Ашы? саба? Мені? с?йікті та?амым (4 сынып)


«№9 ЖОББГМ»ММ
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
Карманова Нұргүл Аманжолқызы
Менің сүйікті тағамым.
(Ашық сабақ, 4-сынып)
Сабақтың мақсаты: Жаңа сөздермен таныстыра отырып сөйлем құрап, сұраққа жауап беру арқылы тілдерін дамыту.
Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу.
Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету.
Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру.
Күтілетін нәтиже:
* Жаңа сөздерді есте сақтауға жағдай туғызу.
* Жалғауларды дұрыс жалғай білуге үйрету.
* Тағамның адам өміріндегі қажеттілігін ұғындырып, қадірлей білуге дағдыландыру.
Сабақтың әдісі: Жұптық жұмыс, СТО әдістері, сұрақ-жауап, түсіндіру, ой қозғау, талдау, INSERT стратегиясы.
Сабақтың типі: жаңа тақырыпты меңгерту
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, суреттер, стикерлер.
Техникалық құралдар: Компьютер, интерактивті тақта
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Сәлемдесу. (Бүгін біз сіздермен қазақ тілі сабағын
өткіземіз. Сабаққа дайынбыз ба? Ендеше, қысқы
шуақты күні сәттілік тілеймін.
2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
3. Оқушылардың ынта-зейіндерін сабаққа аудару.
(шаттық шеңбер құру) мотивация кезеңі
Қайырлы күн, біз көңілді баламыз!
Қайырлы күн, сәлемдесіп аламыз!
Мақсатымыз – білім алу!
Міндетіміз – еңбектену.
Жақсы балалар, енді орындарымызға отырып, сабағымызды бастайық.
ІІ. Өткен тақырыптарға шолу жасау – ТҰСАУКЕСЕР

