Компьютерлік вирустар та?ырыбында информатикадан ашы? саба?.


ҒЖӘЦК отырысында қаралды «БЕКІТЕМІН»
№ ____ хаттама директордың ОӘЖ
орынбасары
ӘЦК төрайымы: ____ Н.А.Нургожина
_______С.А.Кульсеитова «___»_____2016ж.
«___» ____ 2016ж.
71628032385Әдістемелік әзірлеме
00Әдістемелік әзірлеме

Мамандығы: 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету
Біліктілігі: Тарату құрылғылары бойынша электр құрастырушы
Топ: ЭҚ-16
Пән: Информатика
Сабақ тақырыбы: Компьютерлік вирустар
Дайындаған:
информатика пәнінің оқытушысы
Шаймұрат Б.
Күні: 25.11.2016ж.
Өткізген орны: 21 кабинет


АСТАНА -2016
Адрестік категория
І-1 Мамандық, топ 0902000 – Электрмен қамтамасыз ету, ЭҚ-16
І-2 Курс Бірінші
І-3 Пән Информатика
І-4 Тақырыбы Компьютерлік вирустар
І-5 Сабақтың түрі, ти, типі Саяхат сабақ
І-6 Студенттер нені білуі керек? Вирустардың анықтамасын
Антивирустардың анықтамасын
Вирустардың түрлерін, таралу жолдарын
Антивирустардың түрлерін
ІІ Мақсаттар
ІІ-1 Білімділік Білім алушыларға компьютерлік вирустар, олардың түрлерін түсіндіру, вирустарды табу жолдарын көрсету;
ІІ-2 Дамытушылық Білім алушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
ІІ-3 Тәрбиелік Ақпараттық мәдениеттілікке үйрету;
Білім алушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамытып, қызығушылығын ояту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру
ІІІ Күтетін нәтиже
ІІІ-1 Нәтиже Антивирустар мен вирустар туралы білім қалыптастыру;
Антивирус таңдай білу;
Антивируспен жұмыс істей білу
ІV Сабақтың жабдығы
ІV-1 Жабдықтар, көрнекіліктер Интерактивті тақта
Слайд шоу
Компьютер
Интернет желісі
ІV-2 Пәнаралық байланыс
Математика, ақпараттық технология, биология.
Сабақ барысы:
І. Кіріспе нұсқау.
Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сәлемдесу
Ә) Студенттерді түгелдеу
Б) Өткен сабақты қайталау
В)Жаңа сабақты түсіндіру, пысықтау, бекіту.
Г) Рефлексия
Д)Үйге тапсырма беру
Өткен сабақты қайталау
А)Көп нүкте орнына қажетті сөзді қой.
Файлды архивтік файлға жазу процесі .......
WinRar, WinZip бағдарламалары ............ арналғанҚысылған файл – бұл .......................
Файлдардың көлемін кішірейту үшін ............ бағдарламалар қолданыладыҚысылған файлдың бастапқы түрінен айырмашылығы... ..........
файлды архивтен алу - ..................... деп аталадыБуып - түйілген ( сығылған ) файл ......... деп аталады.
Көптомдық архивтер –.............. тұратын архивтер.
Ә) Іс жүзінде файлды архивтеу.
Б) Іс жүзінде файлды архивтен шығару.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бүгінгі сабағымыз қызықты өту үшін вирустар саябағына, антивирустар патшалығына саяхатқа шығатын боламыз.
№1 Вирустар саябағы.
Компьютерлік вирус – арнайы жазылған шағын көлемді (200-5000 байт) программа.Ол өздігінен басқа программалар соңына немесе алдына қосымша жазылады да, оларды “бүлдіруге” кіріседі, сондай-ақ компьютерде тағы басқа келеңсіз әрекеттерді істеуі мүмкін.Ішінен осындай вирус табылған программа “ауру жұққан” немесе “бүлінген” деп аталады.Қазіргі кезде 50 мыңнан астам вирус белгілі.
Вирустарды негізінен үш топқа бөлуге болады: мекендеу ортасына қарай, жұмыс логикасы және мақсатына қарай, мақсатына қарай.
Мекендеу ортасына қарай:
Файлдық- Бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі.
Жүктейтін - Негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.
Макровирустар- Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.
Жұмыс логикасына және мақсатына қарай: Ұстауыш-вирустар, логикалық бомбалар, құрттар, троян аттары.
Мақсатына қарай: Бейсауат, шантаж жасаушы, насихатшы, мағынасыз.
Ал енді осынша вирустың ішінен қалай шығамыз? Тест тапсырмаларын шешу арқылы вирустар саябағынан шығайық.
1.Өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар?
Компьютерлік вирустар
Компьютерлік бомбалар
Программалық вирустар
2.Ішінде вирус табылған программа?
Емделетін
Көрінбейтін
Бүлінген
3.Мекендеу ортасына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
5
3
2
4.Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан жұғатын вирус?
Файлдық
Жүктейтін
Макровирустар
5.Макровирустар....
Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады
Операциялық жүйені жүктегенде жұғады
Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі
6.Жұмыс логикасына және мақсатына қарай?
Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар
Бейсауат,насихатшы,мағынасыз, шантаж жасаушы
Жүктейтін,макровирустар
7.Қазіргі кезде шамамен неше вирус түрлері бар?
15 000
50 000
25 000
8.Мақсатына қарай вирустар:
Логикалық бомбалар,құрттар,троян аттары,ұстауыш вирустар
Бейсауат,насихатшы,мағынасыз,шантаж жасаушы
Жүктейтін,макровирустар
Мақсатына қарай вирустарды нешеге бөлуге болады?
3
4
5
Вирустың өлшемі
200-500 байт
200- 5000 байт
200-50000 байт
№1 Ал жарайсыңдар балалар, вирустардың шабуылына төтеп бердіңдер. Енді “антивирустардың патшалығына” саяхатымызды одан әрі жалғастырайық.
Антивирустар негізгі сегіз топқа бөлінеді:
Детектор-Программалар тек бұрыннан белгілі вирус түрлерінен ғана қорғай алады, жаңа вирусқа олар дәрменсіз болып келеді.
Доктор-Программалар-немесе “фагтар” вирус жұққан программалармен дискілерді “вирус” әсерін алып тастау,яғни “жұлып алу” арқылы емдеп – оларды бастапқы қалпына келтіреді.
Ревизор-Программалар- да алдымен программалар мен дискінің жүйелік аймағы туралы мәліметтерді есіне сақтап, содан соң оны кейінгісімен салыстыра отырып сәйкессіздікті анықтаса, оны дереу программа иесіне хабарлайды.
Доктор-Ревизорлар- доктор-программа мен ревизорлар арасынан шыққан гибрид. Бұлар тек файлдағы өзгерістерді, анықтап қана қоймай, оларды автоматты түрде “емдеп” бастапқы қалыпты жағдайға түзеп келтіреді.
Сүзгі-Программалар- компьютердің оперативтік(жедел) жадында тұрақты (резиденттік) орналасады да, вирустардың зиянда әрекетіне әкелетін операцияны ұстап алып, бұл туралы жұмыс істеп отырған адамға дер кезінде хабарлап отырады.Одан әрі шешім қабылдау әркімнің өзіне байланысты болады.
Вакцина-Программалар – компьютердегі программалар жұмысына әсер етпей, оларды вирус “жұққан” сияқты етіп модификациялайды да, вирус әсерінен сақтайды, бірақ бұл программаларды пайдалану онша тиімді емес.
Ревизорлар – Олардың міндеті программалардың, каталогтардың компьютер вирус жұқтырмай тұрғандағы алғашқы күйін есте сақтау, содан кейін әлсін-әлсін оның ағымдағы күйін алғашқымен салыстырып отыру.Д.Мостов дайындаған программа-ревизор ADif жақсы танымал.
Полифагтар.Олардың қызметі-вирустарды табу ғана емес, оның кодасын жұқпалы (ауру жұққан) программадан жою.Өте қуатты полиграф-сканер И.Данилов құрған Dr. Web (Doctor Web) болып табылады.Ол вирустарды жақсы айырып таниды, бірақ оның базасында вирусқа қарсы күресетін құралдар басқа вирусқа қарсы программаларға қарағанда анағұрлым аз.Жалпыға әйгілі полифаг Е.Касперский зертханасы құрған Kaspersky Anti-Virus программасы вирусқа қарсы бірден-бір сенімді программа ретінде бүкіл әлемге әйгілі.
Компьютер әлемін вирустардың жаулап алмауы үшін мынандай тапсырмаларды орындау керек.



