Сауат ашу Мектеп асханасы. Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар 1-сынып


Бекітемін:
Күні: 04.04.17
Сынып: 1 Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.3 Тыңдалған материалды мазмұндау.
1.4 Оқиғаны болжау.
1.6 Тыңдаушы-ның назарын аудару.
Сабақтың мақсаттары 1.1.3.1 Мұғалімнің көмегімен оқиғаның ретін сақтай отырып баяндау.
1.3.7.1 Мұғалімнің көмегімен сөз, сөйлем, мәтінді тексеру және қателерін түзету.
1.1.6.1 Сөйлеу барысында сипаттау /салыстыру сөздерін, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын (ым-ишара, қимыл), дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасын-дағы кідірісті қолдану.
Жетістік критерийлері Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Құндылықтарды дарыту Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыс Өнер, ана тілі сабағы
АКТ қолдану дағдылары Аудиожазба , таныстырылым.
Тілдік құзыреттілік Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут Бала, бала, балапанҚане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапанҚане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
2. Біз кеше қандай жаңа тақырыппен таныстық? Дыбыстар сонымен неше түрге бөлінеді? Кім атайды? Жуан дауысты дыбыстарды кім атайды? Жіңішке дауыстыларды кім атайды? Шаттық шебері
Сабақтың ортасы
20 минут
1-жаттығу. Оқулықта берілген мәтінді оқушыларға оқыту. Әңгіме желісі бойынша сұрақтар қойып, мазмұнын айтқызу.
Әрі қарай оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасау. Оқушылардың мәтіндегі соңғы сөйлемнің мағынасын талдауына ықпал ету.
Тақтамен жұмыс .
Тағам, сәбіз сөздерінің дыбыстық сызбасын жасату
2-жаттығу. Оқулықта берілген жаттығуды №1- жұмыс дәптеріне орындату. Оқулықтағы тапсырмаларды оқытып, жұмбақты жатқа жазғызу. Жұмбақтың шешуіне дыбыстық талдау жасату. Оқушылардың жұппен жұмыс жасап, орындалған жұмысты өзара бағалауын іске асыру. Қатені табу және түзету білігін бағалау.
Дәптердің 14-бетіндегі тапсырмаларды орындату.
Берілген сөздердегі ортақ дыбыстарды тапқызып, көркем жазғызу. Мысалы: ү, а, ұ.
Үсенге жіңішке дауысты дыбыстары бар балықтарды аулауға көмектестіріп, тапқан сөздерін дәптерге жазғызу.
3-жаттығу. Оқушылардың ой ұшқырлығын, иллюстрация бойынша болжай алу білігін бағалауды ұйымдастыру. Ребустың шешуін тапқызып, оқулықта берілген тапсырмамен жұмыс ұйымдастыру.
4-жаттығу. Тыңдаушының назарын өзіне аударып, жаңылтпашты жатқа айта алу білігін бағалауды ұйымдастыру.
Дауыс ырғағын, мәнерін, қарқынын, сөз арасындағы кідірісті қолдана алу шеберліктерімен жұмыс жүргізу. Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
Сергіту сәті
1 минут Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш. Сергіту сәтіне арналған жинақ
Аяқталуы
16 минут
Қызықты тапсырма
8 минут
Оқулықта берілген сұрақтар бойынша іздену жұмыстарын ұйымдастыру. Оқушыларға сөздердегі ы, і дыбыстарының бір-біріне ұқсастығы мен бір-бірінен өзгешелігінің мәні неде екеніне дәлелдеулер жасату. Оқушылардың өз ойларын ашық айтуларына мүмкіндік жасау. Дыбыс түрлерін ажырату, іздену жұмыстарын жүргізіп, өз іс-әрекетіне рефлексия жасау мүмкіндігін бағалауды ұйымдастыру.
Оқушылардың жұмыстарын топта жариялатып, өз іс-әрекеттеріне «Менің сөзім» әдісі арқылы рефлексия жасату
Оқулық, дәптерлер.
Сабақтың соңы
2 минут
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
Бас бармақтар
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау парақшасы бойынша бағалау
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы АКТ Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады. Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.