Ашы? саба? та?ырыбы:«?аза?станны? географиялы? орны мен шекаралары» /8 сынып/



Тақырыбы:
«Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары»
Пәні : физикалық география
Сыныбы: 8
Пән мұғалімі: Сарсенова Баян Оразбаевна
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның географиялық орны мен шекаралары
Сабактың мақсаты:
1.Қазақстанның географиялық орны, аумағы мен шекарасы туралы түсінік беру. 2.Оқушылардың атамекенге, табиғатқа, халқына деген сүйіспеншілік сезімін ояту. 3.Оқулықпен, қосымша материалдармен жүмыс істеу кабілетін қалыптастыру.

Окыту құралдары: Қазақстанның физикалық картасы. Дүние жүзінің физикалық картасы. Глобус. Қазақстанның табиғатына байланысты түрлі суреттер. Диапозитив «Эпидиаскоп».
Техникалық құрал: интерактивтi тақта
Негізгі ұғымдардар: Географиялық орны, шекаралары.
Номеклатура:Астана, Алматы, Алтай тауы, Солтүстік Қазақ жазығы, Тянь-Шань тауы.
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңi
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылардың бiлiмдерiн 1-5 дейiнгi балмен есептелiнедi, егер
оқушы толық жауап берсе -5 балл
оқушы орташа жауап берсе -3 балл
оқушы жауап бермесе – 0 балл
Сабактың мазмұны мен барысы:
Мұғалім оқушыларды сабақтың мазмүнымен танысады, еліміздің жер көлемі туралы үғымды қалыптастыру үшін, ТМД мен Қазақстанның жер көлемін айтып еліміздің аумағына Үлыбритания, Франция, Финляндия, Италия,
IIIвеция, Норвегия сияқты мемлекеттерді түгелдей сыйдыруға болатынын баяндайды, осыңдай салыстыру нәтижесіңде өз елі аумағының көлемінің үлкендігіне оқушылардың мақтаныш сезімі оянып, оған деген сүйіспеншілігі артады.Мұғалім физикалық карта арқылы Қазақстан Республикасының шекарасы оның байырғы халқы қазақтардың қоныстануымен белгіленгендігін айтады. Бүл шекараның біразы Каспий, Арал теңіздері жөне Алтай, Тянь-Шань таулары сиякты табиғи шептер арқылы өтетіндігіне тоқталады.
Қазақстанның географиялық орналасуының ерекшелігісипатталып, оның аумағы арқылы Орта Азия, Батыс, Сібір, Орал, Еділ жағалауына ірі экономикалық аудандарға катынас жасайтын жол өтетінін баяндайды.
Оқытуіс-әрекеттерімен әдістері:
7-сыныпта өткен материктің «географиялық орны» деген үғымды еске түсіру.
Картадан географиялық орынды қандай белгілері арқылы білуге болады? Сұрақ-жауап арқылы білімін анықтау. Параллель мен меридиан бойынша Жер шарыңда Қазақстан аумағының орналасу жағдайы, мүхиттың, теңіздің жылы және суық ағыстарына, жылулық белдеулеріне, ірі таулы аймақтарға байланысты орнына сипаттама беру.
Оқушылардың өз бетінше жургізілетін іс-әрекеттері:
Оқушылар Қазақстанның физикалық картасы және дүние жүзінің физикалық қартасын пайдаланып, республика аумағының шеткі нүктелерінің географиялық координатасын анықтап кескін картаға түсіреді.
Қазақстанның мүхит пен теңіздерге байланысты орналасу жағдайын анықтайды.
Оқушыларға өз беттерінше жүмыс істеу үшін тапсырма беруге болады.
1. тапсырма. Градус торы арқылы Қазақстанның батыстан шығысқа және солтүстіктен онтүстікке қарай үзындығын градус және километр есебімен олшеу арқылы анықтау.
2. тапсырма. Қазақстанның шекарасын қызыл қарындапшен жүргізіп, шектесетін елдердің аттарын жазу.
3. тапсырма. Интерактивтi тақта арқылы жұмыс жасаймыз. Географиялық картаны және оқулық мәтінің пайдалана отырып төмендегі кестені толтыру.
Қазақстанның
аймақтары Шектесетін
аймақтар Шекарасының
ұзындығы
Солтүстігі Шығысы Оңтүстік шығысы Оңтүстігі Оңтүстік батысы Батысы Батыста, Солтүстік-батыста және солтүстікке Қазақстан Ресймен шектесетінін, Алтайдан Тянь-Шаньға дейінгі 1100 км- ден аса созылып жатқан шығыс шекарасы ТМД және Кытай Халық Республикасының арасында мемлекеттік шекара өтетінін айтады.
Оңтүстікке Орта Азиядағы мемлекеттер - Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстанмен шектесетіні, Батысында Каспий маңы ойпаты мен Жалпы сырт қыратының біраз жерін, солтүсгігінде Солтүстік Қазақ жазығының оңтүстігін, оңтүстігінде Тұран ойпатын, ал шығысы мен оңтүстік шығысында Алтайдың батыс болігінің көбін жәнеТянь-Шаньның солтүстік жоталарын басып отетінін оқушылар картаға түсіреді.
Үйге тапсырма: оқушылар оқулық материалын қайталап кескін картамен жүмыс істеуі тиіс.
Сабақты қортындылау: сабаққа белсене араласқан, сұрақтарға жауап берген оқушыларға баға қойып, сабақты қорытамыз
Сабақты бағалау: