?аза? хал?ыны? ?дет ??рпы 5класс


Маңғыстау облысы Атырау облысымен және Түркіменстан Республикасымен және Каспий теңізі арқылыӘзірбайжан, Иран елдерімен шектеседі. Облыс 1973 жылы 20 наурызда құрылды. 1988 жылдың 2 маусымындатаратылып 1990 жылдың 17 тамызында тарихи "Маңғыстау" деген атпен қайта облыс болып құрылды. Облыс орталығы - Ақтау қаласы.
Қазақстанның теңізбен байланыстыратын жалғыз су бекеті Ақтау халықаралық теңіз сауда порты бар. Маңғыстау жерінің тумасы жазушы Әбіш Кекілбайұлы Маңғыстауды "Ұйқыдағы аруға" теңеген. Сонымен қатар ғарыштан түсірілген сурттерде Маңғыстау түбегінің контуры жас келіншектің профиліне ұқсайды.
Маңғыстау аймағы ежелгі кезеңдерден бері мал ш-мен айналысады. Топырағы сортаң, өсімдігі бұталы, ащылы, қысы ұзақ емес, бірақ желді, қара суық ызғырықты, ылғалы аз, көктемі созылмалы, континентті шөл далаға жатады.
ЭтимологиясыМаңғыстау сөзінің шығу тегіне қатысты сан түрлі пікірлер бар. Соның бірі көшпелілердің құтты мекен, мың ауыл немесе мың қыстау дегені халық арасында кең таралған. 1985 жылы жарық көрген Е.Қойшыбаевтың "Қазақстанның жер-су атаулары атты сөздігі" кітабында Маңғыстау атауының шығу тегі туралы төрт болжам келтірілген. Біріншісі, өлке аты"мың" және "қыстау" тіркесінен шыққан. Екіншісі - ноғайдың "менк" деген тайпасының атынан ауысқан. Үшіншісі көне түркі тіліндегі "мен" төрт жастағы қой сөзіне "қышлақ" жалғауы арқылы қалыптасса, төртіншісі Е.Қойшыбаевтың өз болжамы бойынша "Маңғыштағ" "Құбыжықтар тауы" дегенді білдіреді [2].
Маңғыстаудың өлкетанушы ғалым Серікбол Қондыбай "құбыжықтарға" қатысты болжам дұрыс деген ой айтады. Шығыс түркі () және моңғол мифологиясында "маңғыш"(маңғыс, мангус) айдахар, кеоемет құбыжықтар дегенді білдіреді. Моңғолдарда ол тек зұлым, зиянды сипатқа ие болса, түркілерді екіұдай жақсы жаман қасиетке ие ретінде баяндалады. Қондыбайдың айтуы бойынша Маңғыстауда мекен еткен оғыз түркмен тайпалардың арасында "салыр" руы болған, бүгінгі түрікмен ұллытының құрамында "салор" ірі руы тайпасы бар. Сонымен қатар Қытайдағы Цинхай өлкесіндегі түркітілдес салыр мен осы салор арасында тарихи генетикалық байланыс бар деген тұжырым айтады. Маңғыстауға келген оғыздар Қаратауды "Маңғыштағ" деп атаған. Айдахар туралы аңыздар түрікмен халқында да, қазақ халқында да (Айназар батыр туралы) бар.
Оғыз салылар "Маңғыштағ" атауын өздеріне дейінгі аңыздарға негіздеп жасаған, аударма (калька) топоним. Сондықтан "Маңғыстауды" маңғыш тау қорқынышты алып айдаұһардың мекендеген тауы немесе "айдаһартау" дегенді білдіреді деген тоқтам жасауға болады.
ГеографиясыМаңғыстау өңірі – Қазақстанның оңтүстік -батыс бөлігінде орналасқан. Облыстың батысы мен солтүстігін қоршай орналасқан Каспий теңізі арқылы Шығыс Еуропағашығуға толықтай мүмкіндік болса, оңтүстігінде Түрікменстан, оңтүстік-шығысында Қарақалпақстан, солтүстігі мен солтүстік-шығысында Атырау, Ақтөбе облыстарыменшектеседі.
