Компьютерлік графика. Компьютерлік графика т?рлері
Күні: __23.01.2017ж.__________ Сыныбы:___7 «А», «Ә»______________
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды компьютерлік графика ұғымыментаныстыра отырып, графиканың түрлері,редакторлары туралы білімдерін қалыптастыру;
Тәрбиелік: Оқушыларды жан-жақты болуға, техникалық құрылғыларды пайдалану барысында жүйелілікке тәрбиелеу;
Дамытушылық: Оқушылардың компьютерлік графикамен жұмыс істеу үйрету арқылы теориялық білімін, ой-өрісін, шапшаң ойлау қабілетін дамыту;
Сабақтың түрі: жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, жұмыс дәптерлері, компьютер.
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңдері Мұғалімнің іс - әрекеттері Оқушылардың іс - әрекеттері
І. Ұйымдастыру кезеңі
Амандасу. Оқушыларды түгендеу. Зейіндерін сабаққа аудару. Орындарынан тұрып, амандасу, сабаққа зейіндерін аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ жауап:
Модель дегеніміз не?
Модельдеу деп нені айтады?
Модельді қандай топтарға бөлуге болады?
Оқу модельдеріне мысал келтіріңдер.
Материалдық модельге мысал келтіріндер?
Вербальдік модель дегеніміз не?
Таңбалық модель дегеніміз не?
Арнайы модельдерге не жатады?
Статистикалық модель дегеніміз не?
Геометриялық модель дегеніміз не? Жауаптары:
Модель – нақты объектіні зерттеу үшін, натуралды экспериментті жасау мүмкіндігі болмай, әрі қымбат, ұзақ, қауыпті болған жағдайда, сол объектіні ауыстыру тәсілі.
Модельдеу– объектілерді, процестерді немесе құбылыстарды зерттеу мақсатында олардың моделін құру.
1) Қолданылу аймағы;
2) Модельде уақыт факторын ескерту.
3) Білім саласына қарай топтау.
4) Модельді көрсету тәсіліне қарай топтау.
Өз мысалдарын келтіреді
Балалар ойыншықтары
Ойша немесе әңгіме түрінде жасалған ақпараттық модель
Арнайы таңбалармен, яғни кез келген жасанды тіл құралдарымен көрсетілген ақпараттық модельді айтады
Ноталар, химиялық формулалар
Объект жөнінде алынған ақпараттың белгілі біл уақыт бөлігіндегі үзіндісі
Графикалық пішіндер мен көлемді конструкциялар.
ІII. Жаңа тақырыпты түсіндіру
Компьютерлік графика - программалық және аппараттық кұралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Компъютерлік графика - күрделі ақпараттық технологияның бірі. Онсыз әрбір веб-парақшаны, компьютер ойынын жасау, кітаптарды немесе басқа қағаз басылымын шығару мүмкін емес.
Компьютерлік графика модельдеудің нәтижелерін көрнекі түрде ұсынуға мүмкіндік береді және кескін, сұлбалар, сызбалар жасау өндірісінде пайдаланылады. Кескінді компьютерде өңдеудің басты артықшылығы - оның түзетуін шексіз жасау мүмкіндігі.
Тарау материалдарын оқу кезінде сендер түпнұсқа кескінді және қолданыста бар кескіндердің өңдеуін арнайы программалар - графикалық редакторлар арқылы жасайсыңдар.
Компьютерлік графика түрлері Барлық компьютерлік кескіндерді екі үлкен класқа бөлуге болады: екіөлшемді (2D, 2Dimensions-ден - 2 өлшеу) және үшөлшемді (3D, от 3Dimensions-ден - 3 өлшеу).
Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық кескіндердің пиксельдерден тұратынын білесіңдер. Paint-те жасалған кескіндер, фотосуреттер – растрлық кескіндеудің мысалы болып табылады. Растрлық графика редакторлары тек қана сурет салуға арналмаған. Олардың көмегімен коллаждарды, фото- монтажды, суреттерді қалпына келтіруді және т.б. функцияларды орындауға болады.
Векторлық кескіндер сызықтар кесінділерден, доғалардан, әртүрлі пішіндерден тұрады. Демек, программа бір-бірінен тәуелсіз редакцияланатын, өзгеретін, орналастырылатын нысандармен жұмыс істейді.
