Мен — ?з Отанымны? патриотымын! (Сынып са?аты 2сынып)
Астана қаласы № 67 гимназияның бастауыш сынып мұғалімі.
Сыныбы: 2 «А»
Тақырыбы: Мен - өз Отанымны патриотымын!
Мақсаты: Халық педагогикасын насихатау. Балалардың ұлтжандылыққа,имандылыққа және адамгершілікке баулу. Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге атамекеніне,еліне деген сүйіспеншіліктерін артыруға тәрбиелеу. Сөздік қорларын байыту,тіл байлығын арттыру. Көрнекілігі:
1.Қазақстанның әнұраны,көк байрағы,елтаңбасы. 2 «Қазақ елінің рәміздері» кітабы.
3.Ұран сөздер жазылған плакаттар.
4.Қазақстан картасы.
5.Табиғат көріністерінің суреттері.
Барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Отан... Отан... Сен болмасаң, не етер ем?
Өмірде бұл өксуменен кетер ем,-деп оқушыларды республикамыздың рәміздерін құрмет тұту рәсіміне шақырып, Мемлекеттік әнұранымызды хор мен бастайық. 1.Қазақстан Республикасы бойынша сұрақтар берем. Біз қай ұлтпыз? Қандай республикамыз?
2. Қазақ елінің рәміздерін жеке-жеке сұрау.
а) ҚР-ның картасы,
ә) ҚР-ның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың портреті,
б) Оқушы тақпағы:
- Елімнің атын айтсам- Қазақстан,
Жерімнің атын айтсам- Қазақстан,
Қойнауы қазынаға толған мекен,
Байлығымның атын айтсам Қазақстан.
Мұғалім: - Ал, енді оқушылар біздер қазір Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың
бұқаралық ақпарат құралдар баспасөз конференциясын өткізген залында бүгінгі Білім күніне арналған сабағымызды бастаймыз.
а) Мұғалім: (алғы сөз)Ата-аналар, ұстаздар және оқушылар!
Міне, сағына күткен Білім күніміз де келіп, бүгін сондай бір
қуанышты сезіммен қарсы алғалы тұрмыз.
Отан дейміз кең байтақ Астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады. – деп өз ел ақынымыз жырлағандай Отан - әр адамның туып өскен жері, атамекені.
Сұрақ: - Сондықтан оқушылар біздер үшін жақын да, ыстық туып өскен еліміз қалай аталады?
Жауабы: Тәуелсіз Қазақстан мемлекеті (тақтада Қазақстан картасы көрсетілуі керек).
Сұрақ: Олай болса, тәуелсіз мемлекетімізді танытатын қандай белгілері болуы
керек ?
Жауап: Жері, халқы, оны қорғайтын қарулы күштері және ел басқаратын
Президенті болу керек. Сонымен қатар, елімді танытатын өзіндік
белгілері Туы, Елтаңбасы, Әнұраны және өз Атазаңы болу керек
Сұрақ: - 1-ші суреттен қандай сөз шығады? – «Ту» сөзі.
Келесі суреттен қандай сөз шығады? – «Елтаңба» сөзі.
Соңғы суретімізден қандай сөз шығады? – «Әнұран» сөзі.
Мұғалім: - Сонымен «Ту»,«Елтаңба», «Әнұран» осы үш белгіні біріктіріп, қалай атаймыз?
Жауап: - Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздері деп атаймыз.
Мұғалім: – Ендеше, балалар, сабағымыздың негізгі мақсаты Қазақстан Республикасының Мемелекеттік рәміздерімен байланыса келе, Тұңғыш Президентіміздің Музейіндегі ерекше сабағымыздың
тақырыбы «Қазақстан- Туымен тұғырлы,
Елтаңбасымен еңселі,
Әнұранымен айбатты!» - деген әсерлі де, көркем сөздермен бейнеленіп алынды. Елбасымыздың Музейіне келудегі мақсатымыз да, осы мемелекетіміздің рәміздерімен, Тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың өмір жолымен толықтай танысып, білуге келдік.
- Кәне, барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.
Оқушылар: - Елтаңбасы елімнің
Неткен әйбат әдемі
Тату- тәтті достардың
Шаңырағы секілді.
(қимыл-қозғалыспен көрсетеді)
Мұғалім: - Орындарыңызға отырып, тақтадағы бейнефильмге назар
аударыңыздар.