Облыстың шеткі нүктелері:
Батыс - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы ш.б.
Шығыс Қазақстанның Ақтөбе облысы және Өзбекстан, Маңғыстаудың шектескен жеріндеОңтүстік - Түркіменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жар қабағы
Солтүстік - Атырау облысымен шкарадағы Желтау болып табылады.
Маңғыстау облысының ең биік нүктесі - Шығыс Қаратау жотасындағы Бесшоқы тауы (). Ең төменгі нүктесі Қарақия немесе Батыр ойысының түбі (), Бұл ойыс өзінің тереңдігі жөнінен дүниежүзінде бесінші орын алады.
Климаты
Маңғыстау облысының климаттық жағдайы өңірдің Еуразия материгінің орталығында, әлемдік теңіз және мұхиттан алыс қашықтықта орналасуына байланысты қалыптасады.
Аймаққа тән сипаттама: жазы өте ыстық, осы ендік бойынша қысы суық; жылдық және тәуліктік температураның күрт ауытқуы; жауын-шашыны аз және жыл мезгілі бойынша тең таралмаған, ауасы қүрғақ; бүлтты аспаннан гөрі, ашық күндері мол. Осының бәрі аймақтың қиыр солтүстігінде және солтүстік-батысында дала, орталығында шөлейт және оңтүстігінде нағыз шөлді өңірлердің қалыптасуына әкеліп соқтырады
Тарихи кезең
Маңғыстау өңірі өткен ғасырларда әртүрлі құрамда болып, дәстүрлі көшпелі шаруашылық әкімшілік бөліктерге бөлінген. Нақты географиялық шекараның нышанға ие болуы он тоғызыншы ғасырдың орта шенінен басталады. 1848 жылы  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A0%D0%B5%D1%81%D0%B5%D0%B9_%D0%B8%D0%BC%D0%BF%D0%B5%D1%80%D0%B8%D1%8F%D1%81%D1%8B" \o "Ресей империясы" Ресей империясына қосылған өлке (Маңғыстау, Үстірт, Жем бойы, Доңызтау) Жоғарғы және Төменгі Адай дистанцияларына бөлінеді. Олар болыстардан (волость) тұрды. Болыстар ең төменгі әкімшілік-саяси құрылым ретінде 1928 жылға дейін өмір сүрді. Территориялық, сандық тұрғыдан тұрақсыз болған болыстар саны 20-30 шамасында болатын.
1869 жылы "Жаңа ережеге" сәйкес Орал облысының құрамында Маңғыстау приставтығы құрылып, ол 20 мың қазақ шаңырағын біріктірді. Сол жылы  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%98%D1%81%D0%B0-%D0%94%D0%BE%D1%81%D0%B0%D0%BD_%D0%BA%D3%A9%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96%D0%BB%D1%96%D1%81%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Иса-Досан көтерілісі (мұндай бет жоқ)" Иса-Досан бастаған халық көтерілісіне байланысты бұл приставтық Кавказ әскери округіне қаратылды. 1881 жылы приставтық Маңғыстау уезіне айналып, 1899 жылы Түркістан генерал-губернаторлығына қарасты Закаспий облысының (орталығы - Ашхабад қаласы) құрамына кіргізілді. Сол кездері уездің жер ауданы 190 мың шаршы километр болды.
