Компьютерлік желілер. Желі топологиясы. Интернет ж?не компьютерлік вирустар
Мазмұны
Кіріспе ..................................................................................................... 2
Негізгі бөлім............................................................................................ 3 §1. Компьютерлік желілер, негізгі түрлері ......................................... 3
§2. Желі топологиясы................................... ......................................... 8
§3. Электронды пошта және браузерлер............................................. 11
§4. Компьютерлік вирустар................................................................... 14
Қорытынды............................................................................................. 18
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................... 19
Кіріспе
Жұмыс мақсаты – Компьютерлік желіге анықтама беру, шығу тарихын зерттеу, түрлерін анықтау, айырмашылықтар мен ерекшеліктерін жан-жақты зерделеу. Электронды пошта мен браузер туралы мәлімет беру. Компьютерлік вирустардың компьютерге тигізетін зиянды әсерін зерттеу.
Ақпаратты технологиялар саласындағы нағыз төңкеріс үшінші мың жылдықта әлемдік экономиканың жетекші саласына қалыптасқан Интернет жүйесінің пайда болуы және қарқынды дамуы болды.
Қазіргі уақытта Қазақстанда телекоммуникация саласының тез дамуы жаңа жоғары технологиялық қызметттер – мәліметтерді жіберу, ұялы байланыс және Интернет желісіне қатынауды ұсыну бойынша қызметтер сегментінің туындауымен негізделген. Дәстүрлі дыбыстық байланыс қызметтері интерактивті қызметтермен ығыстырыла бастады.
Байланыстың сандық стандартына ауысу ақпараттардың мазмұнын қорғаудың жоғарғы дәрежесімен ақпараттардың үлкен көлемін тезарада жіберуге мүмкіндік береді. Пакеттер коммутациясы технологиясы базасында құрылған толық сервисті желілер дамуының тенденциясы айқын көрінеді.
Қазіргі заманғы инфрақұрылымдағы компьютеризация және информатизация жетекші орындардың біріне шығады. Ақпараттық технологияларға сұраныс, қазіргі заманғы компьютерлер және желілік жабдық соңғы жылдары әлемдік экономиканың динамикасына және құрылымына елеулі әсер етеді.
Ақпаратты-телекоммуникациялық инфрақұрылымдарды жасауды ұлттық экономиканың жоғарылауының, қоғамның іскерлік және интеллектуалды белсенділігінің өсуінің, ауқымды масштабта ел беделін нығайтудың маңызды факторы ретінде қарастыру қажет.
Негізгі бөлім
§1. Компьютерлік желілер, негізгі түрлері
Компьютерлік желі – бір бірімен мәлімет аламаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі. Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компьютерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Телекоммуникация құралдарымен байланысқан компьютерлер жиынын компьютерлік желі деп атаймыз.
Компьютерлік желі дегеніміз – ресурстарды (дискі, файл, принтер, коммуникациялық құрылғылар) тиімді пайдалану мақсатында бір – бірімен байланыстырылған компьютерлер тізбегі.
Компьютерлік желі жұмыс істеу принципіне, аппараттық және программалық қамтамасыз етуіне байланысты жергілікті (ЖКЖ) және ауқымды (АКЖ) компьютерлік желі болып бөлінеді.
Жергілікті желі (ағылш. Local Area Network, LAN) — салыстырмалы түрде шектеулі кеңістіктің (мысалы ғимараттың) шегінде компьютерлер, басып шығарғыштар мен басқа да құрылғылар тобын біріктіретін коммуникациялық желі. Жергілікті желі бір біріне қосылған құрылғылардың өзара әрекеттесуіне мүмкіндік береді.
Желі – мәліметтерді компьютерлер арасында жеткізу құралдарымен біріктірілген компьютерлердің жиынтығы. Есептеу желісі – бір-бірімен байланысқан желі элементтері арасында мәліметтер жеткізуге арналған программалық және аппараттық құрауыштардың күрделі жүйесі. Аппараттық жабдықтар ішінде әртүрлі типті және класты компьютерлермен қатынастық жабдықтарды атауға болады. Программалық құрауыш операциялық жүйе мен желілік қолданбалардан тұрады. Желінің тиімді жұмыс істеуі үшін ОЖ-дің арнайы түрлері – желілік ОЖ қолданылады. Желілік ОЖ – есептеу желісін бір орталықтан басқаруға арналған программалар кешені (Windows NT, Novell NetWare, т.б.). Желілік қолданбалар – желілік ОЖ-нің мүмкіндіктерін кеңейтетін қолданбалы программалық кешендер (пошталық программалар, желілік мәліметтер қорлары, т.с.с.). Желіге қосылатын барлық құрылғыларды үш функционалдық топқа бөледі, олар:
- жұмыс станциялары;
- желі серверлері;
- қатынастық тораптар.
