Алгоритм типтері. Циклдік алгоритм 6-сынып


Жаңаөзен мектеп – гимназиясы
Алгоритм типтері. Циклдік алгоритм
Қазақстанда халықаралық информатиканы үйрену аптасы аясында республикалық «Кодтау Сағаты» акциясында
6 «б» сыныбымен өткізілген информатика пәнінен ашық сабақ
Информатика пәнінің мұғалімі: Есетова М.Б.
2015/2016 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Алгоритм типтері. Циклдік алгоритм
Мақсаты:
Білімділік: белгілі бір әрекеттер тізбегі бірнеше рет қайталанатын болса, онда циклдік алгоритмдерді қолданып, есептерді шешу керектігін оқушыларға түсіндіру. Циклдік алгоритмдердің сызба-нұсқаларын құрып, соған байланысты алгоритімін құруға дағдыландыру;
Дамытушылық: циклдік алгоритмдерді құру кезінде есепті жүйелеу арқылы шешіп, ойлау қабілеттерін дамыту. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып, ой - өрісін жетілдіру;
Тәрбиелік: оқушыларды циклдік алгоритмдерді өмірмен байланыстыру арқылы циклдің мәнін ұғуға тәрбиелеу. Өмірмен байланыстырып, мысалдар келтіру арқылы өмірдің қайтымсыз екендігіне көз жеткізу.
Сабақтың түрі: Практикалық, түсіндірмелі.
Сабақтың әдісі: Практикалық іс-әрекеттерді ұйымдастыру.
Сабақта қолданылатын көрнекті құралдар: интерактивті тақта, слайд, компьютер, таратпа материалдар.
Сабақтың өту барысы:
І Ұйымдастыру кезеңі 1 мин
1. Оқушылармен амандасу,
2. Оқушыларды түгендеу, жаңа сабаққа дайындау.
ІІ Топтастыру. «Жылы жүрек» сергіту сәті 3 мин
Оқушылар жүрекшелері стикерлерді бір бірлеріне тілек айтып ұсынады. Және де қолына тиген жүрекшелі стикерлердегі сызықтық және тармақталған алгоритм сөздері бойынша 2 топқа бөлінеді.
1-топ (6 адам) : сызықтық алгоритм
2-топ (5 адам): тармақталған алгоритм
Әр топтың топ басшылары сайланады және оларға бағалау парақшасы беріледі. Сабақ бойына топ басшылары топ мүшелерін бағалап отырады.
ІІІ Үй тапсырмасын тексеру 6 мин
Үй тапсырмасы «Көшпелі бұлт» арқылы сұралады. Топтағы оқушылар күн бетін басқан бұлттардағы сұрақтарға жауап бере отырып, күн көзін ашуы керек. Сұрақ қою бірінші топтан басталады. Бірінші топ, яғни «сызықтық алгоритмдер» тобы бұлтты таңдайды, егер ол оқушы жауап бере алмаса, екінші топ, яғни «тармақталған алгоритмдер» тобы сол сұраққа жауап бере алады. 1 сұрақ 1 смайликпен (1 ұпаймен) бағаланады.
Үй тапсырмасын тексеру сұрақтары:
Алгоритмнің типтері нешеу?
Тармақталған алгоритм дегеніміз не?
Тармақталған алгоритмде қандай қызметші сөздер (түйінді сөздер) қолданылады?
Тармақталған алгоритмнің неше түрі бар?
Алгоритм дегеніміз не?
Алгоритмнің жазылу түрлерін атаңдар
Тармақталған алгоритмге кез келген мысал келтіріңдер
Сызықтық алгоритм дегеніміз не?
ІҮ. Жаңа тақырып 18 мин
Мұғалім 2-3минут жаңа сабақтың мақсатын айтып, алгоритм түрлерін, соны ішіндегі циклдік алгоритм туралы, циклдік алгоритмнің түрлерін қысқаша түсіндіріп кетеді. Әрі қарай оқушыларға постер қорғау тапсырмасы беріледі (оқулық бойынша жұмыс):
І топ: Арифметикалық циклдік алгоритм
1. Арифметикалық циклдік алгоритмнің орындалуы, жазылу пішімі
2. Блок-схемасы
3. Мысал келтіріңдер
ІІ топ: Командалық циклдік алгоритм
1. Командалық циклдік алгоритмнің орындалуы, жазылу пішімі
2. Блок-схемасы
3. Мысал келтіріңдер
Бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы «Алгоритм түрлері. Циклдік алгоритм». Сабағымызда циклдік алгоритм, циклдік алгоритм түрлерімен және өмірде кездесетін циклдік алгоритм мысалдарымен танысамыз.