1920 жылдың шілдесінде Кеңес билігі толық орнаған соң, үлкен Адай уезі құрылып, ол губерниялық құқықққа ие болды.  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%BE%D0%B1%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%8F%D0%B7_%D3%98%D0%BB%D0%BD%D0%B8%D1%8F%D0%B7%D2%B1%D0%BB%D1%8B" \o "Тобанияз Әлниязұлы" Тобанияз Әлниязұлының басшылығымен бұл өлкеҚазақ АКСР-інің құрамына еніп, өзінің ұлттық мемлекетіне түпкілікті қосылды. 1928 жылы Адай уезі таратылып, Маңғыстау округі аз уақыттан соң Маңғыстау ауданы болып қайта құрылды. 1930-81 жылдары аралығында Маңғыстау-Үстірт жері оқтын-оқтын қайта пішінделіп, әр кезеңде Шевченко, Мұнайлы бөлікке бөлінді.
1973 жылы 20 наурызында жеке әкімшілік облысқа айналып, өзінің территориялық құрылымын 1990 жылы қалыптастырып болды.
Бүгінгі жағдайы
Маңғыстау облысының жер көлемі 16 564,2 мың га құрайды. Облыстың әкімшілік-аумақтық құрылымы 5 ауданнан, 5 облыстық маңызы бар қаладан, 6 кенттен,55 ауылдық елді мекеннен және 43 ауылдық округтен тұрады [5]. Қала халқының саны 274,6 мың адамды құрайды (76%), ал ауыл тұрғындарының саны - 87,1 мың адам (24%). Облыс орталығы - Ақтау қаласы, бұрынғы атауы Шевченко қаласы. Қаланың алғашқы іргетасы 1963 жылы Ленинград жобасымен Каспий теңізінің жағасында салына бастады. Халқы 2005 жылдың басында Ақтау қаласының халқы 159,2 мың адамды құрады. Бұл барлық облыс халқының 44%. Ақтаудан Астанаға дейінгі ара қашықтық - 2413 км. Ақтау қалалық әкімшілігіне мынадай поселкелер кіреді: Маңғыстау (тұрғындарының саны 19,4 мың адам) және Өмірзақ (1,4 мың адам).
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері алғашқы құрылған аудан Маңғыстау облысында Мұнайлы ауданы болып құрылды. Екінші аудан  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%BB%D0%BC%D0%B0%D1%82%D1%8B_%D2%9B%D0%B0%D0%BB%D0%B0%D1%81%D1%8B" \o "Алматы қаласы" Алматы қаласындағы Алатау ауданы. Мұнайлы ауданы Ақтау қаласының маңына жақын шет елдерден отанына орала бастаған және қоныстана бастаған саяжайларды дамыту мақсатында құрылды.
ТарихыМаңғыстау облысы Маңғыстау түбегінде орналасқан. Облыстың атауы географиялық орналасуына байланысты берілген. Маңыстау туралы алғашқы деректер 950-960 жылдар шамасында мұсылман авторы Мұқаддасидің шығармасындағы хазарлардың Джурджан жағындағы шкарасы Бенкишлах деген қала атауы болған. Маңғышлақ атауы аталған Махмұт Қашқаридың Түрік сөздігі еңбегінде жазылған дерек 1070жылдап шамасында болған.
Маңғыстау туралы алғашқы жазба дерек 922 жылы Бағдадтан Еділ Бұлғармясына барған араб елшісі Ахмед ибн Фадлан Хорезмде болып, одан әрі Үстірт үстімен жалғастырып, жолшыбай 4 наурызда оғыз еліне жетеді. Жолда өткізген уақыттың қысқалығына қарағанда бұл мекен Бейнеу мен Жылыой аударндарының аралығында болған. Ибн Фадлан "Ар Рисале" атты еңбегінде оғыздар туралы біраз ақпарат келтірген [6].
Ұлы жібек долының бір тармағы Маңғыстау жерінен өткен, негізгі керуен жолдары ретінде Хазардан Хорезмге дейінгі жолдар пайдаланылған.