Жұмыс станциясы (ЖС) (workstation) – желіге қосылған дербес компьютер және ол арқылы пайдаланушы өз жұмысын атқарады және желінің ресурстарына қатынауды жүзеге асырады. Ол өзіндік операциялық жүйемен жабдықталған (MS DOS, Windows және т. б.) және пайдаланушыға қолданбалы есептерді шығаруда барлық қажет құралдармен қамтамассыз етілген. Жұмыс станцияларының үш типін ерекшелеуге болады, олар – жергілікті дискілі жұмыс станциясы, дискісіз жұмыс станциясы, қашықтағы жұмыс станциясы. Жергілікті дискілі жұмыс станциясында ОЖ осы дискіден, ал дискісіз жұмыс станциясында ОЖ файлдық серверден жүктеледі. Қашықтағы жұмыс станциясы – желіге телеқатынастық байланыс арнасы (мысалы, телефон желісі) арқылы қосылған станция.
Сервер (server)– желіге қосылған және оның пайдаланушыларына белгілі қызмет көрсетуді қамтамассыз ететін компьютер. Серверлер желіні пайдаланушылардың қажеттілігінен туындайтын мәліметтерді сақтауды, мәліметтер қорына сұраныстарды өңдеуді, жойылған тапсырмаларды өңдеуді, тапсырмаларды басып шығаруды және басқа да іс-әрекеттерді жүзеге асырады. Сервер – желі ресурстарының қайнар көзі. Атқаратын функцияларына байланысты серверлердің келесі типтерін анықтайды.
Ерекше көңілді сервер типтерінің ішіндегі – файлдық серверге (file server) (көбінесе файл-сервер атауы қолданылады) аудару қажет. Файл-сервер - желідегі пайдаланушылардың мәліметтерін сақтайды және осы мәліметтерге қатынауды қамтамассыз етеді. Бұл - үлкен сыйымдылықты оперативтік жады, қатты дискісі және магниттік таспадағы қосалқы жинағыштары (стример) бар компьютер. Файл-сервер өзінде орналасқан мәліметтерге желі пайдаланушыларының бір мезгілді қатынауын қамтамассыз ететін ерекше операциялық жүйенің басқаруымен жұмыс істейді. Файл-сервер келесі функцияларды орындайды: мәліметтерді сақтау, мәліметтерді архивтеу, әртүрлі пайдаланушыларменорындалатын мәліметтер өзгертулерін үйлестіру, мәліметтерді жіберу. Көптеген есептер үшін бір файл-серверді қолдану қажетсіз болып табылады, онда желіге бірнеше серверлерді қосу мүмкін. Файл -сервер ретінде мини – ЭЕМ қолданылуы мүмкін.
Мәліметтер қоры сервері (database server) – мәліметтер қоры файлдарын сақтау, өңдеу және басқару функцияларын жүзеге асыратын компьютер. Мәліметтер қоры сервері
- мәліметтер қорын сақтау, олардың тұтастығын, толықтығын, өзектілігін қолдау;
- мәліметтер қорына сұраныстарды қабылдау және өңдеу, өңдеу нәтижелерін жұмыс станциясына қайтару;
- мәліметтер қорына авторланған қатынауды қамтамассыз ету, пайдаланушыларды есепке алу және сүйемелдеу жүйесін қолдау, пайдаланушылардың қатынас құру мүмкіндіктерін шектеу;
- үлестірілген мәліметтер қорын қолдау, басқа жерлерде орналасқан мәліметтер қоры серверлерімен әрекеттесу
функцияларын атқарады.
Қолданбалы программалар сервері (application server) – пайдаланушылардың қолданбалы программаларын орындауға қолданылатын компьютер.
Қатынастық сервер (communications server) – жергілікті желі пайдаланушыларының өз тізбектік енгізу/шығару порттарына айқын қатынас мүмкіндігін беретін құрылғы немесе компьютер.
Қатынау сервері (access server) – тапсырмаларды қашықтан өңдеуді орындауға бөлінген компьютер. Қашықтағы жұмыс станциясынан ынталандырылған программалар осы серверде орындалады. Қашықтағы жұмыс станциясынан пайдаланушының пернетақтадан енгізілген командалары қабылданады, оған орындалған тапсырма нәтижелері қайтарылады.
Факс-сервер (fax server) – жергілікті желінің пайдаланушылары үшін факсимильдік хабарларды қабылдау және таратуды орындайтын құрылғы немесе компьютер.
Мәліметтерді резервті көшірмелеу сервері (back up server)- файл-сервер және жұмыс станцияларында орналасқан мәліметтердің көшірмелерін құру, сақтау және қайта қалпына келтіру міндеттерін шешетін құрылғы немесе компьютер. Мұндай сервер ретінде желідегі файлдық серверлердің бірі болуы мүмкін.
Желінің қатынастық жабдықтарына (тораптарына) келесі құрылғылар жатады:
- қайталауыш;
- коммутаторлар (көпірлер);
- маршруттауыштар;
- көмейлер (шлюздер).
Желінің ұзындығы, станциялар арақашықтықтары ең алдымен беру ортасының (коаксиальды кабельдің, есулі қос өткізгіштің, т.б.) физикалық мінездемелерімен анықталады. Мәліметтерді кез келген ортада жіберуде сигналдың бәсеңсуі пайда болады, бұл арақашықтықтарды шектеуге әкеледі. Осы шектеулерді жеңіп, желіні кеңейту үшін арнайы құрылғылар – қайталауыштар, коммутаторлар мен көпірлер орнатылады. Мұндай кеңейту құрылғылары енбеген желі бөліктері желі сегменттері деп аталады.
Қайталауыш (repeater) – келген сигналды күшейткіш және қайта өндіретін құрылғы. Барлық қайталаушпен байланыстырылған сегменттерде әрбір уақыт мезетінде тек екі станция арасында мәліметтер алмасуы жүзеге асырылады.
Коммутатор (switch) немесе көпір (bridge) – бірнеше сегменттерді біріктіруге арналған құрылғы. Бұл жағдайда әртүрлі сегменттердің әрбір станция жұптары үшін біруақытта бірнеше мәліметтер алмасу үрдістерін қолдайды.
Маршруттауыш (router) – бір немесе әртүрлі типті желілерді бір мәліметтер алмасу хаттамалары бойынша біріктіретін құрылғы. Маршруттауыш берілу адресін талдап жане мәліметтерді тиімді таңдалған маршрутпен бағыттайды.
Көмей (gateway) (шлюз) — әртүрлі мәліметтер алмасу хаттамаларын қолданатын әртүрлі желі объектілері арасында мәліметтер алмасын ұйымдастыруға мүмкіндік беретін құрылғы.
Қазіргі уақыттағы есептеу желілеріне қойылатын негізгі талаптар. Есептеу желілері кез келген желі пайдаланушысы үшін желінің кез келген ресурсына қатынауды қамтамассыз ету мақсатында құрылады. Желінің өмір сүруінің аумақты мінездемесі ретінде ресурсқа қатынау сапасы желінің алдына қойылған міндеттерге байланысты әртүрлі көрсеткіштермен сипатталуы мүмкін. Мұндай көрсеткіштердің негізгілері:
- өнімділік;
- сенімділік;
- басқарылымдық;
- кеңейтілімдік;
- айқындық;
- жинақталымдық.
Есептеу желілерінің жіктелулері. Есептеу желілерін бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады. Аумақтық белгілеріне байланысты есептеу желілерінің түрлері:
- жергілікті желілер (LAN – Local Area Network) ;
- ауқымды желілер (WAN – Wide Area Network).
Желінің масштабына байланысты түрлері:
- жұмыс топтарының жергілікті желілері (бір ОЖ басқаруымен жұмы істейтін компьютерлердің кішігірім санын біріктіреді);
- бөлімдердің жергілікті желілері (бір бөлімнің компьютерлерін біріктіреді);
- кампустардың жергілікті желілері (бірнеше кіші желілерді біріктіреді);
- бірлескен (корпоративті) желілер (бір мекеме немесе корпорация көлеміндегі компьютерлер мен желілерді біріктіреді ).
Ауқымды желі (Глобальная сеть; GAN — global area network немесе WAN — wide area network) — жүздеген және мындаған километрлік аумақты қамтитын халықаралық, мемлекетаралық, республикалық немесе салалық компьютер желілері. Кез келген компьютерді, олардың орналасқан географиялық мекен-жайына қарамастан, бір-бірімен байланыстыруға мүмкіндік береді. Ауқымды желі көбінесе жергілікті және аймақтық есептеу желілерін біріктіру нәтижесінде құрылады.
Ауқымды есептеу желісі (Глобальная вычислительная сеть) — бір- бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі.Ауқымды есептеу желілері негізгі үш құрауыштан тұрады:
а) желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері;
ә) жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар;
б) байланыс арналарына қатынас құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар.
Мысалы, Internet торабы — түрлі-түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, жер серігінің арналары және радио-модемдер сияқты) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Ең көп тараған қызмет көрсету түрлері: электрондық пошта (E-mail), желілік жаңалықтар немесе телемәслихат (Usenet), тарату тізімдері (Maillists), бүкіл әлемдік өрмек (WWW— World Wide Web), файлдар жеткізу (FTP — File Transfer Protocol), қашықтан қатынас құру (Telnet) жөне т.б.
§2. Желі топологиясы
Желі топологиясы – бұл оның геометриялық пішіні немесе компьютердің бір-біріне қатысты физикалық орналасуы.
Желі топологиясы түрлі желілерді салыстыру және жіктеу әдісін береді. Топологияның үш негізгі типі бар: жұлдызша, сақина және шина.
15487651206500
«Жұлдыз» топологиясы бар желідегі барлық компьютерлер орталық компьютермен немесе концентратормен жалғастырылған. Мұндай желідегі екі компьютер арасында тікелей қосылу болмайды. Мұндай жүйе қарапайым және тиімді, деректер пакеттері әр компьютерден концентраторға бағытталады. Концентратор өз кезегінде тиісті жеріне жеткізеді. Мұндай топологияның негізгі жетістігі мынада: компьютерлер мен концентратор арасындағы жекелеген жалғағыштар істен шыққанмен, бүкіл желі жұмыс істей береді. «Жұлдызша» топологиясының кемшілігі оның негізгі жетістігінен туындайды: егер концентратор бұзылса, онда ол бүкіл желіні түгел істен шығарады.
1939925-34988500
«Сақина» топологиясына тән бір нәрсе – жалғағыштардың соңғы нүктесі болмайтыны; деректер берілетін біртұтас сақина құраған желі тұйықталған. Мұндай сақинада бір нүктеден қозғау алған деректер ақыр аяғында желінің басына барады. Осындай ерекшеліктен деректер сақинада барлық уақытта бір бағытта қозғалады. «Сақинаның» «Жұлдызшадан» бір ерекшелігі – оған барлық желілік компьютерлер арасында үзіліссіз жол қажет, өйткені желінің бір жері істен шықса, бүкіл желі тоқтап қалады.
16344903175000
«Шина» топологиясы бір жеткізетін каналды, әдетте шина деп аталатын коаксиалды кабельді пайдаланады. Барлық желілік компьютерлер «шинаға»тікелей қосылады. Бұл желіде деректер 2 бағытта бірдей жылжиды. Кабель – шинаның екі шетінде арнайы бұқтырмалар (терминаторлар) орнатылған. «Сақина»жағдайындағыдай, желілінің бір жеріндегі қосылудың бұзылуы жұмысты бірден тоқтатады. «Шина» желісіндегі деректердің қауіпсіздігі «Сақина» желісіндегідей, оның осал тұсы – бүкіл желінің деректері әр желілік компьютерден өтеді.
204758815414
Толық байланысты топология ең қымбаты, бірақ ең сенімді жұмыс істейтін топология, оның бір байланыс арнасы істен шыққанмен, мәлімет басқа арналық жолдармен жеткізіле береді.
55245023264Бұтақ тәрізді топология;
00Бұтақ тәрізді топология;
45275538100Аралас топология
0Аралас топология
Деректерді беру жылдамдығымен, оның құрамына сәйкес өзгешеленетін деректерді берудің түрлі технологиялары бар. Ең танымалдары: Enthernet, ARCNET және IBM token ring.
Enthernet технологиясын 1973 жылы бір топ американ зерттеушілері Palo Alto зерттеу орталығында жасады. Enthernet желілері жұлдызша түрінде де, шина түрінде де құрыла береді. Канал ретінде коаксиалды кабель қолданғанда, Enthernet желісі шина сияқты кескінделеді. Егер есулі қос өткізгіш қолданған болса, Enthernet жұлдызша кескінделеді. ARCNET технологиясы Datapoint Corporation фирмасында 1968 жылы жасалған. ARCNET технологиясының желісі де, Enthernet желісі сияқты, екі топология бойынша (жұлдызша және шина) құрыла алады. Token ring «жұлдызша» топологиясы бойынша «көп пайдаланушы кіруге болатын станция» аталатын IBM арнайы құрылысымен орталық хабра ретінде жұмыс істейді. Бірақ онымен байланысу үшін әр компьютердің екі кабелі бар, біреуі бойынша ол деректерді жібереді, басқасы бойынша – қабылдайды.
§3. Электронды пошта және браузерлер
Қазіргі электрондық пошта кеңінен қолданылып келе жатыр. Поштаның не екенін білеміз. Ол, кем дегенде, екі абонентке мәлімет алмасуға мүмкіндік беретін кәдімгі байланыс құралы. Мұнда мәлімет алмасу жүзеге асуы үшін адресі көрсетілген хат жазылып, оны пошта жәшігіне салу керек. Одан хат пошта жәшігіне жетеді. Бұл процесті жылдамдату үшін телефон құлақшасын көтеріп, керекті нөмірді тереміз, егер дұрыс байланыс орнатылса, біздің абонентіміз айтатын сөзімізді естиді. Электрондық поштаның ең елеулі ерекшелігі – оның жылдамдығы. Оның жылдамдығы телефонмен бірдей, бірақ мұнда екі жақтағы абоненттердің бір сәтте болуы қажет емес. Оған қоса мұнда хабарламаның көшірмесі жазбаша жеткізілетіндіктен, оны сақтап қоюға, бірден бірнеше абонентке беруге немесе әрі қарай тағы да басқаларға жеткізуге болады. Осылардың бәрі де жер шарының кез-келген нүктесіне бірнеше минут ішінде міндетті түрде жылдам жеткізілетінін ашып айту керек.
Электрондық пошта жүйесі:
қолданушы агенті — әрбір тұтынушыға мәліметтерді оқуға және жаңасын құрастыруға мүмкіндік береді;
тасымалдау агенті – мәліметтерді бір компьютерден екінші компьютерге жеткізеді;
жеткізу агенті – мәліметтерді оны алушының пошта жәшігіне салып кетеді.
