Та?ырып: Тура ж?не кері есепшоты бар циклдер
Сабақтың тақырыбы: Тура және кері есепшоты бар циклдер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушыларға Паскаль ортасы туралы толық түсінік беру; ондағы циклдармен жұмыс жасауды үйрету.
Дамытушылығы: Оқушыларды алгоритмнің командаларымен және құрылыммен таныстыра отырып, алгоритм құру дағдыларын қалыптастыру, логикалық ой-өрістерін дамыту;
Тәрбиелік: Оқушыларды ұқыптылыққа, жинақылыққа адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім білікті қалыптастыру сабағыСабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру2. Өткен материалды қайталау3. Жаңа сабақты түсіндіру4. Сабақты бекіту5. Үйге тапсырмаӨткен материалды қайталдау сұрақтарыАлгоритм командалары есеп шартына байланысты қалай бөлінеді?
Жай және құрама командалардың айырмашылықтары қандай?
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
Тармақталу алгоритмі мен циклдік алгоритмнің айырмашылығы қандай?
Компьютерде есеп шығару қандай кезеңдерден тұрады?
Жаңа сабақты түсіндіру.
Тілдің алфавиті программаның элементтерін құруда қолдануға болатын символдар жиынынан тұрады. Оған әріптер, цифрлар және арнайы белгілер (символдар) жатады.
Тіл ерекшіліктеріне қарай символдар тобын шартты түрде төмендегі топтарға жіктеуге болады:
атаулар (идентификатор);
цифрлар;
айыру белгілері;
арнайы символдар.
Атау символдары ретінде латын алфавитінің 26 әріпі мен цифрлары қолданылады.
Арнайы символдарға пунктуация және арифметикалық операция (амалдар) белгілері жатады.
Арифметикалық амал белгілері:
(+) – қосу; (-) –азайту;
(*) – көбейту; (/) – бөлу.
DIV – және (логикалық көбейту) операциясы;
MOD – қалдықты табу. Мысалы: 10 MOD 3 амалының нәтижесі 1;
Логикалық амал белгілері:
AND – және (логикалық көбейту) операциясы;
OR – немесе (логикалық қосу) операциясы;
NOT – емес (терістеу немесе жоққа шығару) операциясы;
XOR – арифметикалық немесе амалы;
SHL – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін солға ығыстыру;
SHR – биттер (1 мен 0-дер) тіркесін оңға ығыстыру;
Айыру белгілеріне бос орын, барлық басқару символдары, тыныс белгілері, ENTER (келесі жолға көшу) пернесін басу белгісі және түсініктемелер жатады.
Сонымен айыру белгілері: ____ (бос орын);, (үтір); . (нүкте); : (қос нүкте);(нүктелі үтір) ; ` (апостроф); (;); [;] ; {;}.
Қатынас таңбалары немесе салыстыру белгілері: = (тең), <> (тең емес), < (кіші), >(үлкен), <= (кіші не тең), >= (үлкен не тең).
Тура есепшоты бар циклдер:Программалау тілдерінде «өрнек», «операторлар», «тіл синтаксисі» мен «семантикасы» ұғымдары кең пайдаланады.
Арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалар атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі - өрнек деп аталады.
Программалау тілінің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем – оператор деп аталады.
Тілі объектілерін, яғни программадағы пайдаланылатын мәліметтердің құрылымы мен ұйымдастырылуын алдын ала анықтайтын сөйлемдер жиыны - программаның сипаттамасы болып табылады.
Синтаксистік диаграммаларда екі геометриялық фигура тіктөртбұрыш және (кейде дөңгелек) кең пайдаланады. Тіктөртбұрыш ішінде тілдің анықталатын элементтер ал элипс ішінде терминалдық символдар, яғни анықтауды қажет етпейтін таңбала жазылады.
Сабақты бекіту сұрақтарыЦикл дегеніміз не?
Ғ10 пернесінің қызметі қандай?
Ғ5 пернесінің қызметі қандай?
АІТ + Ғ5 пернесі қандай қызмет атқарады?
Программаны орындауға жіберу қандай пернелер комбинациясы арқылы орындалады?Үйге тапсырма:
Оқушыларды бағалау: