Т?рбие са?аты С?лем т?зелмей, ?лем т?зелмейді (4 сынып)
Тәрбие сағаты: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Мақсаты: - Оқушыларды ізеттілікке, сыпайылыққа, әдептілікке, достыққа тәрбиелеу.
- Оқушылардың сыйластық қарым - қатынас дағдыларын дамыу.
- Оқушыларды үлкендермен амандасуға, бір - бірімен сәлемдесуге, бір - біріне ізет, сый - құрмет көрсете білуге үйрету.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, шарлар,
Сабақтың әдістері: баяндау, топтау, сұрақ - жауап.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
I. Мұғалім сөзі:
-Сәлеметсіздер ме құрметті оқушылар, ұстаздар
Бүгінгі біздің «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер!
-Бізде бүгін ерекше күн, бізге қонақтар келіп отыр.
Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын оқушылар сендерді тақтаның алдына шақырғым келіп тұр.
1. 3 тілде тақпақ айту Тамирис,Зере, Іңкәр
Ақыл – жастан, асыл – тастан
Шығады деп дарынды,
Халық айтса, халық сөзі
Әрқашан да нанымды.
Сол өнердің жолын қуған
Осы сынып атынан
Қабылдаңыз шын жүректен
Сәлем сізге жалынды .
2. Хор сәлемдесу туралы
3 .Шаттық шеңбер
Дөңгеленіп тұрайық
Керегені құрайық.
Уықтар боп иіліп,
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрайық.
-Балалар қараңдаршы біз міне бір шаңырақ астында тұрмыз
2. Мұғалімнің кіріспе сөзі. Қай халық болмасын, қай ел болмасын, бір – біріне жылы мейір мен кең пейілділікті, достықты, өзара жақындықтарын білдіріп, амандық – саулық сұрасып, өзінің аманекендігін білдіруі – сәлемдесуінде.
-Ендеше Бүгінгі біздің «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді» атты ашық тәрбие сағатымызға бір- бірімізге жылы лебізімізді білдірейік! «Сәлем беру» туралы.
-Ендеше балалар қолымыздағы уықтарымыздың түстеріне қарай орындарымызға жайғасайық!
Мұғалім сөзіХалықаралық сәлемдесу күні (World Hello Day) жыл сайын дәл осы күні, яғни 21 қарашада аталып өтеді. 1937 жылы бұл мерекені ағайынды американдықтар Майкл мен Брайен Маккамоктар ойлап тапқан болатын. Сол кездері Египет пен Израильдың арасында шиеленіс болып жатқан еді. Осы суық соғысты басу мақсатында өмірге келген бұл мереке сол күннен бастап халықаралық қақтығыстарды басудың басты күні саналды. "Бір оңтайлы шешімін табу керек", - деп балақ түріп, білек сыбанған ағайындылар әлемнің барлық елдеріне жарқын көңілмен ашық хат жолдайды. Жер бетіндегі елдердің қақтығыстарын басайық деп ешкімге қолқа салмайды, идеяны өздері-ақ қолға алды. Олар сосын сәлем айтып жіберген хат алушыдан тағы бір адамға осындай хат жолдауын өтінеді. Тым болса, осы хат алушының атынан 10 адамға жіберілсе деп тілейді. Уақыт өте келе бұл мейрам әлемнің 180 елінде тойлана бастап, олар да ағайындылармен қосыла осы идеяны қос қол көтере қолдайды. Содан бері Халықаралық сәлемдесу күні жер шарындағы кез келген жанның ортақ мерекесіне айналды. Бұл күні адамдар бар ренішін ұмытып, өзіне өкпе ұстап жүрген жандарды бауырына басып кешеді. Тіпті танымайтын жандарды көрсе де, сәлемінің қаншалықты түзулігін көрсетіп ықылас танытады. Аталған мереке Халықаралық болғандықтан бәріміз үшін де маңызы ерекше. Мұны жас та, кәрі де, әйел де, ер де, бай да, кедей де қатар тойлайды. Бұл - әлем елдерінің татулығы мен келісімін нығайтатын ұлы күн! Бастысы сәлем беру, сәлем алу ғана емес. Мәселе - көңілде... Шын ниетпен айтқан сәлеміңіз адам көңілінің көтеріліп қалуына себепші боларын ұмытпаңыз.
-Оқушылар сендер сәлемдесе білген адам қандай болады деп ойлайсындар?
сәлемдесе білген адам
Қане мына тірек сызбаны толтырып жиберейікші?
әдепті
мейірімді
-Ал енді сендер білесіңдер амандаспайтын адамдар болады олар қандай адамадар деп ойлайсыңдар? (Мейірімсіз, қатігез, ызақор, паң, өркөкірек)
-Оқушылар «Сәлем – сөздің анасы» деген мақалды, Білгені жөн әр қазақтың баласы.
1 – оқушы: Сәлем – әдептілік белгісі.
2 – оқушы: Сәлемнің сәлемдесу, сәлем беру, сәлем қылу сияқты көптеген түрлері бар.