Қоршаған ортада көптеген процестер жүйелі түрде ретімен бірнеше рет қайталанып отырады. Мысалы, апта күндерінің ауысуы: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі немесе ауа-райының маусымдық ауысуы. Қайталану командалары бар алгоритмдер циклдік деп аталады. Қайталану командаларын цикл құрайды, яғни циклдер бірнеше рет орындалады. 
Циклдік алгоритм – бұл командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм.
Қайталау санының алдын ала белгілі және белгісіз болуына байланысты цикл екі түрге бөлінеді. Қайталау санының алдын ала белгілі циклі арифметикалық цикл деп, орындалу саны белгісіз цикл командалық (интерациялық) цикл деп аталады. Арифметикалық цикл ең қарапайым цикл болып табылады және ол практикада жиі қолданылады. Мысалы, дене шынықтыру сабағында сендер алаңды бірнеше рет айналып жүгіріп келулерің керек.
Ү. Тапсырмалар орындау 7 мин
Оқушыларға таратпа материалдар беріледі.
Тапсырма. Қоржынға салынған асықтардың ішінде жалғыз қызыл асық бар, сол қызыл асықты табудың алгоритмін құрыңдар.
І топ: Алгоритмдік тілде жазу
ІІ топ: Блок-схемасын құру
ҮІ Тест тапсырмасы (әр оқушы жеке орындайды). Сабақты қорытындылау мақсатында 6 мин
Тест тапсырмасын орындап болған соң, оқушылар бір-бірінің жұмыстарын экрандағы дұрыс жауаппен салыстыра отырып тексереді және бағалайды.
Циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Шартқа байланысты әрекеттердің біріншісін немесе басқасын орындайтын алгоритм
Ә. Командалары бірнеше рет қайталанып орындалатын алгоритм
Б. Командалары бірінен соң бірі тізбектеле орындалатын алгоритм
Циклдік алгоритмнің неше түрі бар?
А. 4
Ә. 3
Б. 2
Циклдік алгоритмнің қызметші сөздері (түйінді):
А. Цикл басы, цикл соңы, әзірше
Ә. Егер, онда, басқаша
Б. Егер, цикл басы, онда, цикл соңы
Арифметикалық циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Қайталау саны алдын ала белгілі циклдік алгоритм
Ә. Орындалу саны белгісіз циклдік алгоритм
Б. Шарттың екеуін де орындайтын алгоритм
Командалық циклдік алгоритм дегеніміз не?
А. Қайталау саны алдын ала белгілі циклдік алгоритм
Ә. Орындалу саны белгісіз циклдік алгоритм
Б. Шарттың екеуін де орындайтын алгоритм
Жыл мезгілдерінің мауысымдық ауысуы қандай алгоритм?
А. Сызықтық
Ә. Тармақталған
Б. Циклдік
Екі санның үлкенін табу алгоритімі алгоритмнің қай типіне жатады?
А. Сызықтық
Ә. Тармақталған
Б. Циклдік
Алгоритм типтері нешеге бөлінеді?
А. 2
Ә. 3
Б. 4
Цикл басы, цикл соңы және әзірше қызметші сөздерін циклдік алгоритмнің жазылуының қай түрінде қолданамыз?
А. Блок-схема арқылы
Ә. Алгоритмдік тіл арқылы
Б. Программалық
Циклдік алгоритмді табыңдар:
А. Екі санның қосындысы
Ә. Екі санның кішісін табу
Б. Апта күндерінің ауысуы
Тест жауаптары
1 2 3 4 5 6 7 8 9 10
Ә Б А А Ә Б Ә Ә Ә Б
Тесттің бағалануы:
1 - 3 = “2”
4 – 5 = “3”
6 – 8 = “4”
9 – 10 = “5”
ҮІІ Рефлексия . Бұл кезеңде оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін тақтада ілінген суретке стикерлермен жазу арқылы өз ойларын білдіреді: 1 мин

ҮІІІ Үйге тапсырма 1 мин
Алгоритм типтері. Циклдік алгоритм
Тармақталған және циклдік алгоритм түрлерін Венн диаграммасы бойынша талқылап келу
ІХ Оқушыларды бағалау 2 мин
Бағалау парағы
Оқушының аты-жөні: _____________________________________________________
Үй тапсырмасын тексеру Жаңа тақырып (топпен жұмыс) Тапсырмалар орындау Тест тапсырмасы Сабаққа қатысы Жалпы ұпайы Бағасы
Ескерту: әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады. 1 смайлик = 1 ұпайға