Коучинг О?ытуда?ы жа?а т?сілдер ар?ылы дарынды о?ушыларды? шынайы ?абілеттерін аны?тау
Құрастырған: Отынбаева Дана Бекеновна, қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, І деңгей
«№27 ЖОББМ» КММ, Семей қаласы
Коучинг Мектеп мұғалімдеріне
Сабақтың тақырыбы: Оқытудағы жаңа тәсілдер арқылы дарынды оқушылардың шынайы қабілеттерін анықтау
Жалпы мақсат: Оқушылардың бойларындағы талант пен дарындылықты анықтау жолдарын үйренеді
Сілтеме: Мұғалімге арналған нұсқаулық 24
-28 бет
үлестірмелі материалдар, бейнесюжеттер
интернеттен «Дарынды балалар», «Кувшин» видео, матрица
Оқу нәтижелері: Мұғалімдер түрлі тапсырмалар орындау барысында дарынды және талантты оқушыларды анықтау жолын табады.
Дарынды және талантты оқушылармен жұмыс жасау тиімділігі жайлы мағлұмат алады,оны өз тәжірибелерінде қолданады.
Ақпарат көздері, қолданатын материалдар: Интер белсенді тақта, флипчарт,А4 форматтағы қағаздар, маркер,стикерлер
Негізгі идеясы: Дарынды және талантты оқушылардың мінез-құлықтарының пайдалы тізімін ұсынған Макэлпайн мен Рид (1996) .
Әдіс -тәсілдер: Топпен жұмыс: жұппен жұмыс, жеке, топта талқылау. АКТ қолдану: СТО: «Блум таксономиясы».
Тапсырмалар
Тапсырма түрлері Коучердің іс-әрекеті Коучтың іс-әрекеті Тапсырмалар жүйесі
Психологиялық ахуал туғызу «Арқаға жазылған комплимент» сергіту сәтін өткізу.
Мұғалім 3 түрлі жемістің атын айтады және бір жемісті атаса, сол жемістер ғана орын ауыстырады. Осылай ойын 3-4 рет ойналады да оқушылар осы бөлінген қалыптарында орындарына отырады.Топ ережелерін әр топ өздері жазады, тақтада ортақ ереже тақтаға ілінеді.
1)Білу. Интерактивті тақтадан аудандық деңгейде мектебімізден пән олимпиадаларында,жыр-мүшайра сайыстарында,ғылыми жұмыстар байқауында жүлделі орын иеленген оқушылар мен олардың жетекші мұғалімдері туралы тұсаукесерді көрсете отырып,бүгінгі коучинг сессия тақырыбы қандай екендігін сыни тұрғыдан ойлана жауап беретін сұрақ қоямын
Мұғалімдерге талантты және дарынды балаларды анықтау үшін іс әрекет ұйымдастыру1) «Үш жасар дарынды бала - талайларды таңқалдырды» «Дарынды бала» туралы видеоны көрсету;
2) Ой қозғау ретінде
«Қағазды умаждау»А- 4 парағын оң қолға ұстап умаждайды, содан кейін сол қолымен оны ашып түзетеді. (Мақсатымыз: сол қолымен қағазды түзету қандай қиын болса, баланың бойындағы дарындылықты ашу сондай қиын екенін түсіну.) Сұрақтарға жауап береді. АКТ, өздік жұмыс
Бейнежазбалар туралы ой бөліседі. Бейнежазбаларды талдайды.
Миға шабуыл немесе ой қозғау:
2) Түсіну. 1) «Одаренные дети» деген видеоны ұсыну;
1) Мағынаны тану.
1-топ:«Дарынды оқушы» сипаттамасын жазу, дарынды оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу, дарынды болуына әсер етуші факторларды постер салу арқылы2-топ:«Талантты оқушы» сипаттамасын жазу, талантты оқушының бойындағы қасиеттерін аша білу, талантты болуына әсер етуші факторларды постер салу арқылы
3-топ:Талантты және дарынды балаларды анықтай отырып, олардың ұқсастықтарын, айырмашылықтарын постер салу арқылы көрсету (венн диаграмасы).
(10 мин)
-Әр топтан спикерлерін сайлайды;
-Топ спикерлері қалған 2 топқа өз постерлерін таныстырып өтеді.
2) «Дарындылық матрицасын» көрсетемін.
3) Дәлелдеу мақсатында мен «Дарынды және талантты оқушыларды оқыту» танымдық слайд көрсету Топпен жұмыс АКТ, топпен жұмыс
Өздік және талқылау жұмысы өтеді.Зерделей отырып өз ойларын түсіреді.
Бірінің білімін бір толықтырады.
3) Қолдану
Дарындылық пен таланттылыққа жаттығу жұмыстары
3 – топтан мұғалімдерді шығарып тосын тапсырмалар беру.
1-тапсырма:
Кез-келген тақпақ айту
2-тапсырма:
Сол тақпақты әнге салып айту.
3-тапсырма:
Сол тақпақты репп бағытында айту. Тосыннан берілген тапсырмаларды мұғалімдер орындау барысында олардың арасынан да дарындылық пен таланттылық қасиеттер айқындалады. 4) Талдау.
1) Макэлпайн мен Ридтің дарынды балалар сипаттамасын беріп, оқып, енді осы сипаттамаларға сай келетін өз оқушыларын әр санат тұсына жазу ұсынамын.
-Әр топтан 1 коуч оқиды.
Ескерту:Кейбір бала барлығына ие болса, кейбірі сәйкес болып, басқасынан ақсауы мүмкін. Өз оқушыларына сипаттама береді. Өздерінің дарынды оқушыларын анықтайды.
5) Жинақтау. Ақылдың 6 қалпағы тәсілімен «Дарынды және талантты оқушылар үшін жалпы мектептік жағдайлар жасау...» тақырыбына коуч ұсынған қалпақтың түсіне қарай ойларымен бөлісу. Мұғалімдердің пікірлерін тыңдау. Жұптық, жеке жұмыс
6) Бағалау. «От шашу» арқылы топтар бір-бірінің іс-әрекеттеріне баға беру Топпен жұмыс
Қорытындылау -Барлық бала бірдей талантты, дарынды болуы мүмкін емес.
Ендеше, «Кувшин» видеосын ұсынамын. Видео көреді, өз ойларын қорытады. АКТ
Рефлексиялық кезең. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша кері байланыс. Стикерлер таратып осыған бүгін коучингтен алған әсерлерін жаздыру және келесі коучингте не туралы білгілері келетінін жаздыру.