Векторлық графиканың кұндылығы - файлдардың шағын көлемде болуы. Век- торлық кескіндердің растр кескіндерінен айырмашылығы - векторлық кескінді масштабтау кезінде сапасы өзгермейді, жоғары қалпын сақтайды (40- сурет).
3370580-363220 Өнімдерді көркемдеуде векторлың графика қолданылады (кітаптардың, баннерлердің, афишалардың, плакаттардың суреттемелері және т.б.).
MS Office қосымшаларын пайдаланып, өз композицияларың мен фигуралардан векторлық кескіндер құрған болатынсыңдар.
Фрактал әртүрлі масштабы бар сәйкес пішіндер жиынтығынаи құрылады. Фракталдың кескіндер математикалық теңдеулерден құрылады. Теңдеулердің коэффициенттерін өзгертіп, тірі және өлі табиғаттың нысандарын бейнелейтін (41-сурет) әртүрлі кескіндер алуға болады.
Фрактал графикасын пайдаланып, Жұмыс үстеліне арналған өрнектер мен фондар, веб-сайттардың текстуралары, компьютерлік ойындардың таңғажайып ландшафтары жасалады. Табиғаттағы фрактал мысалына қар қылауын, ағаштар және ағаш жапырақтарын, адамның қан жүру жүйесін жатқызуға болады. 42-суретте оның компьютерлік моделі берілген.
41-сурет. Бір суреттен шығарылған әртүрлі фракталдар
42-сурет. Фрактал кескіннің мысалыТүйін
Компьютерлік графика - программалық және аппараттық құралдар арқылы кескінді құруға болатын, өңдеу тәсілдері мен әдістерін зерттейтін информатиканың саласы.
Жасалу принципіне қарай кескіннің үш түрі бар: растрлық, векторлық және фракталдық.
Растрлық графиканың бас элементі - нүкте, векторлық графиканікі - сызық немесе қисық, фракталдікі - математикалық теңдеу.
IV. Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Оқулықтағы тәжірибелік жұмысты ДК-де орындайды.
Компьютердегі тәжірибелік жұмыс
Графикалық Paint редакторын, MS PowerPoint және фрактал генераторын қолданып, сурет салыңдар (43-сурет).
Әр программада сурет аумағын өзгертіп, шығарылған кескіндердің сапасын салыстырыңдар.
2014220-693420MS Word мәтіндік редакторын қолданып, «Компьютерлік графика түрлерін салыстыру» кестесін құрып толтырыңдар:
Растрлық Векторлық Фракталдық
Басты элемент нүкте (пиксель) математикалық
формула
Қолданылуы тірі және өлі табиғат ны- сандарын модельдеу
Масштабтау сапасын жоғалтпайды
Реалистік реалистік V. Бекіту
Оқулықпен жұмыс, 101-102 б.б., Өзіңді тексер! Тест тапсырмасын дәптерлерінде орындайды. Өзіңді тексер!
1. Қандай кескіндер шынайы?
А) растрлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
D) фракталдық
Қандай кескіндер ұқсас элементтерден тұрады?
растрлық
векторлық
үшөлшемді
фракталдық
Қандай кескіндер нүктелерден тұрады?
растрлық
векторлық
үшөлшемді
фракталдық
Қандай кескіндер масштабтау кезінде сапасын жоғалтады?
растрлық
векторлық
үшөлшемді
фракталдық
Қандай кескіндерді сақтау кезінде үлкен көлемді файлдар пайда болады?
растрлық
векторлық
үшөлшемді
фракталдық
Суреттің түрін анықтаңдар:
А) растрлық
В) векторлық
С) үшөлшемді
D)) фракталдық
7. Фрактал – ол...
А) бас элементі сызық болатын кескін
В) берілген көлемдегі кескін бөлігі
С) әртүрлі пішін бөлшектерінен тұратын кескін
D) бүтінге ұқсас бөлшектерден тұратын кескін
VI. Бағалау
Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын. Күнделіктеріне баға қойдырады.
VІI.Үй жұмысы
Компьютерлік графика. Компьютерлік графика түрлері оқу Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.