Азы? – т?лік д?кенінде. Жуан ж?не жі?ішке дауыстылар. (6 Сынып)
Пән: қазақ тілі 6-сынып
Сабақтың тақырыбы: Азық – түлік дүкенінде. Жуан және жіңішке дауыстылар.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларды тақырып бойынша диалог құрастырып, жаңа сөздерден монолог құруды үйретіп, жуан жіне жіңішке дауыстыларды ажыратып, дыбыстық талдауын үйрету.
2.Дамытушылық: Жуан жіне жіңішке дауыстыларды қолданып дыбыстық талдаулар жасау , үндестігіне көңіл бөлу,оларды ажыратуға, сөз қорларын байыту, сауатты жазуға дағдыландыру.
3.Тәрбиелік: Оқушыларды ата – аналарын, үлкендерді құрметтеуге тәрбилеу, жеке гигиенасын сақтап, азық - түлікті таза, жуып жеу жолдарын ескерту..
Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
Амандасу. Қазір қай жыл мезгілі? Күздің айлары қандай?Бүгін қазанның нешесі? Аптаның қай күні? Бүгін сыныпта кім кезекші?
II Дыбыстық жаттығу.
ә - және, і – ірімшік, ү – сүт, қ – қанша, ұ – тұрады, ң – теңге.
Мұғалім өзі айтып тұрады, балалар қайталайды. Екі оқушы шығып, айтып тұрады, оқушылар қайталайды.
III Үй тапсырмасын тексеру.
Ережені жаттау.Оқушыларды ауызша, жеке сұраймын./мен дүкенге барамын/
IV Сөздік жұмысы. Берілген сөздерді қатыстырып, бірнеше сөйлем құру.
Сүт –молоко, ірімшік – сыр,творог, айран – кефир, азық – түлік дүкенінде – в продуктовом магазине., сатылады - продоетсья, сатып алушы - покупатель, жаңа түскен - вновь поступивший...
Оқушылар сөздік дәптерлерді ашып, сөздерді көшіріп жазыңдар.Қазақ тіліне тән дыбыстарға көңіл бөліп шығамыз.
V Азық түлік атауына көптік жалғау жалғап, сөйлем құру
VI Диалог "Азық - түлік дүкенінде" құрастыру
VII Тәрбиелік сәті.
Балалар бұл диалогтан қандай тәрбие аламыз?
МАҚАЛ
"Адам бол, дана бол, бала бол нанды БАСПАҢДАР!"
"Ас- адамның арқауы"
VIII Жаңа тақырып.
Сөздерді екі бағанға жаз
Өсімдік, алма, нан, ет, сүт, шай, балық, ірімшік, қаймақ, май, картоп, қияр, қант, айран, макорон өнімдері, тәтті нан, шұжық, құс еті, пияз, сәбіз, кәмпит, сүзбе, құрт, балқаймақ, жент, қымыз, шұбат, бауырсақ, тоқаш.
Асты сызылған сөзге фонетикалық талдау жасау.
X Пысықтау кезеңі.
Тәуелдейміз.
Тамақ, ет, нан
XI Қорытындылау.
Балалар сабақтың тақырыбы қандай болды? Сабақта не туралы білдік?
XII Үйге тапсырма.
Монолог жазып, мазмұнын ату, ережені жаттап келу.
Сөздерді екі бағанға жаз
Өсімдік, алма, нан, ет, сүт, шай, балық, ірімшік, қаймақ, май, картоп, қияр, қант, айран, макорон өнімдері, тәтті нан, шұжық, құс еті, пияз, сәбіз, кәмпит, сүзбе, құрт, балқаймақ, жент, қымыз, шұбат, бауырсақ, тоқаш.