Тама?тануды? м?лшері. Витаминдер ж?не оларды? ма?ызы. Майда ж?не суда еритін витаминдер.


Пәні: биология Мерзімі: Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: Тамақтанудың мөлшері. Витаминдер және олардың маңызы. Майда және суда еритін витаминдер.Тағам құрамындағы витаминдерді сақтау
Сабақтың реті: 4-сабақ
Жалпы сабақтың мақсаты: Тамақтану ережесін,витаминдердің түрлерін және оның маңызы туралы білу,, ойлау қабілетін дамытады. Бір-бірін тыңдауға үйренеді. Ұжымда, шағын топта жұмыс жасауды және бір-бірін сыйлауға үйренеді.
Оқу нәтижелері:
- Дұрыс тамақтану ережесін біледі.
-Витаминдердің түрлерін ажырата алады.
-Витаминдер ағза үшін өте маңызды екенін түсінеді
-жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге , танымдық дағдылары арқылы басқада ақпарат көздерін дамыта отырып топпен жұмыс жасау барысында шығармашылық, ізденіс дағдысы, қабілеті артады;
-өз ойларын еркін жеткізе білуге, оқушылар есте сақтау және зейіндік қабілеттері дамиды;
- ұжымда, шағын топта, жұпта жұмыс жасай отырып, бірін-бірі тыңдауды, сыйлауды үйренеді.
Түйінді идеялар: Оқушылар «Ас қорыту жүйесі» туралы білімдерін шыңдайды.
Сабақтың типі: Білім мен іс-әрекет тәсілдерін жүйелеу және қорытындылау
Сабақты ұйымдастыру түрі: Тренинг-тәжірибе
Белсенді оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Болжау» ,«Қар үйіндісі» әдісі, «Маған көрсет әдісі»,«Радиоға қоңырау шалу»,«Қарама-қарсы» сап әдісі,«Күту ағашы»әдісі,«Бірлік» әдісі,«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі.Сыни тұрғыдан ойлау, диалогты оқыту
Жұмыс түрлері: Ұжымдық, жеке жұмыс, жұптық жұмыс, топтық жұмыс
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз етілуі яғни дереккөздер: Стикер, маркер.Кесте, таблицалар.
Тақтайшалар және қаламдар.интерактивті тақта
Муляждар.Флипчарт
І Қызығушылығын ояту кезеңі:
Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті
1-әрекет . Ұжымдық жұмыс: Сыныптағы ынтымақтастық атмосферасын құру.
«Бейтарап жүріп тілек айту» әдісі бойынша оқушылардың бір-бірімен амандасуын, тілек айтуын ұйымдастыру .
.
1
Оқушылар бейтарап жүріп, бір¬-бірінің қолын алып амандасады, бір-біріне жағымды сөздер арқылы комплименттер айтады ..
2-әрекет.Стикер арқылы топқа бөлу 1 Стикердің түсіне қарай топқа бөлінеді
3-әрекет. Ұжымдық жұмыс «Күту ағашы» әдісі арқылы бүгінгі сабақтан не күтетінін білу 1 Оқушылар тақтадағы күту ағашына бүгінгі сабақтан не күтетіндіктерін стикерге жазып, іледі.
3-әрекет. Топтық жұмыс. Болжау әдісі арқылы жемістерді көрсетіп тақырыпты өзектілеу
3 «Болжау » әдісі бойынша оқушылар топта жемістер қандай затқа бай деген сұрақты талқылап,оз ойларын жариялайды
ІІ Мағынаны ажырату кезеңі:
4-әрекет.Жеке,жұптық, топтық жұмыс «Қар үйіндісі» әдісі бойынша оқушылар алдын ала берілген витаминдер туралы хабарламаларға презентация жасату.. 8 Оқушылар алдын ала дайындап алып келген ақпараттары бойынша витаминдер туралы power point бағдарламасы негізінде презентация жасайды. Жариялайды.
5-әрекет. Жеке, жұппен, топпен жұмыс.
-«Айналмалы бекеттер» әдісі
Арқылы тамақтану ережесі туралы сұрақтар беру
. 10 Әр бекеттегі сұрақтарға жауап беріп, келесі бекетке өтеді.Тамақтану ережесі туралы өз ойларын талқылап постерге түсіреді, жариялайды
6-Әрекет .«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі бойынша, әр топ бір-бірлеріңді бағалаңдар. Стикер таратып беремін 2 Топтар бір-біріне «Екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша баға береді.»
5-әрекет. Жұптық жұмыс.Маған көрсет әдісі бойынша оқулықтағы мәліметті өздерінің ойларымен салыстыру тапсырмасы беріледі. 4Оқулықтағы нақты мәліметпен танысады, өз ойларымен салыстырады. Т-кестесі бойынша
7-әрекет. Жеке жұмыс.Өзін бағалау парағы арқылы бағалайды.
1
Әр оқушы бағалау парағына өзін өзі бағалайды.
8-әрекет.Ұжымдық жұмыс. Ойсергек. «Бірлік» әдісі топтағы қатысушылар 1,2,3 дегенде бірдей алақандарын ашып бірлік деу керек . 2 Оқушылар алақандарын бірдей ашқанға дейін жалғасады.
9-әрекет . Ұжымдық жұмыс. Үй тапсырмасын беру: Зәр шығару жүйесі туралы мәлімет алу 2
Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады, сұрақтары болса қояды.
ІІІ Ой толғаныс кезеңі:
10-әрекет.
Ұжымдық жұмыс. Радиоға қоңырау шалу
5 Радоға келген дәрігерлерге сұрақ қою арқылы жауап алу.
11-әрекет. Мұғалім баға қояды.
3
Өзін-өзі бағалау парағы бойынша оқушылар өздерін бағалайды.
12-әрекет. «Күту ағашы» әдісі арқылы кері байланыс жасату. Стикер тарату. 2 Оқушылар бүгінгі сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын « күту ағашына» стикер арқылы кері байланыс жасайды.
Мұғалім Тренері