Білім беру жүйесі
Облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп (олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны  HYPERLINK "http://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A8.%D0%95%D1%81%D0%B5%D0%BD%D0%BE%D0%B2_%D0%B0%D1%82%D1%8B%D0%BD%D0%B4%D0%B0%D2%93%D1%8B_%D0%9A%D0%B0%D1%81%D0%BF%D0%B8%D0%B9_%D1%82%D0%B5%D1%85%D0%BD%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D0%B0%D1%80_%D0%B6%D3%99%D0%BD%D0%B5_%D0%B8%D0%BD%D0%B6%D0%B8%D0%BD%D0%B8%D1%80%D0%B8%D0%BD%D0%B3_%D1%83%D0%BD%D0%B8%D0%B2%D0%B5%D1%80%D1%81%D0%B8%D1%82%D0%B5%D1%82%D1%96&action=edit&redlink=1" \o "Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті (мұндай бет жоқ)" Ш.Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті. 2010 жылы Ақтау қаласында Жер-Аспан-Теңіз мега жобасының аясында салынған университеттің жаңа оқу корпусы ашылды.
Денсаулық сақтау жүйесі
Денсаулық сақтау ісі жөнінде Маңғыстау облысы әлі де артта қалып келеді. Дегенмен соңғы жылдары осы саладағы көптеген көрсеткіштер жақсарып келе жатыр.
Облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана мекемелері бар.
Бекет Мырзағылұлы
Мырзағылұлы Бекет(Бекет ата) ( HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/1750" \o "1750" 1750—1813) — қазақтың әйгілі батыры, ағартушы, сәулетші. Халық әулие тұтқан. HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B0%D2%A3%D2%93%D1%8B%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83" \o "Маңғыстау" Маңғыстауда туып-өскен. Өзі тұрғызған Оғыланды мешітіне жерленген. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқып, діни білім алған.[2]Бекет жастайынан білмекке құмар болып, алғырлық зеректігімен көзге түскен. Ол ат жалын тартып мінген, оң-солын тани бастаған кездің жаугершілігі мол болған. Содан да ел қамы, халық тағдырына қатысты істерге ерте араласып, парасат-пайымымен, ерлік-табандылығымен жұрт көзіне ертерек түскен. Ол, әсіресе, медресе-мешіттер салдыртып, халықты HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%98%D0%BC%D0%B0%D0%BD%D0%B4%D1%8B%D0%BB%D1%8B%D2%9B" \o "Имандылық" имандылыққа, кісілікке, ауызбірлікке баулуға айрықша көңіл бөлген.
Бекет ата салдыртқан мешіттер күні бүгінге дейін біршама тәуір сақталған. Әсіресе, өзінің сүйегі қойылған Үстірттің Маңғыстау жақ ойысындағы Оғыланды мешіті үш бөлме етіп ойылған қалпы әлі тұр. Бекеттің немересі Мұрынның мүрдесі де осында.
Қабілеті[
Көзінің тірісінде оның қабілетін, қызметі мен жеке басына тән жаратылысын сипаттайтын ерекше төрт қасиеті болған:
Біріншісі — халықтың тәуелсіздігі жолында жауларға қарсы күреске белсене араласқан батыр.
Екінші — ғылымның қиын жолымен жүріп өтіп, балаларды білім нәрімен сусындатқан ағартушы.
Үшінші — ежелгі дәстүр бойынша көптеген елді мекендерде мешіттер мен медреселерге арнап ғимараттар салған сәулетші.
Төртінші — мүсәпірлер мен ауруларға қол үшін берген ерекше дарынды, атпал азамат және аса маңызды оқиғаларды болжай білген сәуегей.
Бекет атаның бұл қасиеттері көзінің тірісінде-ақ ел арасында аңызға айналғаны сонша, " HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%B5" \o "Медине" Мединеде — Мүхаммед, Түркістанда — Қожа Ахмет, Маңғыстауда — Пір Бекет" деген сөз сол кезде шықса керек. Сондықтан да оның ел алдында мәртебесі биік болған, сәуегей ретінде құрметтеп, пір тұтатын. Халық мұндай асыл азаматқа деген сүйіспеншілігі мен құрметін ұрпақтан-ұрпаққа аңыз арқылы жеткізген. Әрине, аңызға ақиқат ретінде қарауға болмайды, дегенмен, Бекет атаның атына байланысты жазылған әңгімелер оның өмірінен алынған.
Батыр
Қалың жауға қарсы қол бастап, қарсы шапқан қаһармандығымен Бекет батыр атанған. Шайқастарда Бекетке оның мейрімділік, әділдік сияқты адал қасиеттерінен туындаған бейбітшілікке деген сүйіспеншілігі сүйеу болған. Адам баласына көмектесуді және оларға білім беру, жақсылық жасауды Бекет ата Алланың бұйрығы деп санаған.
Ақ жолы[
Қазіргі таңда Бекет атаның Адамдықтың Ақ жолы, Әулиелік өсиеттері өсіп келе жатқан жас буынды тәрбиелеуде көп септігін тигізіп отыр. Жастайынан оқу-білімге құмар, ерекше дарынды, парасатты болған. Хорезмдегі Пақыржан қажыдан оқыған. Бекет ата жер асты ғимараттарын қашап жасаудың ежелгі дәстүрін дамытқан.
Деректер[
Бекет ата Маңғыстауда, Оғыландыдағы өз мешітіне жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді. Бекет ата ескерткіштері — Маңғыстау, Үстірт, Жембойындағы Бекет ата есімімен байланысты жерасты ғимараттарының ортақ атауы. Олар туралы халық жадында сан алуан аңыздар сақталған. XIX ғасырда Үстіртті зерттеген топограф Э.Эверсман, А.Дюгамель ғалымдар сол аңыз-әңгімелердің негізінде жинаған деректерін жазып қалдырған.Эверсман: " Үстірттегі таудан үңгіп жасаған мешіттер араб, парсы жазуларымен безендірілген. Мұндай ескерткішті Бекет төрт жерде жасаған. Оның бірі Маңғыстаудан қашық емес, Оғыландыда, екіншісі Бейнеуде, үшіншісі Жем бойында, төртіншісі Арал жағасындағы Баялыда", — дейді. Бекет ата бұл мешіт-медреселерде құдайға құлшылық еткен, бала оқытқан. Оғыландыдағы ғимарат жақсы сақталған. Оңтүстік Үстірттің Маңғыстау ойысына тірелген бір тұмсығының үзіліп қалған шоқысына қашалған. Үш-төрт қанат көлеміндей үш бөлме. Бекет ата мүрдесі осы бөлмелердің бірінің іргесіне қашап орналастырылған. Жерасты ғимараты маңында Бекет ата пайдаланған бұлақтар, құдықтар бар. Ел жадында қалған әңгімелерде Жем бойындағы Ақмешітте Бекет ата бала кезін, ал өмірінің соңғы жылдарының көбін Оғыландыда өткізген.HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%B9" \o "Адай"Адай руынан шыққан.
Іс-әрекеті мен қадір-қасиеті аңызға айналған Бекет ата Маңғыстау, Оғыландыдағы өз мешітінде жерленген. Көпшілік Бекет атаны әулие тұтып, қабіріне түнейді.
