамдықтарын салыстырыңдар?
(Этил спиртінің сыну көрсеткіші 1,62 -ге, ал күкіртті көміртегінің сыну көрсеткіші 1,36 -ға тең
3 -тапсырма. Постермен жұмыс(барлық топ мүшелеріне).
Бағалау критерилері: Критерий А -теориялық білімі; Критерий В -логика;
Критерий С-коммуникация; Критерий D -эксперимент жүргізуі.
Келесі қадамға тапсырма 29- жаттығудың №4, 5 210 бет.Бирунидің “Жарықтың сынуы туралы” еңбектерін интернет беттерінен оқып ессе жазып келу.