Организмдерді? жыныссыз к?бею формалары:жасушаларды? митозды? б?лінуі,спорат?зу,б?ршіктену,вегетативтік к?бею.Жыныссыз к?беюді? эволюциялы? ма?ызы.
Пән: Биология
Сынып: 10 «А»
Күн: 14.І.2014 жыл
Сабақтың тақырыбы: Организмдердің жыныссыз көбею формалары:жасушалардың митоздық бөлінуі,споратүзу,бүршіктену,вегетативтік көбею.Жыныссыз көбеюдің эволюциялық маңызы.
Сабақтың міндеттері:
А) Білімділік: Оқушыларға тірі ағзалардың көбею формалары жайында мағлұмат беру;
Ә) Дамытушылық: Оқыту кезінде оқушыларға тапсырмалар, деңгейлік сұрақтар пайдалана отырып, қызығушылықтарын, ой-өрістерін арттыру;
Б) Тәрбиелілік: Оқушыларды өз беттерінше жұмыс жасауға, бірін-бірі тыңдап, өз ойларын білдіре алуға, алған білімдерін іс-жүзінде қолдана білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас
Сабақтың әдісі: баяндау, сұрақ-жауап, кесте
Сабақтың көрнекілігі: тест, т.б.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
ІІІ. Жаңа сабақ:
Көбею – тірі ағзалардың ортақ қасиеті. Көбею жолдарының барлығын екі үлкен топқа бөлуге болады. Ол: жыныссыз және жынысты көбею.
Жыныссыз көбею – көбеюдің ертеректегі жолы. Жыныссыз көбейген кезде жыныс жасушалары – гаметалар түзілмейді. Бұл үдеріске бір аналық дарақ немесе жасуша қатысады.
Жыныстық көбею кезінде барлығы өзгеше өтеді. Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшелігі – гаметалар қалыптастыру. Бұл арнаулы бағытталған жыныс жасушалары ежелден қосылк үдерісі – ұрықтану үшін жаралған. Ұрықтану үшін екі дарақтың болуы міндетті емес.
Жыныссыз жолмен көбею формалары және олардың сипаттамасы.
Қарапайым бөліну – біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі. Бактериялық жасушалардың прокариоттардан айырмашылығы бар.
Біржасушалылардағы митоз. Амебалар, жасыл эвглена және өзге эукариотты біржасушалы өсімдіктер мен жануарлардың орасан көп мөлшері осылай көбейеді.
Өсімді көбею – бұл жоғары сатыдағы өсімдіктерде кең дамыған үдеріс. Олар, мысалы, өсімдіктердің жапырақтарынан, қалемшелерінен, мұртшаларынан, тамырсабағынан көбеюі.
Бүршіктену – аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
Бүрмелену (стробиляция) немесе үзбелену (фрагментация) – бұл ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы көбею жолы.
Спора түзу – ерекше бейімделген жасушалар – споралар түзу кезіндегі көбею жолы. Саңырауқұлақтар және өсімдіктердің көпшілігі спора арқылы көбейеді.
Жыныссыз көбеюдің тағы бір қолдан көбейту жолы - өсінді өскін арқылы көбейту.
Жынысты көбею формалары және олардың сипаттамасы
Өсімдіктердің ұрықтанбай көбеюі (партеногенез). Мұндай көбею кезінде ұрықтану болмайды, ұрық ұрықтанбаған жұмыртқа жасушадан дамиды.
Қосылу үдерісі (конъюгация). Бактериялар қосылу арқылы көбейеді.
Жынысты көбеюдің қалған жолдары гаметалардың қалыпты қосылуына байланысты. Бұл көбею жолын қызтекелік және өздігіненұрықтану деп екі топқа бөлсе де болады.
ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:
Лездемелік сұрақтар:
Тірі ағзалрдың ортақ қасиетінің бірі.
Көбеюдің қандай жолдарын білесіңдер?
Ең алғашқы тірі ағзалар – біржасушалы прокариоттар қалай көбейді?
Біртұтас ағзалар ретіндегі бактериялардың көбеюі қалай аталады?
Амебалар, жасыл эвгленалар қалай көбейеді?
Аналық ағзадан бұлтиып бүршік түзілетін өсімді көбею жолдарының бірі.
Ересек дарақтың жеке үзбелері арқылы арқылы көбею жолы қалай аталады?
Жыныс үдерісінің негізгі айырмашылық ерекшеліктері неде?
Бітелер мен дафниялардың жазғы ұрпақтары қалай көбейеді?
Жыныстық үдерісі дегеніміз не?
Терминмен жұмыс:
Конъюгация –
Партеногенез –
Апомиксис –
Стробиляция –
Фрагментация –
Деңгейлік сұрақтар:
А-1. Жынысты және жыныссыз көбею үрдістері арасындағы негізгі айырмашылық неде?
2. Жынысты және жыныссыз көбеюдің артықшылығы және кемшілігі неде?
В-1. Өздеріңе белгілі ағзалардың жыныссыз жолмен көбею жолдарын атаңдар.
2. Олардың қайсысы біржасушалыларға тән, қайсысы лған жатпайды?
С-1. Жынысты көбею түрлерін атап, оларды қысқаша сипаттаңдар.
2. Жынысты көбеюдің қай жолдарында әр түрлі дарақтар арасында генетикалық материалдардың алмасуы жүреді? Қай жолдарда тек өздігінен ұрықтанады?
Ү. Қорытынды: Жыныстық үдеріс – бұл ұрпақтарда ата-енелік ағзаларға ұқсамайтын екі қасиеттер сапасының үйлесімді жолы.
ҮІ. Бағалау:
ҮІІ. Үйге тапсырма: §3𝟦