Отпантау
Отпантау – тарихи-мәдени кешен, кесене. 2007 ж. 25 қазанда ашылды. Кешен С.Адайдың бастамасымен 2004 ж. қолға алынған. Әуелі кешен жобасына байқау жарияланып, оған бірнеше үміткерлер қатысты; сарапшылар алқасының ұйғарымымен К.Демесіновтің жобасы кешен негізіне таңдалып алынды. Осы жоба бойынша Отпан таудың басында салынған 12 құлпытас ортасынан қос күмбез көтеріліп, ол алтынмен апталынды. Үш құлпытастың ортасындағысының қас бетіне алтын әріппен « HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%90%D0%B4%D0%B0%D0%B9_%D0%B0%D1%82%D0%B0" \o "Адай ата" Адай ата» деген сөз жазылды. Отпантау кесенесіне кірер есік екеу: олар «қасиетті қос босаға» деп аталады. Күмбезді көтеріп тұрған құлпытастарға Адайдың сегіз арысының аттары, ал күмбездің ішкі бетіне Адай ұрпақтарының аты мен рулық шежірелері алтын әріппен жазылған. Кіреберістегі керегелер биік мұнараларға бекітілген. 12 қанат керегенің ішкі беті гранитпен қапталып, оған әр түрлі тілдерде Адай туралы дерек-жазбалар ойылып түсірілген. Кесененің диаметрі 7 м, биіктігі 13 м. Кесене және оның шығысындағы төбе басында көк бөрілер мүсіні орнатылған. Тау басына көтерілетін айналма тепкішекті қоршай жаяу және көлік жолдарына тас төселген. Күмбез төбесіне сәуле шашып тұратын қуатты шырақ жағылған; газ, электр желісі мен тұщы су құбыры тартылған. Кесененің негізгі материалдары жергілікті орындардан алынған; HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%93%D1%80%D0%B0%D0%BD%D0%B8%D1%82" \o "Гранит" гранит пен мәрмәр тастар шетелден әкелінген; ал көк бөрі мүсіндері мен алтын аптаулар шет ел зауыттарында құйылып жасалған.
Иса-Досан көтерілісіне - 140 жыл
Қазақ халқының тәуелсіздігі жолында аянбай күрескен Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы бастаған көтеріліске 140 жыл. Маңғыстау жерін патшаның озбыр саясатынан құтқаруға ұмтылған қос батырдың ерлігі ұрпаққа өнеге. Олардың есімін ұлықтау кейінгінің парызы. Маңғыстаулықтар осыған орай мерекелік шара ұйымдастырды. Алдымен Ғылыми- тәжірибелік конференция өтті. Онда бұл көтеріліске қатысты тың деректер келтірілді. Ал, Форт- Шевченко қаласында қос батырдың еңселі ескерткіші бой көтерді. Ғылыми- тәжірибелік конференцияда бас қосқан ғалымдар «Ел тәуелсіздігі үшін күрестегі Иса- Досан көтерілісінің тарихи маңызы» тақырыбында ой бөлісті. 1870 жылы басталған шайқас- бөгде жұртқа бодан болмау жолында қаны мен жанын пида етіп, аттың жалында, атанның қомында жүріп күрескен бабалар ерлігінің дәлелі.
Шерқала тауыШерқала – Бозашыдан Хорезм мен Хиуаға баратын жол бойындағы тау, қамал аты. Арабшадан аударғанда «жолбарыс» деген мағынаны білдіреді. Төңкерілген кеседей болған таудың жан-жағы биік құз, шығатын жол жоқ. Таудың солтүстік етегінде әскери бекініс орны бар. Пирамида сияқты таудың солтүстік-шығыс бетінен түбіндегі туннелге жол тартылған. Тауды үңгіп қазылған туннель жоғарылаған сайын екі тарау болып, тау үстіне шығады. Қамалдың ұзындығы 300 метр. Ернеуінде сыйымдылығы екі-үш адамдық атқыш-садақшылар үшін орын бар. 1857 жылы геологиялық экспедиция құрамында Маңғыстауда болған поляк революционері Б.