Қолданушы агенті – тұтынушыларға мәліметтерді оқуға және жіберілетін пошталық хабарларды құрастыруға мүмкіндік беретін программалар жиыны.
Тасымалдау агенттері – поштаны қолданушы агенттерден қабылдап алып, оны алушылардың адрестерін анықтап, мәліметтерді әрі қарай тасымалдау мақсатында басқа компьютерлерге жеткізуді қамтамасыз ететін программалар жиыны. Бұлар басқа тасымалдау агенттерінен келіп түскен мәліметтерді де қабылдап алады.
Жеткізу агенттері – поштаны тасымалдау агенттерінен қабылдап алып, оны тиісті пайдаланушыларға жеткізетін программалар тобы. Пошта нақты тұлғаға, таратылу тізімдеріне, файлға, программаға, т.с.с. жеткізілуі мүмкін.
Бөрлі ауданы бойынша электронды пошта арқылы хабарласу мүмкін екенін мына суреттен көруге болады.
Хаттамалар
Әрбір деңгейдегі объектілердің әрекеттесуінің, сонымен қатар бір деңгейдегі объектілер арасында берілетін хабарламалардың көрсетім пішімдерін бекітетін ережелер жиынтығы хаттамалар деп аталады.
Ауқымды есептеу желілері – бір-бірінен алыс орналасқан жергілікті желілер мен жеке компьютерлерді байланыстыратын есептеу желісі. Ауқымды есептеу желілері үш құрауыштан тұрады: желінің түйіні ретінде қарастырылатын жергілікті есептеу желілері; жергілікті есептеу желілерін байланыстыратын арналар; байланыс арналарына байланыс құруға мүмкіндік беретін жабдықтар мен программалар. Ең әйгілі ауқымды есептеу желісі – Internet.
Internet – түрлі хаттамалармен жұмыс істейтін, әр түрлі есептеу машиналарын байланыстыратын, мәліметтерді тасығыштардың (телефон сымдары, оптикалық талшық, радиомодемдер, т.б.) барлық түрлерімен тасымалдайтын компьютерлік желілердің бірлестігі. Оның өзінің атауы “желі арасында” мағынасын білдіреді. Желілерді біріктіру үлкен мүмкіндіктерге ие болады. Өз компьютерінен кез келген Internet абоненті басқа қалаға мәліметтерді жібере алады, Вашингтондағы Конгрес кітапханасының каталогын көре алады, Нью–Йорктағы Метрополитен музейінің соңғы көрмесінің суреттерімен таныса алады, IEEE конференциясына және әр түрлі мемлекеттердің желі абоненттерімен ойындарға қатыса алады. Internet – тің аса маңызды ерекшелігі - оның әр түрлі желілерді біріктіре отыра ешқандай иерархияны құрмайтыны, желіге қосылған барлық компьютерлер тең құқықты.
Internet-тің негізін жоғары жылдамдықты кеңарналы желілер құрайды, тәуелсіз желілер кеңарналы желілерге NAP (Network Access Point) желілік қатынау нүктелері арқылы қосылады. Тәуелсіз желілер дербес жүйелер түрінде қарастырылады, себебі олардың өзіндік әкімшілік басқаруы және маршруттау хаттамалары бар. Дербес жүйелер ретінде ірі ұлттық желілер болады, мысалы – европалық EUNet, Ресей университеттерінің RUNet желілері. Кейбір дербес жүйелер Internet желісіне қатынау қызметін көрсетуге мамандандырылған компаниялар құрады, оларды провайдерлер деп атайды (мысалы, АҚШ-та UUNET, Ресейде Relcom).
Internet-те алмасу режімдері, хаттамалары және адресациялау. Internet жүйесіне қосылу әртүрлі әдістермен жүзеге асады, ондай әдістер:
- электрондық пошта (E-mail);
- телеконференция (UseNet);
- қашықтан қатынас құру (TelNet);
- файлдарды іздеу және жеткізу (FTP);
- мәтіндік файлдарды меню жүйесі көмегімен іздеу және жеткізу (Gopher);
- құжаттарды гипемәтіндік сілтемелердің көмегімен іздеу және жеткізу немесе бүкіл әлемдік өрмек (WWW – World Wide Web).
Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.
Аумақты желілерде ақпарат алмасудың екі режімі бар – on-line және off-line. On-line – желіге қосылып тұрып бірігіп жұмыс істеу режімі, диалогтық режім. Off-line – желіге қосылмай жұмыс атқару режімі, электрондық пошта арқылы жөнелтетін мәліметтерді даярлау. On-line режімі – телефонмен сөйлесуге ұқсас, off-line режімі – поштамен хат алмасуға ұқсас.
