А? б?зау. Сиыр. Жуан дауысты дыбыстар


Пәні: Ана тілі (ашық сабақ) Күні: 27.01.2016 Сыныбы: 1«Ә» Мұғалімі: Жиенбаева АйнагулТақырыбы: Жуан дауыстылар. Сиыр. Ақ бұзау
Мақсаты: Жуан дауысты дыбыстар жайлы білімдерін жетілдіру. «Сиыр», «Ақ бұзау» өлеңін оқып, мазмұнын түсіндіру.Төрт түліктің пайдасы туралы түсінік беру.Оқушыларды мәнерлеп оқуға, түсінгендерін айтуға үйрету, байланыстырып сөйлеу дағдылары мен танымдық қабілеттерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: - пәнге деген қызығушылығы артады;
- дауысты дыбыстарды ажырата алады;
- топпен жұмыс істей алады;
- бірін-бірі бағалауды үйренеді
7 модульдің қолдануы; «Сыни тұрғыдан ойлау», «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «АКТ», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау»
Қолданылатын әдіс-тәсідер: Интербелсенді тақта, оқулық, дауысты дыбыс әріптері, үлестірмелі карточкалар, киіз үй, төрт түлік суреттері.
Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық дайындық, «Төлдер» арқылы топқа бөлу
Сабақ кезеңдері: Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Оқыту әдістері
1. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу Үлкенге де сіз,
Кіщіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге,
Құрметпенен біз!
Сыныпты топқа бөлу. Берілген төлдердің суреттері бойынша топқа бөліну. Жұптық,
топтық жұмыс
2. Өткен сабақты қайталау
Сергіту сәті: Өткен тақырып бойынша білімдерін сұрақ арқылы тексеру.
Дауысты дыбыстарды атату; «Боз бие», «Құлыншақ» өлеңдерін мәнерлеп оқыту.
Қошақаны қойдың,
Қайда қалып қойдың?
Бұлтиып тұр бүйірің,
Қай өрістен тойдың? Сөздерден дауысты дыбыстарды табу.
Төрт түлікті атайды
Қимыл-қозғалыспен сергіту сәтін орындайды. Мағынаны
ажырату
3. Жаңа сабақ;
Мағынаны тану:
Ой – толғаныс:
Сергіту сәті: Қызығушылықты ояту:Екі айнасы бар,
Екі найзасы бар,
Сыртылдаған тұяғы бар,
Бір желпуіш сияғы бар.
Бұл қандай жануар?
«Кім шапшаң?» ойыны.
Сиырдың төлін қалай атаймыз?
Оқулықпен жұмыс: «Ақ бұзау» өлеңін мәнерлеп оқып, түсіндіру
Сиырдың пайдасы туралы сұрау
Дәптермен жұмыс:
Күн ретін жазу,
28-жаттығу. 1.Өлеңді мәнерлеп оқып, көшіріп жазу.
Карточкамен жұмыс:
Сурет бойынша сөйлем құрау.
Шөре-шөре лағым,
Тентек болма, шырағым.
Секектеме деміңді ал,
Селтеңдемей құлағың. Жұмбақты шешеді
Киіз үйге дауысты дыбыс әріптерінің ішінен жуан дауысты дыбыс әріптерін жылдам орналастырады.
Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерге мысал келтіреді.
Бұзау екенін айтады.
Оқулықпен жұмыс
Сиырдың пайдасы: еті-жейміз, сүтінен- айран, ірімшік, құрт жасалады, терісінен-аяқ киім тігеді, тон тігеді..
Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тауып, астын сызады. Жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөзге мысал келтіреді.
Қимылмен көрсетеді. «Ой қозғау» әдісі арқылы жұмбақтарды шешеді
Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
Диалогтік оқыту
Топтық жұмыс
Өзіндік жұмыс
Топтық жұмыс
4.Қорытынды: Кері байланыс:
Төрт түлік туралы мақал-мәтел айтқызу.
«Ақ бұзау» өлеңін оқыту Мақал-мәтел айтады.
Оқушылар тізбектеп оқиды Топтық жұмыс
5.Бағалау: Критериймен бағалау «Бас бармақ» 6.Үйге тапсырма: Мәнерлеп оқу Мәнерлеп оқу Тіл дамыту