Антивирустар патшалығығынан біз мынандай қортындымен шықтық:
1. Резервтік көшірме жасау, ақпаратты архивтеу;
2. Ұрлық программаларды қолданбау;
3. Дисктегі, флешкадағы файлдарды вирусқа тексеру;
4. Антивирустық программаны жаңартып отыру;
Біз вирустар саябағы мен антивирустар патшалығына саяхат жасадық. Енді үйімізге оралу үшін бізге білім кемесі керек. Олай болса компьютер арқылы тест сұрақтарына жауап беріп, кемеге мінеміз.
№3 Білім кемесі
Сабақты бекітуге тест ұсынылады. Тест тапсырмалары:
Деректерді мұрағаттау бағдарламасын көрсетіңіз1. Winrar2. Microsoft Excel3. Microsoft Word4. Microsoft PowerPoint
Компьютерлік жүйедегі және желідегі әр түрлі объектілерге залалын тигізуге бейім программалар1. Шаң-тозаңдар2. Офистік бағдарламалар3. Компьютерлік құрылғылар4. Компьютерлік вирустарКомпьютерлік вирустардың жіктелуі категориялары қанша1. 22. 33. 44. 5
Файлдық вирустар …1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарайЖелілік вирустар …1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарайРезидентті вирустар …1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарайҚауіпсіз вирустар …1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарай8. Қауіпті вирустар …
1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарай9. Өте қауіпті вирустар …
1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарай4. алгоритм ерекшеліктеріне қарай10. Құрттар …
1. Орналасу орнына қарай2. бүлдіру тәсіліне қарай3. іс-әрекетіне қарайСаяхат картасы
Студенттің аты-жөні Қортынды
Саяхат бөлімі Вирустар саябағы Антивирус патшалығы Білім кемесі Бағасы Әр студент саяхат картасын толтырып оқытушыға тапсырады.
125095228875Рефлексия.
3702050158751949450198755

Үйге тапсырма: Балапанов Е.Қ. 162-169 бетті оқу. Осымен “Вирустар мен антивирустарға” саяхатымыз аяқталды.