3 – оқушы: Сәлемдесу – кездескен адамдардың бір – бірінің амандығын біліп қуанышқа бөленуі. Бір – біріне аман – саулық тілеп, тілектестігін, ниеттестігін білдіру, әдептілік пен ізеттілік нышанын көрсетіп жақсылыққа жарылқауы.
4 – оқушы: Әрбір адам «Қайырлы таң», «Қайырлы кеш» деген сөздерді амандасуға қосып айтады.
5 – оқушы: Амандасу адамгершіліктің , әдептіліктің бір белгісі болып табылады.
6 – оқушы: Амандасқан адам қазақ салтында оң алақанын жүрегінің үстіне қойып басын изейді.
Жасының үлкендігін міндет етпей, алыс жол жүріп келген немесе ауылға алғаш келген адамға үлкен адамдар өзі келіп сәлем береді.
-Жақсы балалар біз қандай елдерді білеміз? Ресей, қырғызстан, қытай
Әр елдің өзіне тән діні, тілі , сал- дәстүрі, өзіндік ерекшеліктері бар.
Мұғалім- Ендеше сол елдердің бір – бірімен қалай сәлемдескеніне куә болайық.
Екі оқушыдан шығып көрсетеді.
1. Қазақ ұлты қол алысып амандасады.
- Ассалаумағалейкум.
2. Орыстар құшақтасып үш рет алма – кезек сүйісіп амандасады. Денінің саулығын сұрасады.
- Здравствуй.
3. Ағылшындар беттерін тигізіп амандасады.
- Хауду юду.
Жүргізуші: Ал, күншығыс елі жапондықтар бір – біріне иіліп, екі қолын қусырып, басын шұлғып, белін бүгіп, жымия күледі.
1 – қатар орындарынан тұрып, бір – біріне жапондықтарша сәлем береді.
Ауғандар алдымен қолын маңдайына тигізіп, иба жасап, иіліп сәлем береді. Бұл «басымыз аман болсын» дегені.
2-қатар орындарынан тұрып, ауғандықтарша сәлемдеседі.
Ертедегі қытайлар өз қолын өзі қысып амандасқан. Қазір «Бүгін тамақтандыңыз ба? Қарныңыз тоқ па ?» - деп сұраған.
3 – қатар қытайлықтарша сәлемдеседі.
Гректер «қуаныңыз» деп сәлемдессе,
Тибеттіктерде тіптен қызық, бір бірімен амандасқанда оң қолымен бас киімін алып, сол қолымен құлағының артын ұстап, тілдерін шығарады екен.
Француздар маңдайыңнан сүіп амандасады.Вон жур дейді
- Балалар міне біз білдік кай ел, калай амандасатын.
-Оқушылар енді топқа бөлініп орнымызға отырайық
Оқушылар топқа бөлініп отырады.
1 топ «Имандылық» орталығы ақ лента
2 топ «Өнер» орталығы қызыл лента
3 топ «Шығармашылық» орталығы көк лента
Мұғалім: Сәлемдесе білген адам иманды. Ислам діні сәлем беруді,рұқсат сұрауды шариғатқа енгізген.Пайғамбарымыз Мұхаммедтің хадис шарифтерінде: «Бір - біріңмен сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім - махаббат оянады», «өзіңе кезіккен жасы үлкендерге сәлем беріп, амандас. Оны тану - танымауың шарт емес. Ол достықты арттырады әрі адамдығыңды анықтайды», «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі» дейді.
«Ислам» орталығы сәлемдесу, хадистер туралы айтады.
Ислам діні сәлем беруді, рұқсат сұрауды шариғатқа кіргізген. «Сәлем – Алланың жердегі есімдерінің бірі» делінген 347 – хадисінде. 91 – хадисінде: «Біріңмен – бірің сәлемдесіп жүріңдер, сонда ғана араларыңда мейірім – махаббат оянады» делінген. «Егер сізге сәлем берілсе сіз одан жақсырақ болмаса да, тап өзіндей етіп жауап қайтарыңыз». 86 – аяттан.
Ендеше «Өнер» орталығының көрінісін тамашалайық!
«Шығармашылық» орталық
Мақал мәтелдер.Нақыл сөздер, тақпақтар жазып кітапша шығарады.
VI. Қортынды жасау
Күн шуақтарын толтыру- әр оқушы өз қолдарынның бейнесі жатыр.
Бағанада айтып жатырмыз қазақ халқы
сәлемдесу арқылы біз кандай боламыз
Инабатты, сыпайы, ізетті,әдепті,
-Балалар неге ұқсайды ?«Күн» бүкіл әлемге жылуын, нұрын шашып тұрады,ендеше күдей жадырап, шуғымызды шашып амандасып жүрейік!
«Сөздің саласын табу қиын емес, Анасын табу қиын» деген екен жыр алыбы Жамбыл атамыз. Олай болса, сөз анасы да осы – сәлемдесу болса керек.
Қамшының сабындай қысқа ғұмырда «сіз - біздеріңіз» бұзылмай, сәлемдеріңіз түзу болсын.
«№236 орта мектебі» КММ
Тақырыбы: «Сәлем түзелмей, әлем түзелмейді»
Жауапты: Магамадиева Ж.А
4 «Ә» сынып
2014-2015 оқу жылы