Бұл бейнефильмде ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері мен Президент
штандартының Ақмолаға көшірілудегі салтанатты жағдайының
бейнефильмінен сол сәттердің куәсі болып, отырмыз.
ҚР-ның Мемлекеттік рәміздері Туы, Елтаңбасы, Әнұранының
сипаттамасы және ресми пайдалану тәртібі Конституциялық
Заңмен белгіленеді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 9-
бабы бойынша «ҚР-ның азаматтары, сондай-ақ ҚР-ның аумағында
жүрген адамдар ҚР-ның Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын,
Әнұранын қастерлеуге міндетті» делінген.
Ендеше, балалар, ҚР-ның Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге,
әруақытта жоғары ұстап, қастерлеуге міндеттіміз.
Мұғалім: - Ал, балалар, мына суретте кімдерді көріп тұрмыз?
Жауап: - Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевпен бірге біздің №53 орта мектептің оқушыларын көріп тұрмыз.
Мұғалім: - Көрдік пе, балалар, Елбасымыздың әр уақыты санаулы, елі үшін тынымсыз еңбекте жүрсе де, алтын уақытын бөліп, біздің мектебіміздің жаңадан ашылу салтанатына қатысты. Бұл салтанат біздің мектебіміздің тарихы үшін естелік.
сұрақ. – Қ.Р-ның Туының авторы кім?
Шакен Ниязбеков (суреті көрсетіледі)
сұрақ. – Қ.Р-ның Елтаңбасының авторлары кімдер?
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов (суреттері көрсетіледі)
сұрақ. – Қ.Р-ның Әнұранының авторлары кімдер?
- сөзі: Жұмекен Нәжімиденов, Нұрсұлтан Назарбаев,
әні: Шәмші Қалдаяқов. (Суреттерімен көрсетіледі)
1-жүргізуші: Қазақ халқының бүгінгі қол жеткізіп отырған тәуелсіздігі бізге көктен түсе қалған сый емес.Тәуелсіздік дегенде ұлан-байтақ жерімізді анталаған жауларынан қызғыш құстай қорғап, ат үстінде арыстандай арпалысып өткен асыл бабаларымыздың аманаты. Ұшқан құстың қанаты талатын, қазақтың байтақ даласын ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен алған.
Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын, Ұранға Алаш деген атты аламын Сүйгенім қазақ, өмірі өзім қазақ, Мен неге қазақтықтан сақтанамын? Қонақжай халқымыз, жомартпыз, дарханбыз Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз Таныған жұмыр жер алаштың баласын
Қазақстан көп ұлтты мемлекет.
Онда қазақтар, орыстар,
ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді.
Қазақ халқының кеңпейілдігін мен бауырмалдылығының арқасында республика көп ұлттың баласына алтын бесік болып отырғаны дәріптеледі.
Ата –дәстүріміз бен ана тілімізді келер ұрпаққа мұрат етіп жеткізіп тарихымыздың қазынасын молайтсақ, болашақтан жақсы үміт күтуге болатыны белгілі.
Күндер өтті кешегі,
Жігер құм боп жасыған,
Несіне оны жасырам?
Әнұраным бүгінгі
Баға жетпес асыл ән.
Оқушы шығармашылығы:
Биіктей бер, Нұр аға,
Қыран қанат талмасын.
Қадірлемей тұра ма,
Халық Сіздей тұлғасын.
Гүлдене бер Отаным,
Көтерген Туын Нұр ағам!
Көбейткен достың қатарын,
Нұр аға - біздің Ұлы адам.
Мұғалім:
Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызда халықтар достығы туралы, бірлік туралы әңгіме қозғадық. Қазақстанда барлық ұлт өкілдері тату-тәтті , достықта өмір сүріп жатыр екен. Отан, достық, бейбітшілік деген киелі ұғымдарды тек біздер ғана емес, басқа да халықтар өз тілінде айтып бейбіт өмір сүруге шақырады. Балалар "Отан, достық, бейбітшілік" деген сөздерді әр ұлт өз тілінде айтып, шар, гүлдермен ортаға шығады. Біз көппіз және бәріміз – бір Елміз, бір халықпыз..Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз.Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы.Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – тәуелсіз Қазақстан.Біз болашаққа көз тігіп, тәуелсіз елімізді «Мәңгілік Ел» етуді мұрат қылдық.