Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар (7-сынып)


Пәні Қазақ тілі 6-сынып.13.10.2014жТақырыбы Дауысты дыбыстар. Жуан және жіңішке дауыстыларСабақтың мақсаты Оқушылардың фонетика бойынша алған білімдерін тереңірек тиімді жолмен ұғындыру;Сабақтың міндеттері: Дауысты дыбыстардың айтылу ерекшелігін ұғындыру; адамгершілікке шақыру; шығармашылық ойлау қабілетін арттыру, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.Сабақтың типі: Білік пен дағдыны қалыптастыруОқытудың әдісі: Түсіндірмелі, сұрақ- жауап, іздендіру жұмыстарыСабақтың түрі: Ізденіс сабағыКөрнекілігі: кеспе қағаз, сызба, жұлдызшаСабақтың барысы:І. Ұйымдастыру бөліміОқушыларды түгелдеу. Оқу құралдарын тексеруІІ. Өткен тақырыпты пысықтауЖүгіртпе сұрақтар:1. Фонетика нені зерттейді?2. Әріп деген не?3. Әліпби деген не?4. Неше дыбыс бар? (37) Нешеуі дауысты, нешеуі дауыссыз?5. Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Оларды ата?«Бір сөзбен айт» тренингі(Шапшаң, тапқыр болуға жетелейді)Оқушыларға әріптер жазылған парақтар таратылады. А,Ә... әріптерінен басталатын адам бойында кездесететін жақсы қасиеттерді атаймыз.IІІ. Жаңа сабақ1. Тақырыбын тақтаға жазып қою.Дауысты дыбыстарды айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай еркін шығады.(Суреттен дауыс жолдарын көрсету)№2 кесте бойынша дауысты дыбыстармен таныстыруа, ә, е, э, о, ө, ұ, ү, у, ы, і, и.а) төл дауыстылар: а, ә, е, о, ө, ұ, ү, у, ы, і.ә) Қазақтың төл сөздерінде и,у жазылғанымен олар дербес естілмейді.Мысалы: ит- ійт, су- сұу, сурет- сүурет;б) Дауысты дыбыстар тек үннен ғана тұрады.в) Дауысты дыбыстар буын құрайды.А- на, а-қыл, мек-теп, ә-же, т.б.№3 кесте бойынша дауысты дыбыстар жасалуына қарай бөлінеді.Тілдің қатысуына қарай жуан, жіңішке болып бөлінеді.Жуан дауыстылар: а, о, ұ, ы, у.Жіңішке дауыстылар: ә, ө, ү, е,э, і, и, у.а) Қазақтың байырғы төл сөздерінде дауысты дыбыстар бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келеді.Мысалы: Жолдау. Үнемдеу. Өндіріс. т.б.ә) Кірме сөздерде бұл заңдылық сақталмайды.Мысалы: емтихан, тарих, фонетика т.б.Тақтамен жұмыс. 240-жаттығуды жазбаша орындау. Жұмбақтың жауаптарындағы дауысты дыбыстарға математикалық тәсілмен мінездеме беру. (Шешуі: жұмыртқа, жылқы, жарқанат)Кеспе қағаздармен жұмыс. 241-жаттығуТоптық жұмыс. Көп нүктенің орнына тиісті дыбыстарды қойып көшіру1-топ 1 абзацты орындау2-топ 2 абзацты орындау3-топ 3 абзацты орындауСергіту сәті. «Болайықшы осындай» әнін орындауОқулықпен жұмыс. 243-жаттығу. Төмендегі жұмбақтардың шешуі қай әріптер екенін табуШығармашылық жұмыс «Фонетика жыр жолында»(Өлең құрастыру)IV. Сабақты бекітуЛездеме сұрақтар (уақыты 2 минут )1-топ: Дауысты дыбыстардан басталатын ұлттық спорт ойындарын ата2-топ: Айтылуы жағынан бір-бірімен ұйқасатын бірнеше сөз теріп жаз3-топ: А дыбысынан басталып, осы дыбысқа аяқталатын 10 сөз жазV. БағалауVІ. Үйге тапсырма: «Қыс қызығы» тақырыбында эссе жазу