Залесский «Шерқала алыстан қарағанда Римнің керемет пантеондарын елестетіп, ерте заманның ескерткішін көргендей боласың. Жақындап келгенде жеке қабырғаларының колонналарын, қираған мүсіндер сияқты ақ таулардың бағандарын көресің» деп жазып Шерқаланың суретін жазып алады. Шерқала тауы жөнінде халық арасында айтылатын аңыз әңгімелер көп. Белгілі ақын Оңайгүл Тұржанова өзінің «Шерқала» атты өлеңдер жинағында мынандай аңызды келтіреді. «…Тауды табанынан тесіп кіріп, жоғары қарай үңгіп қазып, елу метрлік шыңның төбесін ойып шыққан туннельді көргеніңіз бар ма? Маңғыстаудағы Шерқала сондай тау. Тау басында, шың баурайының әр жерінде 2-3 адам сиярлықтай ұяшықтарда қашалған адайдың «үш әліп», түрікменнің «жарты ай» таңбалары Шерқаланың қолдан қолға өткенін сыбырлап қана айтып тұрғандай. Бұл жерде кешегі қырғын айқай-шу қаза болып, тыныштық таққа отырған. Қателіктер қапыда туады да, олар да адамдар сияқты ұзақ өмір сүреді. Олар да қартаяды. Бірақ өлмейді. Ұлы қателіктер өзінің ұлы екенін әлі айтып тұр. Қателіктің ең сорақысы-біреудің жеріне тарпа бас салу». 1989 жылы Шерқала маңында белгілі әнші С.Ротару ән шырқап, Бүкілодақтық теледидарға түсті. Ол Мәскеуден әлденеше рет көрсетіліп, бұрынғы Кеңес одағының бүкіл жұртшылығы Шерқала тауына тәнті болған. Бұл тау Маңғыстау өңіріндегі табиғаты сұлу, көрікті жерлердің бірі болып табылады.
Ақтау
Ақтау — Қазақстанның оңтүстік-батысындағы қала, Маңғыстау облысының орталығы. Қала теңіз және әуе порты болып табылады.
1964 жылдан 1991 жылға дейін украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне Шевченко аталған болатын.
ГеографиясыҚала Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Қаланың оңтүстік шығысында 40 шақырым жерде әйгілі HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D2%9A%D0%B0%D1%80%D0%B0%D2%9B%D0%B8%D1%8F_%D0%BE%D0%B9%D1%8B%D1%81%D1%8B" \o "Қарақия ойысы" Қарақия ойысы жатыр. Жер бедері тегіс, ол негізінен коррозиялық және дефляциялық әрекеттерден түзелген.
Кеңестік ғылымға сәйкес Еуропа мен Азияның шекарасы Мұғалжардан басталып, Ембі өзенінің бастауына дейін, одан Ембі бойымен Каспий теңізіне дейін жүргізілетін. 1950 жылдарға дейін Қазақстан аймағындағы Еуропаныңшекарасы Жайық өзенінің бойымен өтетін.
2010 жылдың сәуір-мамыр айларында  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%9E%D1%80%D1%8B%D1%81_%D0%B3%D0%B5%D0%BE%D0%B3%D1%80%D0%B0%D1%84%D0%B8%D1%8F%D0%BB%D1%8B%D2%9B_%D2%9B%D0%BE%D2%93%D0%B0%D0%BC%D1%8B&action=edit&redlink=1" \o "Орыс географиялық қоғамы (мұндай бет жоқ)" Орыс географиялық қоғамының экспедициясы Еуропа шекарасынМұғалжар арқылы, одан Каспий маңы ойпаты (Шығыс Еуропалық жазығы бітіп, Үстірт үстіртінің батыс бөлігі өтетін жер) арқылы өту керек деген қорытындыға келді. Мұндай жағдайда Еуропа шекарасы қазіргіден әлдеқайда оңтүстікке қарай ығысады. Қазіргі кезде Орыс географиялық қоғамының ғалымдар тобының пікірі Халықаралық географиялық одақтың қолдауына ие болмады. Демек, егер Халықаралық географиялық одақ Орыс географиялық қоғамының қорытындысын қолдаса, Маңғыстау облысының бір бөлігі Еуропада орналасқан болып шығады.