Internet жүйесінде қолданылатын негізгі хаттамалар – TCP/IP (Trans-mission Control Protocol/Internet Protocol) хаттамалар жиынтығы. IP – желілік деңгей, TCP – көліктік деңгей хаттамалары. Арналық және физикалық деңгейде мәліметтер жеткізу орталарының бар көптеген стандарттарын қолдайды, мысалы ЖЕЖ үшін – Ethernet және FDDI немесе ауқымды желілер үшін – X.25 және ISDN. Қолданбалы деңгейдегі маңызды хаттамалар – қашықтан басқару хаттамасы telnet, файлдарды жеткізу хаттамасы FTP, гипермәтінді жеткізу хаттамасы HTTP, электрондық пошта хаттамалары SMTP, POP, IMAP, MIME, желілік құрылғыларды басқару хаттамасы SNMP.
§4. Компьютерлік вирустар
Компьютерлік вирустар дегеніміз, пайдаланушының компьютеріне жасырынып еніп, оның мәліметтеріне және жүйесіне толығымен зиянын туғызатын бағдарлама болып табылады. Вирустарды анықтаудың ең тиімді тәсілі бұл оның жұмыс сипаттамасы емес, оның тарау жолы мен басқа бағдарламаларға жұғу тәсілін анықтау.
Компьютерлік вирустың қылығы биологиялық вирустын қылығына тән. Биологиялық вирус адам ағзасына еніп, дене мүшелеріне тарау арқылы, адам ағзасы жүйесін тоқтатып немесе сыртқы қосымша факторлардын әсерімен жойылуна себепші болады. Сол тәрізді компьютерлік вирус та компьютерлік жүйеге ену арқылы бағдарламаға (қосымшаға) бекітіледі. Бағдарламаны іске қосқаннан соң вирус өз ісіне кірісіп, жүйенің басқа да бөліктеріне өрши бастайды.
Өз алдына вирустар зиянсыз және қауіпті болуы мүмкін. Зиянсыз болған жағдайда компьютерге тиетін зарар көлемі қауіптіге қарағанда әлде қайда аз.
Компьютерлік вирустардың түрлері
Бұл бөлімде компьютерлік вирустардың түрлері көрсетілген, бірақ негізінен көбісі әр қайсысының «буданы» болып табылады.
Файлдық вирустар. Ең көп бағдарламалық файлдарға жұғатын вирустың түрі. Бұл вирус кез келген бастапқы кодты файлды, скрипттарды және бағдарламалық үйлесім файлдарына зақым келтіреді. Бағдарламаның, скрипттардың немесе үйлесім файлдарының іске қосылуымен қатар вирустар да жанданады.
Жүйелік немесе жүктелуші вирус. Бұл түрлі вирус файлға жұқпауы мүмкін, бірақ зиянкестің мақсаты қатты дисктің жүйелік үдерісіне жауапты аймақтарға жұғу болып табылады. Қатты дисктің бұндай аймақтарына жүктелуші жазбасы (boot record) жатады, кейін оның қажеттілігі операциялық жүйені жүктеу болып табылады. Және де қатты дискте вирус бастапқы жүктелуші жазбасына (Master Boot Record) бекітіледі.
Multipartite түрлі вирус. Бұл түрлі вирус жүктелуші бөліміне де, файлдарға да жұғады. Будандасудын нәтижесінде пайда болған бұл вирус ата-анасының ең жаман жақтарын иемденген, сол себепті бұл вирус алдыңғыларымен салыстырғанда неғұрлым жұқпалы және қиратушы болып келеді.
Макровирустар (macro viruses). Макровирустар деректерді өндеу жүйесіне (мәтіндік редактор, электрондық кестелер және т.б.) орнатылған тілдерде (макротілдерде) жазылған бағдарлама. Өздерінің көбейуі үшін бұл вирустар макротілдерді қолданып және олардың көмегімен зарарланған файлдан (құжаттан немесе кестеден) келесісіне тасымалданады. Көбіне макравирустар Microsoft Word, Excel және Office құжаттарында кең таралды.
Stealth-(Стэлс) вирустары немесе көрінбейтін вирустар. Бұл вирустар резиденттік вирустардың (әрдайым жедел жадта табылады) бір түрі. Stealth вирустары дисктен оқылған ақпараттарды бұрмалау арқылы бағдарламаға жалған ақпарат жібереді. Сонымен қатар бұл вирус файлдарды өзгертеді, бірақ файлдардың көлемі өзгермейді, бұндай жағдайда вирусты анықтауда үлкен қиындыққа әкеп соғады. Стэлс вирустары өте қиын анықталатын жасырыну категориясына жатады.
Шифрленген вирустар. Бұл вирустар өз кодтарын өздері шифрлеп, файлдарда, жадында және бөлімде анықталуын қиындатады. Осы вирустардың әр нұсқасы тек қысқа және жалпы фрагменттерден тұрады – шифрді шешу тәртібін сигнатура ретінде тандауға болады. Әр жұқтыру кезінде ол автоматты түрде өзін әр дайым әр түрлі шифрлайды. Осы амалдармен вирус, антивирустық бағдарламаларының анықталуынан жасырынады.
Полиморфты вирустар. Бұл вирустардың қаупі олардың арнайы техника қолдана отырып кодтарын ауыстыру және түрін өзгерту арқылы антивирустық бағдарламаларынан жасырынады. Ең бірінші полиморфты вирусты 1990-шы жылы Марк Вашбёрн жазып осындай қуатты және қаупті вирустардың тууына негіз қалады. Бұл түрлі вирустар жоғарыда сипатталғандай өз кодын толығымен өзгерте алады. Бұндай кодтардың өзгерістері кезекті компьютерді жұқтырғаннан кейін басталады. Вирус кодтарының өзгеру салдарынан көптеген түрлі пішінде зиянкес көбейіп, антивирустың вирустарды анықтауын қиындатады. Көп жағдайда кодтардың өзгеруі операторлардың қосылуымен жүзеге асырылады және бұл жай вирустың қағидатын өзгертпейді.
Компьютерлік вирус өмірінің кезеңдері
Әдетте өмір сүру барысында вирус келесі кезеңдерден өтеді:
1. Беймәлім/жасырын фаза. Бұл фаза кезінде вирус еш әрекеттерді орындамайды.
2. Таралу фазасы. Бұл кезең барысында вирус өзін-өзі көбейтеді.
3. Жұқтыру немесе ерекше мақсатталған функцияларды орындау кезеңі
4. Көріну фазасы. Вирус әрекеті іс жүзінде осы фаза барысында орындалады.
Компьютерлік вирустарды айқындау
Вирустарды айқындаудың келесі әдістері белгілі:
1. Сигнатуралық талдау технологиялары – файлдарда вирус сигнатураларының болуына тексеруден, яғни бағдарламалық кодта вирустардың белгілі түріне тән жолдарды іздеуден тұратын вирустарды анықтау әдісі. Сигнатуралық талдау вирустарды айқындаудың ең танымал әдісі болып табылады және қазіргі кездегі антивирустардың негізінен барлығында қолданылады. Әдістің бұл түрінде келесі кемшіліктер бар: антивирус қорында сақталатын вирустық сигнатуралар жиыны антивирусқа тексеріс жасау үшін қажет, сондықтан да антивирус қоры жиі жаңартылып тұруы қажет; бұл әдіс танымал вирустарды айқындау барысында тиімді болып келеді.
2. Эмуляция. Жұқтырылған файлдың іске қосылуын имитациялайды, солайша қандай болмасын зиянды кодты (БҚ) тексереді. Басында файл құмсалғыш деп аталатын виртуалды ортаға орналастырылады. Қарапайым сөзбен айтқанда, файл шынайы ортамен, яғни операциялық жүйемен өзара әрекеттесетіндігіне нанады, ал бұл шын мәнінде олай емес. Бұл әдіс үлкен уақыт шығындарын қажет етуі мүмкін – бұл жүйенің баяу жұмысына әкеліп соқтыруы мүмкін.
3. Эвристикалық талдау – жұмыс нәтижесі күдікті объектілерді айқындау болып табылатын ықтималды алгоритмдерге негізделген технология. Эвристикалық талдау барысында файл құрылымы, оның вирус үлгілеріне сәйкестігі тексеріледі. Ең әйгілі эвристикалық технология болып файл қамтылымын танымал вирустар сигнатуралары мен олардың комбинацияларының модификацияларының болуына тексеру табылады. Мұның барлығы бұрыннан танымал вирустардың жаңа нұсқалары мен гибридтерін антивирус қорын қосымша жаңартусыз айқындауға көмектеседі. Эвристикалық талдау белгісіз вирустарды айқындауда қолданылады, сәйкесінше, емдеуді қажет етпейді. Бұл технология оның алдында вирус не вирус емес екендігін 100 пайызды айқындай алмайды, және кез-келген ықтималды алгоритм сияқты жалған ҚОСЫЛУЛАРМЕН (срабатывание) қателеседі.
4. Мінез-құлық бойынша талдау – тексеріліп жатқан объектінің сипаты туралы шешім оның жасаған операциялар талдауына негізделіп қабылданатын технология. Мінез-құлық бойынша талдау тәжірибе жүзінде тар шеңберлі түрде қолданылады, себебі вирустарға тән әрекеттердің көбісі кәдімгі бағдарламалық қосымшалар арқылы да орындала алады. Ең көп атақты макростар мен скрипттердің мінез-құлық талдағыштары алды, себебі сәйкес вирустар бір типті әрекеттерді іс жүзінде әрдайым орындайды. Мысалы, жүйеге ендіру үшін әр макровирус дерлік ылғи да бір алгоритмді қолданады: стандартты командаларды орындау барысында (мысалы, « Save », « Save As», «Open», және т.б.) Microsoft Office ортасымен іске қосылатын кез-келген стандартты макросқа normal.dot шаблондарының негізгі файлын және қайта ашылатын құжатты жұқтыратын код жазылады. BIOS-қа ендірілетін қорғаныс құралдарын мінез-құлық талдағыштарының қатарына апаруға болады. Компьютер MBR-іне өзгерістерді енгізу талпыныс жасалғанда талдағыш әрекетті блоктап, қолданушыға сәйкес ескертуді көрсетеді. Одан басқа, мінез-құлық талдағыштары файлдарға тікелей қол жеткізу талпыныстарын, жүктелетін жазбаға өзгерістерді енгізуді, қатқыл дисктерді форматтауды және т.б. әрекеттерді қадағалай алады. Мінез-құлық талдағыштары жұмыс үшін вирус қорлары секілді қосымша объектілерді қолданбайды, соның салдарынан танымал және белгісіз вирустарды ажырата алмайды – барлық күдікті бағдарламалар белгісіз вирус болып саналады. Осыған ұқсас, мінез-құлық талдау технологияларын жүзеге асыратын құралдар жұмысының ерекшеліктері емдеуді қажет етпейді.
