Урок на тему «Кто придумал компьютер?» 11 класс казахский язык


11 сынып Қазақ тілі
Сабақтың тақырыбы:Компьютердің атасы кім?. Салалас.құрмалас сөйлем
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың компьютер туралы түсініктерін меңгертіп, құрмалас сөйлемдерді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай білу біліктерін тексеру.
Құрмалас сөйлемдердің өмірде адам ойын жеткізудегі рөлін практикалық тұрғыда дәлелдеу.
Оқушылардың ойын ауызша және жазбаша түрде сауатты жеткізе білуге төселдіру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап,, талдау, салыстыру, түсіндіру,іздендіру.
Сабақ барысы: І Ұйымдастыру кезеңі.
«Ой қозғау»сатысы. Адамның ойы мен пікірі сан қилы. Осы ойларын атап жазыңдар.
Адам өз ойын жеткізу үшін құрмалас сөйлемнің мағыналық түрлерін қолданады екен. Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Компьютер. Салалас құрмалас сөйлем.
Тапсырма: Берілген ойды жалғастырып, сабақтың мақсатын анықта.
1.      Кез келген адамда  қарсы пікірі, шарты, себебі, талғауы, түсінігі, мақсақты болады, сондықтан ол өз ойын  жеткізу үшін  құрмалас сөйлемдерді қолданады. Менің ойымша, ...
2.      Адам  өз ойын үнемі ауызша айтатын мүмкіндік бола бермейді, сол кезде адам өзінің  пікірін, мақсатын, шартын, себебін жеткізу үшін жазуға тура келеді. Сол уақытта адам  ойын дұрыс құрастырып, сөйлемдерге тиісті тыныс белгілерін дұрыс қою қажет. Сондықтан менің мақсатым ...
3.      Басқа адамның сөзін тыңдай білу де өнер, сондықтан оның айтпақ ойын түсіну үшін құрмалас сөйлемдердің мағыналық түрлерін білген жөн...
 Сергіту сәті:
1.      Салалас құрмалас сөйлемдер:
Түсіндірмелі салалас:
 Адамды екі нәрсе қартайпайды: бірі – жақсы мінез, екіншісі жақсы сөз.
 Қарсылықты салалас: Көз – қорқақ, қол – батыр.
 Себеп-салдар салалас: Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас: қар суы сықылды тез суалар.
 Ыңғайлас салалас: Ақылды көп жасағаннан сұрама, көп көргеннен сұра
 Талғаулы салалас:Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.
 
2. Сабақтас құрмалас сөйлемдер:
Бәйгеге түсіп жарыспай, ат өнері білінбес (шартты бағыныңқы сабақтас)
Тұрмысың жақсы болу үшін, еңбек өнімді болу керек.(мақсат бағыныңқы)
Аздың азаншысы болғанша, көптің қазаншысы бол. (қарсылықты бағыныңқы)
Ескі дос келгенде, жаңа достың көзінен жас шығады. (Мезгіл бағыныңқы сабақтас.)
Адам болып туғандықтан, адамдықты бағала. (Себеп бағыныңқы сабақтас)
Іші-бауыры елжіреп, сорлы шеше балапанын қорғайды. (Қимыл- сын бағыныңқы сабақтас).
 
«Кім жылдам?»   Оқушылар сөйлем оқылысымен құрмалас сөйлемнің мағыналық түрін анықтау керек (ауызша жұмыс).
      Абай есіктен кіре , үйде отырған үлкендерге ашық дауыспен, айқын сәлем берді. (қимыл-сын) Үлкендер үй ішінен қатты пысынап шыққанда , бұл маңдағы жан иесінің бәрі де ыстықтан мезі боп күйзеліп жүр екен. (мезгіл) Телғара бұлардың қасынан оқшауыңқырақ кетіп, жалғыз шомыла бастады. (қимыл-сын) Құнанбай күзеуден ерте қайтып кеткен соң, өзге елдің бәрі де дағдыдан тыс, күземді ерте алып көшіп еді. (себеп) Қонысымыз алыс болғанымен, көңіліміз жақын.(қарсылықты)
ІІ. Талдау – табыс кілті. Берілген сөйлемге  толық синтаксистік талдау жаса.
                    Синтаксистік  талдау:
1.      Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай: хабарлы, сұраулы, лепті, бұйрықты.
2.      Сөйлемдегі мүшесі бастауыш, баяндауыш, анықтауыш, толықтауыш, пысықтауыш.
3.      Құрылысына қарай : жай сөйлем (жалаң,жайылма, толымды, толымсыз, жақты, жақсыз, атаулы);   құрмалас (салалас, сабақтас, аралас, )4.      Құрмалас сөйлемнің мағыналық түрі, жасалу жолы.
5.      Сөз тіркестері: тұрақты, еркін.
6.      Сөздердің байланысу түрі:(қиысу,  меңгеру, матасу, жанасу, қабысу
7.      Байланысу тәсілі: интонация,   жалғаулар, шылау, орын тәртібі)Әр топқа суреттер таратылады.
Тапсырма: Суретті  сабақтас құрмалас сөйлеммен байланыстырып, қорытынды ой шығар
 Үй жұмыс: І топ «Қазақтың ырымдары мен тыйымдарындағы құрмалас сөйлемнің қолданысы»
ІІ топ «Адамгершілік қасиеттерге қатысты мақал-мәтелдердегі құрмалас сөйлемдердің жасалу жолы»
            Бағалау кезеңі: