?ыл?алам ж?не тушьпен салын?ан сурет


3 «а» сынып «Бояулар сиқыры» үйірмесі. Күні:__________
Сабақтың тақырыбы: Қылқалам және тушьпен салынған сурет.
Сабақтың мақсаты:
а) Білімділік: Әр түрлі материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін
оқушыларға меңгерте отырып, олардың ізденісін ашу.

ә) Дамытушылық: Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру, ой-өрісін, ойлау
қабілетін, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

б) Тәрбиелілік: Мақсатына жетуге ұмтылдыру, ұқыптылыққа,
ізденімпаздыққа, өздігімен жұмыс істеуге, білімділікке
тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Бояу түрлері, түрлі қарындаштар, тушь, қылқалам, көмір, көркем суретті альбомдар, дидактикалық құралдар, иллюстрация, альбом кітаптар, т. б.

Сабақтың өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Үйге берілген тапсырманы тексеру.
Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Тапсырмаларды орындау.
Сабақты бекіту.
Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
-527051791970 Сен сызықтар жайында көп мағлұмат алдың және алуан түрлі сызықтар жүргізе аласың. Осыған дейін сызықтарды тек қарындаш және фломастермен салып келдің. Ол сызықтардың қалыңдығы біркелкі болатын. Енді сызықтарды жіңішке қылқаламмен және тушьпен сызып көр. Егер қағазға қылқаламның ұшын ғана тигізсең, сызық өте жіңішке болады. Ал қылқаламды батырыңқырасаң, сызық жуандау болады. Тұтас алғанда жүргізілген сызық жандана, әсерлене түседі. Ол бірде сенен алыстаса, бірде жақындап көрінеді. Суретшілердің айтуынша сызық тыныс алады. Мына сызықтарды салыстыр. Олардың қайсысы саған әсерлі болып көрінеді?
Қылқалам және тушьпен салынған сурет
39909758623301899285862330-62230862330Жіңішке қылқалам және тушьпен ағаштың немесе басқа заттың суретін салып көр. Егер салған суретің дұрыс шықпаса, бірнеше рет қайталап сал. Сонда ғана қолың жаттығып, салған суретің де әдемі шығады. Мына ағаштарды салыстыр. Олардан қандай әсер алдың?
-190559055Қаламұш және тушьпен салынған сурет
Қаламұшпен әр түрлі сызықтар салуға болатынын білесің бе? Онымен салынған сурет анық болып шығады. Бұл тәсілді көптеген белгілі суретшілер қолданған, соның ішінде ұлы ақын А.С. Пушкин де бар. Қаламұшпен кішкентай, жіңішке детальдарды салуға болады. Мына сурет қаламұш, тушьпен салынған. Ондай суреттер салу үшін ұзақ уақыт жаттығып үйрену керек.
4246880156210Көмірмен сурет салу
32385982980 Көмірмен сурет салу үшін бірнеше анық сызықтар жүргізілсе жеткілікті. Көмір - отқа күйдірілген ағаш таяқшалар. Онымен салынған суреттер құлпырып тұрады. Ол жануарлардың жұмсақ жүнін, құстың үлпілдек мамық қауырсынын айнытпай бере алады. Көмірді батырып сызсаң, сызық қалың, қара түсті болып шығады. Ал көмірді қағаз бетіне сәл ғана тигізсең, сызық та ашық болып түседі. Ол жалпақ немесе тым жіңішке болуы мүмкін. Көмірмен сурет тез салынады және өте әсерлі болады. Салған суретің тез өшіп қалмас үшін оны шашқа себетін лакпен қатыруға болады.
Графикалық натюрморт (Ертегі)
Түрлі түсті бояулар өзара қайсы бояу қанық әрі әдемі деп айтысты. Әрқайсысы өзін мақтаумен болды. Тек ақ пен қара бояу үндемей тұра берді. Сонда қалғандары оларға:
- Сендер неге үндемейсіңдер? Бірақ қай түрлеріңмен мақтанасындар? - деп мазақ етті. Қара мен ақ бояу ренжіп, үндемей кетіп қалды. Олар бір- біріне:
- Біз соншалықты керексіз, көріксіз болғанымыз ба? — деп мұңын айтты. Бір кезде суретші келді де, барлық бояулардың ішінен қара мен ақ бояуды таңдады. Сөйтіп ғажайып пейзаж, портрет, натюрcenter762000морттар сала бастады.
251269583185 Сонда суретшінің салған суретіне қарап қалған бояулар: «Неткен керемет! Біз бұрын неге байқамаған- быз?» - деп таңданды. Суретші кеш батқанша сурет салды. Осы оқиғадан кейін бояулар менменсінуін қойды. Енді олар қара мен ақ бояуға құрметпен қарайтын болды. Сен де графикалық натюрморт салып көр. Ол үшін графикалық тушь, қаламұш, фломастер, балауыз борлар сияқты материалдарды пайдалануыңа болады. Сурет салғанда өшіре бермей, сызықтарды әр түрлі және әсерлі етіп көрсетуге тырыс. Егер салынған суретіңнің бір жері ұнамай қалса, оны қалай түзетудің жолын ойластыр.
Графикалық туындылар
Қарашы, суретшілер өз шығармаларында сызықтардың алуан түрін қолданады. Олардың қандай құралдармен салынғанын анықтап көр. Графикалық туындыдағы әсерлегіш құралдарға назар аудар.
2543175118110412750118110
Өз біліміңді тексер
1. Графика дегеніміз не?
-127013335
2. Мына туындылар арасынан графикалық жұмыстарды анықта.
53911596520
3. График-суретші қандай құрал, материалдармен жұмыс істейді? Оларды ата.
4. Графикалық туындыны анықтап, өз таңдауыңды түсіндір.
59944062230
5. Сызықтар парақта қалай орналасуы мүмкін?
6. Қатені тап: «Графика - бұл бейнелеу өнерінің бояулармен орындалған туындысы».
7. Көмірмен салынған суреттің қарындаш, қаламұшпен салынған суреттен айырмашылығы қандай?
8. Қаламұшпен салынған суреттің қылқаламмен салынған суреттен айырмашылығы қандай?
9. «Графика» сөзжұмбағы.
03810Қарындаш, қаламұш, көмірмен сурет салатын суретші.
Графикадағы басты әсерлегіш құрал.
Көшіріп алу әдісімен алынатын графикалық жұмыс.
График-суретшінің құралы.
Алғашқы нобай сурет.
10. Графикалық жұмыстың кескіндемелік жұмыстан айырмашылығы қандай?
Үйге тапсырма беру: Әр түрлі материалдармен шығарма орында.