Ата-аналар жиналысына баяндама Та?ырып: «Студенттерді? ?з бетімен шы?армашылы?, ізденушілік де?гейлерін жо?арылату ж?мыстарын ата-аналармен бірлесе отырып ?йымдастыру жолдары ж?не ?йірме, клуб ж?мыстары» талдау.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеиітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
Ата-аналар жиналысына баяндама
Тақырып: «Студенттердің өз бетімен шығармашылық, ізденушілік деңгейлерін жоғарылату жұмыстарын ата-аналармен бірлесе отырып ұйымдастыру жолдары және үйірме, клуб жұмыстары» талдау.
Дайындаған: оқытушы Мукушева Л.А.
2015-2016 оқу жылы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы - 1 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «____»____________2016 ж.
Циклдық комиссия төрайымы__________ Мукушева Л.А.
Тақырыбы: Студенттердің өз бетімен шығармашылық, ізденушілік деңгейлерін жоғарылату жұмыстарын ата-аналармен бірлесе отырып ұйымдастыру жолдары және үйірме, клуб жұмыстары
Қандай мамандық бойынша болмасын білім беру барысында әзірленген негізгі оқу бағдарламасындағы кәсіби, жеке білім және пәнаралық сынды қамтыған пәндер студенттің оқытушы жетекшілігімен және өз бетінше пәнді еркін меңгеріп кетуіне бағытталған. Дегенмен, оқу үдерісі жаңаша ұйымдастыруды, тың бастамаларды қажет ететіні сөзсіз. Колледжде оқыту үдерісі барысында жастардың шығармашылық белсенділіктерін арттыру, қабілеттерін дамыту мақсатында оқытудың қосымша әдіс- тәсілдері ауадай қажет. Сондықтан оқытушы кәсіби білімін шыңдап үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Осы орайда студенттермен тығыз қарым-қатынас орнатып, үйірме жұмыстарын да ұйымдастырудың маңызы зор деп білеміз.Секциялар мен үйірмелер дегеніміз:
Айналысып жүрген істерінің алмасуы. Егер балаңыз спорт секциясына барса, онда ой әрекеті дене әрекетіне ауысады. Егер музыкалық немесе көркемөнер үйіріне қатысса онда шығармашылыққа ауысады. Қолөнер үйірмесінде қозғалыс белсенділігі, яғни қол еңбегі дамиды. Егер қызыңыз немесе ұлыңыз шахмат, тоғызқұмалаққа барғысы келсе бәрібір де өздеріне ұнағанды істейді;
Қарым-қатынастың ауысуы. Әдеттегідей секциялар мен үйірмелер еркін қалыпта жүреді, бірақ еркіндік шектен шықпайды.
Араласатын ортаның ауысуы. Сабақтар әдетте жеке кабинеттерде өтеді. Ал үйірмелерде балалар тек группаластарымен араласып қана қоймай, басқа топтардан келген студенттермен танысып, араласады.
Жағдайдың ауысуы. Үйірмелерде балалардың қызығушылықтары бойынша барлық жағдай жасалады. Оларды барлық жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жақсы үйірмелерде демалу зоналары болады. Шаршасаң ыңғайлы дивандарда жайғасуыңа болады.
Бүгінгі заман – бәсекелестік пен жоғары технологиялар заманы, ғылым мен білім заманы. Сондықтан адамзат қиял жетпес ғажаптарға қол созады. Қоғамымыздағы барлық азаматтардың адам баласының қол жеткізген жетістіктерін пайдалануға құқы бар. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуына қажетті, бұл объективті жағдай біздің еліміздегі эстетикалық тәрбиенің әлеуметтік факторы болып табылады. Колледждегі үйірменің ережесі, өзіндік жылдық жоспары, колледждің кестесі мен хаттамасы, жұмысы бойынша жарты жылдық және жылдық есебі бар. Олардың жоспары бекітілген кесте бойынша айына 1-2 рет өткізіледі.
Студенттік үйірмелер аясында түрлі сайыстар, тілдік мерекелер, арнайы пәндер циклдық комиссия апталығы, салт-дәстүрлері мен мәдениетінен хабар беретін іс-шаралар, дөңгелек үстел мен пікірталастар, әдеби-сазды кештер ұйымдастырылады.