Білімдерін тексеру үшін тақтаға назар аударайық.
Тақтада құлыптаулы сандық бар екен.
Аузы құлып сандықты тіс ашпаса, тіл ашады дегендей жұмбақты шешейік, сандықты ашайық.
Жұмбақ
Сылдыр сұйық су емес,-
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да, қар емес,
Шешуін кім табады. (СҮТ)
Жақсы, балалар, сандық ашылды ішінен тапсырмалар шықты, енді осы
тапсырмаларды орындайық.
Біз қандай тағам түрлерін білеміз?
Ұннан жасалатын қандай тағамдар бар?
Сүттен жасалатын қандай тағамдарды білеміз?
Қандай ет тағамдары болады?
Енді балалар әрі қарай жұмысымызды топпен жалғастырамыз.
Ең алдымен балалар өздеріңнің сүйікті тағамдарына не жатады?
Соны айтып шықсақ.
Стикерлерді таңдаймыз. (қызыл, жасыл, сары)
Қызыл – 1 топ - Сүт тағамдарын атағандар алады
Жасыл – 2 топ – Ет тағамдарын атағандар алады
Сары – 3 топ – Ұн тағамдарын атағандар алады
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ТАПСЫРМА (оқылым әрекеті) – Мәтінді түсініп оқып, сұрақтарға
жауып беріңдер.
1-ші топ
Сүт тағамдары.
Мынау – «Эмиль» фирмасы. Мұнда сүт тағамдары әзірленеді. Сүт тағамдары азық-түлік дүкендерінде сатылады. Сүт тағамдары өте пайдалы, кальцийге бай. Сүт тағамдарына: май, айран, ірімшік, балмұздақ, қаймақ, құрт, сүзбе жатады. «Эмиль» фирмасының тағамдары үнемі жаңа, жұмсақ, таза, пастерленген болады. Маған сүт тағамдары қатты ұнайды.
«Эмиль» фирмасында не әзірленеді?
Сүт тағамдары қайда сатылады?
Сүт тағамдары қандай?
Сүт тағамдарына нелер жатады?
ші топ
Ет тағамдары.
Қазақта ұлттық тағамдар алуан түрлі. Еттен түрлі тағамдар жасайды. Қазақтың басты ұлттық тағамы – ет. Етін жеп, сорпасын ішеді. Ет тағамдарына бесбармақ, қуырдақ,қарта, қазы, жал, жая жатады. Еттен қуырдақ қуырады. Суық жерде тұрса да, жылқының сорпасы қатпайды. Жылқының еті өте сіңімді болады.
Қазақтың басты ұлттық тағамы не?
Ет тағамдарына нелер жатады?
Жылқының еті қандай?
Еттен не қуырады?
3-ші топ
Ұн тағамдары.
Диқандар күзде жер жыртып, егін егеді. Күзде піскен егінді жинап алады. Элеваторда бидайдан ұн тартылады. Ұннан әр түрлі нан пісіріледі. Олар: бауырсақ, шелпек, самса, тоқаш, торт, печенье. Дүкеннен қалаған нанымызды сатып аламыз.
Диқандар күзде не істейді?
Ұннан не пісіріледі?
Нанды қайдан сатып аламыз?
Ұн қайда тартылады?
2-ТАПСЫРМА – (айтылым әрекеті) - Мына мақал – мәтелдерді жалғастырыңдар.
1-ші топ
Ас – адамның (арқауы ).
Ағайын тату болса ат көп,
Абысын тату болса(ас көп).
2-ші топ
Ет етке, сорпа (бетке).
Аздың атасы бір,
Көптің батасы (бір).
3-ші топ
Арпа, бидай ас екен,
Алтын,(күміс тас екен).
Ас иесімен (тәтті).
3-ТАПСЫРМА – (жазылым әрекеті) - Жалғауларды дұрыс жалғаңдар.
1-ші топ. Сүт тағамдары.
Көп нүктенің орнына септік жалғауларын дұрыс жалға.
Ата... үйрен, сүт... жаса, төсек... тұрды, ағам... сұра.
Керекті жалғаулар: (-дан, -нан, - ден, - тен)
2-ші топ. Ет тағамдары.
Мына сөздерге тәуелдік жалғауларын жалғап жазыңдар.
Тағам, сорпа, жылқы, сиыр, шұжық, ет.
(-ң, -ым, -ы, -сы, ыңыз, -і)
3-ші топ. Ұн тағамдары.
Берілген сөздерге көптік жалғауларын қойып жазыңдар.
Нан, егін, диқаншы, тағам, астық, бауырсақ.
4-ТАПСЫРМА – (тілдесім әрекеті) – Сөйлесімді оқыңдар, аударыңдар.
1-ші топ. Сүт тағамдары.
-Базардың қасында азық-түлік дүкендері бар ма?
-Иә, үлкен және шағын азық-түлік дүкендері бар.
-Онда сүт қанша тұрады?
-Сүт...теңге тұрады.
-Ірімшік бар ма екен?
-Ірімшік жоқ, айран бар.
-Айран қанша тұрады?
-Айран ...теңге тұрады.
-Маған айран беріңізші.
-Рақмет, сау болыңыз.
2-ші топ. Ет тағамдары.
- Сәлем...
- Сәлем...
- Қалың қалай?
- Жақсы, сенің ше?
- Жаман емес.
- Сен қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесің?
- Мен қазақтың ұлттық тағамдарының негізгі үш түрін білемін.Олар ет, сүт, нан тағамдары
- Ет тағамдарына нелер жатады?
- Ет тағамдарына жая, қуырдақ, қазы, ет жатады.
- Сүт тағамдарына не жатады?
- Сүт тағамдары ірімшік, құрт, май, сүт, қымыз, қаймақ жатады
- Рақмет, сау бол!
- Сау бол!
3-ші топ. Ұн тағамдары.
Сен нанды қай дүкеннен аласың?
Мен нанды азық – түлік дүкенінен аламын.
Отбасыңа қандай нан ұнайды?
Отбасыма ақ нан ұнайды.
Нансыз тамақ іше аласың ба?
Жоқ, нансыз тамақ іше алмаймын.
Сенің анаң ұннан қандай тағамдар дайындайды?
Менің анам ұннан нан, тоқаш, бауырсақ дайындайды.
Сен өзің нан пісіре аласың ба?
Жоқ, әзірше пісіре алмаймын.
Жерде нан жатса, сен не істейсің?
Жерде жатқан нанды көтеріп, торғайларға беремін.
Қатқан нанды не істейсіңдер?
Қатқан нанды да жібітіп, торғайларға беремін.
Бағалау:
Әдісі: өзара бағалау.
Орындалуы: бағалау парағы арқылы бір- бірін бағалайды.
Қырытынды баға қояды.
Топ басшысы өзінің топтағы бағалаған оқушылардың бағаларын айтады, бағалау парақтарын тапсырады.
Үй тапсырмасы: Өз сүйікті тағамдары жайында шағын әңгіме жазу.
Қорытынды - Рефлексия:
Әдісі: INSERT әдісі.
Орындалуы: Сабақта не ұнады, нені білдім, нені білгім келеді, не ұнамады.
Оқушыларға түрлі- түсті стикерлер беріледі.
Оқушылар өздерінің ойларын стикерлерге жазып, жапсырып кетеді.

Сөйлем керек.
Стикерлерді дайындау.
Бағалау парағын дайындау.
Жаңа сөздерді жазып қою.
Тақтаға, партаға стикерлер бойынша тағам суреттерін дайындау.
Слайд дайындау. МИКА