Ту?ан ?лкем.?.Т?рманжанов.Жуан ж?не жі?ішке ж?п дауыстылар.
Садуакасова Базаркул Ертасовна
Бастауыш класс мұғалімі
№39 қазақ орта мектебі.
Сабақтың тақырыбы: Туған өлкем.Ө.Тұрманжанов.Жуан және жіңішке жұп дауыстылар.
Мақсаты: Оқушылардың жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы білімдерін кеңейту.Өлеңді мәнерлеп оқуға жетелеу. Міндеттері: а) білімділік: о-ө дыбыстарының ерекшеліктерін аңғарту. ә) дамытушылық: сөздік қорларын,тіл байлықтарын,логикалық ойын дамыту. б) тәрбиелік: туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Сабақтың типі: Жаңа сабақ. Әдіс-тәсілдері: ойын,түсіндіру,салыстыру,практикалық. Құрал-жабдықтары: слайдтар,кестелер,портрет. Пәнаралық байланыс: дүниетану,өзін-өзі тану. Сабақтың жоспары: 1.Психологиялық дайындық 2.Жаңа сабақты түсіндіру 3.Ой қозғау 4.Ой толғаныс 5.Қорытындылау 6.Үйге тапсырма 7.Бағалау Сабақтың барысы: I. Психологиялық жаттығу - Балалар,бүгін аптаның қай күні? Сәрсенбі. Бүгін сәрсенбілік сабаққа сәттілік тілеп,бір-бірімізге жарқын жүзбен қарап,сабағымызды бастайық.
I. Ой қозғау 1-Балалар, ’’Отан’’ дегенді қалай түсінеміз?
Отан
ауыл туған жер
Атамекен
Ендеше,балалар біз бүгін Өтебай Тұрманжановтың ’’Туған өлкем’’ атты өлеңімен танысамыз.
Ө.Тұрманжанов 1905жылы 15желтоқсанда Бөген ауданындағы ’’Жалғызағаш’’ ауылында туған.Ауыз әдебиетінің белгілі зерттеушісі,көрнекті ақын.Ақын өзінің өлеңінде туған жерінің көркемдігін,сұлулығын баяндаған. 2. Оқулықпен жұмыс Ендеше,оқулығымызды ашып,өлеңге тоқталайық. а) мұғалімнің мәнерлеп оқуы ә) қысқаша мазмұнын баяндау б) тізбек оқыту в) сөздік жұмысы
3.Сергіту сәті: Би-жаттығу.Бейне-слайд анимация.
?
Ө
?
О
?
III. Ой толғаныс 1.
О,Ө дыбыстарының бір-біріне ұқсастығы мен бір-бірінен өзгешілігі неде?
2.Дәптермен жұмыс 1-тапсырма.Сөз құрастыр (жазбаша)
тан рік
О лар Ө мір
шақ зен
3. «Ойын» «Орнын тап»
4. 2-тапсырма ’’Жұбын тап’’ (жазбаша).Өз бетінше орындалады.
IV. Қорытынды 1.Жуан,жіңішке жұп дауысты дыбыстарды ажыратуды білдік? Ағаштарға сөздерді орналастыр.
Жуан ағаш: Жіңішке ағаш: домбыра, балапан, жұмыртқа, егін, көгершін, әнші, бесік, жаңбыр, қоян,ұстаз,қоңыз киік, әдемі
2. Туған өлке сұлулығын ақын қалай бейнелеген?
Біздің туған жеріміз несімен көрікті?
V.Үйге тапсырма: Өлеңді мәнерлеп оқу, 59-жаттығу. VI.Бағалау. Сабаққа жақсы қатысқан оқушылар бағаланады.
№39 орта мектеп
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: Туған өлкем. Ө.Тұрманжанов
(сауат ашу, 1 «В» класс)
Мұғалімі: Садуакасова Б.Е.
Ақтөбе-2013ж.