Нақтырақ айтар болсақ, жыл сайын «Тілдер мерекесі», «Үздік дизайнер», зияткерлік сайысы, конференция, олимпиадалар сынды дәстүрлі іс-шаралар өтеді. Енді үйірмелердің жұмыс істеу бағыттарына тоқтала кетсек.
Колледждегі үйірме жұмыстары мынадай мақсаттарды көздейді:
– білім алушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
– жұмысты студенттердің өз еркімен, қалауымен орындауы;
– жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;
– патриоттық, адамгершілік-эстетикалық тәрбие беру;
– аудиториядан тыс тілдік дайындығын нығайту;
– студенттердің зияткерлік, шығармашылық ізденістерін жетілдіру, танымдық қабілеттерін арттыру;
– студенттердің ғылыми-зерттеу әлеуеттін дамыту;
– жан-жақты, білімді де білікті маман ретінде қалыптасуына ықпал ету.
Мысалы алатын болсақ колледждегі «Программист» үйірмесі нәтижеге бағытталған білім беру қағидаларын жүзеге асыруға бағытталған. Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге даярлау, дербес белсенділіктерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын қалыптастыруға жол ашады, белгілі бір білік пен дағды қалыптастыруға көмектеседі. «Программист» үйірмесі бұл оқу бағдарламасы негізгі компьютердің басты құралдарымен олардың қызметіне, қолданбалы графиктік және мәтіндік бағдарламалармен жұмыс жасауға баса назар аударылады. Сонымен қатар компьютердің құрылымы мен және оның жұмыс жасау принциптерімен, пернелік тақтамен танысуға бағытталған. Калькуляторды өз қажетіне пайдалану және оқушылардың ойлау қабілетін компьютерлік дамытушы ойындар арқылы дамыту мен өзіндік танымдық іс – әрекеттерін ақпараттық ортада қалыптастыруға арналған.
Үйірмеге қатысқан оқушылардан компьютер пернесімен жұмыс еркін істеуді, компьютердегі жеңіл қолданбалы программалармен жұмыс істеуді, мәтіндік ақпараттарды дискетаға сақтауды және ашуды әдіс – тәсілдерін үйренеді. Үйірме аптасына 1 сағатқа есептелген.
Қорытынды: Баланың өз ойымен бөлісіңіздер. Мүмкін оның өзі ойлап жүрген, барғысы келіп жүрген үйірмесі бар шығар. Сізге балаңызға үйірме неге керек екендігін түсіндіріп, бірнеше нұсқауларды көрсетуіңіз керек. Ең дұрысы үйірмеге сізбен ақылдасып бару керек. Балалар үнемі дұрыс таңдау жасай алмайды. Кейде олар мүлде ештеңе қаламайтын сияқты көрінеді. Кей кездері балалар шамаларынан тыс нәрсені қажет ететін үйірмелерге тек оның сыныптасы қатысатындықтан, соған ұқсаймын деп қатысып жатады. Сонымен, клубтық бірлестіктер, үйірме жұмыстары балалардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына, дүниетанымының кеңеюіне, жаңа білім, дағды, іскерліктерді игеруіне, көркем – эстетикалық сезімдері мен талғамдарының қалыптасуына, ұжымдық жұмыс дағдыларын игеруге ықпал жасайды. Есіңізде сақтаңыз, сіз балаңыздың психикалық, шығармашылық, әлеуметтік дамуына қамқорлық жасайсыз. Бұл қиындықтар сіздің мақсаттарыңызбен салыстырғанда қиын емес шығар.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Қазақстан мектебі. Алматы, Дәуір, 2009ж. № 6.
З. Әбілова. Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. Алматы 1986.
К. Кожахметова, С. Ұзақбаева. Эстетикалық тәрбие берудің ұлттық негіздері. Алматы 1985.
М. Касымов, Г. Райымбекова. Оқушыларға рухани эстетикалық тәрбие берудің мазмұны. http.www.tarsu.kz«Классному руководителю» /под ред. М.И.Рожкова, Москва 1999г.
Губашева.С.Г.,Отарбай А.Ж. «Тәрбие жұмысының әдістемесі». Астана, 2007 жыл.
Исаева И. Ю. Досуговая педагогика.