Әкімшілік құрылымы[Ақтау қаласы Ленинград қаласының үлгісі бойынша қалана бастады. Ақтау қаласының әкімшілік құрамына Өмірзақ кенті кіреді. Қалада екі көшенің атауы бар. Бірі Бірінші Президент көшесі, екіншісі Тәуелсіздік даңғылы. Қала ықшамаудандарға бөлінеді. Қала шағынаудандарға бөлінгендіктен керекті жерді табу оңай. Мекен-жайды атағанда аудан үй пәтер ретімен айтады. Мысалы 13-6-72. Қазіргі уақытта 31 ықшамаудан бар. Әрбір шағынауданда шамамен 50-70-дей үй бар, әр үйде орташа есеппен алғанда 60 пәтер бар. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының солтүстігінен Ақтау-Сити қаласының құрылысы жүріп жатыр. Бұл жоба  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D1%96%D1%80%D1%96%D0%BA%D0%BA%D0%B5%D0%BD_%D0%90%D1%80%D0%B0%D0%B1_%D3%98%D0%BC%D1%96%D1%80%D0%BB%D1%96%D0%BA%D1%82%D0%B5%D1%80%D1%96" \o "Біріккен Араб Әмірліктері" Біріккен Араб Әмірліктерінің қолдауының арқасында 2007 жылы іске асырыла бастады.
Экономикасы[Өндірістік қала, мұнай және газ өндіріледі.
Қалада теміржол вокзалы жоқ. Поездар Маңғышылақ станциясына келіп тоқтайды. Қала мен станция арасында №105 автобусы мен таксилер қатынайды, автобустардың бағасы 35  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A2%D0%B5%D2%A3%D0%B3%D0%B5" \o "Теңге" теңге, таксилердің бағасы шамамен 200теңгеара қашықтығы – 20 км.
Ақтау порты Каспий теңізінің шығыс жағалауында орналасқан. Ақтау түрлі халықаралық құрғақ жүктерді, мұнай шикізатын және мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған Қазақстандағы жалғыз порт болып табылады.
Тарихы[Ақта́у — Қазақстанның оңтүстік-батысында орналасқан қала, Маңғыстау облысының (ескі аты Маңғышылақ облысы) орталығы. 1961-1964 ж.ж. аралығында Ақтау поселкесі, Ақтау қаласы деп аталды. XIX ғасырдың ортасында Қазақстанға жер аударылған украин ақыны Тарас Шевченконың құрметіне 1964-1991 жылдары Шевченко қаласы деп аталды. Өнеркәсіптік қала болып табылады. Оның пайда болуына Кеңес Одағы басшылығының жиырмасыншы ғасырдағы орта машинажасау министрлігі қатысуымен және сол кездегі министр  HYPERLINK "https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=%D0%A1%D0%BB%D0%B0%D0%B2%D1%81%D0%BA%D0%B8%D0%B9_%D0%95.%D0%9F&action=edit&redlink=1" \o "Славский Е.П (мұндай бет жоқ)" Славский Е.П. басқаруымен елдің ядролық қалқанын жасау туралы шешімі әсер етті. Нәтижесінде уран кенін өндіру, оны өңдеу және байыту сияқты амалдарды орындай алатын ерекше кешен құрылды.Мәдениеті[Ақтауда Абай атындағы мәдениет сарайы, Н.Жантөрин атындағы драма театры, көптеген кинотеатрлар (Ардагер, Астана, Юность т.т.), түнгі клубтар бар (Лагуна, Дискай, Элико және т.б.). Теңіз жағасында ойын-сауық орталықтары, спорт және мәдени кешендері, демалыс орындары жетерлік. Жастар мен отбасыларға немесе немерекелік және банкеттік кездесулерді ұйымдастырарлық көңіл көтеру және ойын-сауық кешендеріне мысалыға "Ақтау", "Ардагер", "Бәйтерек" және табы басқа шағын кешендерді келтіруге болады. Жаз мезгілінде елді мекен тұрғындарына және қонақтарға арнайы жекешелендірілген жағажайлар бар: "Достар", "Nur Plaza", "Манила". Осыған қоса жеке меншік ретінде саналатын қала сыртында демалыс лагерьлері мен орындары халықтың демалысы мен уақытының жақсы өтуіне өзіндік әсерін етуде.