5. Бақылау сомасын талдау – бұл компьютерлік жүйедегі объектілердегі өзгерістерді қадағалау әдісі. Өзгерістер сипатының – бір уақытта орындалуы, көпшілікке ортақтығы, файл ұзындықтарының бірдей өзгеруі – талдауына негізделе отырып, жүйе жұқтырылуы туралы қорытынды жасауға болады. Бақылау сомасының талдағыштары (сонымен қатар «өзгерістер ревизоры» атауы қолданылады), мінез-құлық талдағыштары секілді, жұмыс барысында қосымша объектілерді қолданбай, жүйеде вирустың болуы туралы үкімді тек сарапшылық бағалау әдісімен шығарады. Бақылау сомасын талдаудың үлкен атағы бір есепті операциялық жүйеге қатысты еске түсірулермен байланысты, ол кезде вирустар саны бұған қарағанда шамалы аздау болатын, файлдар саны азырақ келіп, сирек ауысатын. Бүгінгі күні өзгеріс ревизорлары өзінің күшін жойып, антивирустарда өте сирек қолданылады. Жиі осындай технологиялар қол жетімдік бар болған жағдайда сканерлерде қолданылады – алғаш тексеріс кезінде файлдан бақылау сомасы алынып, кэште орналастырылады, бұл файлдың келесі тексерісі алдында сома тағы бір рет алынып салыстырылады, өзгерістер табылмаған жағдайда файл жұқтырылмаған болып саналады.
Компьютерді вирустардан қорғау кеңестері
· Антивирустық бағдарламалық қамтамасыз етуді орнатыңыз.
· Электрондық пошта хабарламаларындағы сұралмаған тіркемелерді ашпаңыз.
· Компьютерді актуалды күйінде ұстаңыз.
· Брандмауерді қолданыңыз.
· Браузер құпиялығының параметрлерін қолданыңыз.
· Браузерде қалқып шығатын терезелерді блоктау функциясын қолданыңыз.
· Тіркелу жазбаларын бақылауды іске қосыңыз.
Қорытынды
Қазіргі уақытта әлеуметтік желілердің бірінде де тіркелмеген Желі пайдаланушысын табу қиын. Бүгінгі күннің тенденциясы сондай, адам көбінесе бірден бірнеше қызметтерді пайдаланады, мысалы, ВКонтакте, Facebook және Twitter. Бұл ретте егер бұрын сөйлесу үшін мессенджерлер пайдаланылған болса (ICQ, Jabber, Skype, Google talk и другие), онда қазір осындай сөйлесуге арналған алаңшалар ретінде әлеуметтік желілер әрекет етеді.
Көптеген адамдар әлеуметтік желілерді электронды күнделіктер ретінде қабылдайды, онда өздерінің ойларын жазады, идеяларымен бөліседі және өткен ғасырлардағы қағаз күнделіктермен салыстырғанда әлеуметтік желілердің баршаға қолжетімді екендігін және оларды оның қандай мақсат қойғандығына қарамастан, кез-келген адамның пайдалана алатындығын ұмыта отырып, өздерінің қатынастарын сипаттайды. Сонымен қатар, кез-келген әлеуметтік желі тіркелген пайдаланушы туралы белгілі бір мәліметтердің ұсынылуын қарастырады. Егер адам өзі туралы шынайы мәліметтерді көрсетсе, онда аталмыш ақпараттық жүйеге өзінің дербес деректерін енгізеді. Және осы деректер тізімі өте кең болуы мүмкін – ТАӘ, жасы, тұрғылықты жері, уақыттың қазіргі сәтіндегі өзінің орналасқан жерінен бастап, сүйікті актеры, түсіне және т.б. дейін. Басқа сөздермен айтқанда, адамдар өздері туралы жеке деректердің ауқымды көлемін көрсетеді. Және егер әлеуметтік желінің артықшылықтары мен кемшіліктерін таразыласақ – қайсысының артық болары белгісіз…
Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет.
2. А. Филимонов. «Построение мультисервисных сетей Ethernet». — М.: BHV, 2007.
3. «Руководство по технологиям объединенных сетей». 4-е изд. — М.: Вильямс, 2005.
4. «Ақпарттық технология», Астана – 2011ж., Н.Ермеков
5. https://kk.wikipedia.org