Конспект занятия по казахскому языку на тему Сені? аты? кім?


Сенің атың кім?
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырлған оқу іс - әрекетінің түрі: «Қазақ тілі».
Мақсаты: тансу үлгісін үйрету,сыпайлыққа, достық қарым – қатынасқа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: тансу үлгісі жазылған аудиатаспа.
Қажетті құрал – жабдықтар: жұмыс дәптері, үлестірмелі материал, түрлі түсті қарндаштар.
Әдіс – тәсілдері: түсіндірме, сұрақ – жауап, ойын, практикалық.
Іс - әрекет кезеңдері Педагогтің іс - әрекеті Балалардың іс - әрекеті
Мотивациялық- қозғаушылық Педагог топтағы балаларды танысу үлгілерімен таныстыру үшін алдан – ала дайындағнан аудиотаспадан танысу үлгісін тыңдатады. Содан кейін топтағы әр баладан «Сенің атың кім?» деп сұрайды. Мұнда балалардың сұрақты естігенде, өз атынғана айтудың өзі жақсы көрсеткіш екені ескеріледі. «Сенің атың кім?» деген сұрақа балалар «Юра» деген сияқты қысқа жауап береді.
Ұйымдастырушылық – ізденістік Педагог балаларды жұмыс дәптердегі «Сенің атың кім?» тақырыбына арналған оқу іс - әрекетінің үлгісімен таныстырады. Сурет бойынша танысу үлгісін қайталатады. Аудиотаспадағы танысу үлгісінің тек алғашқы жартысын ғана қосып, топтағы балалардың өздеріне жауап бергізуге болады. Бұл сұрақты сөйлем түрінде толық қабылдауға жаттықтырады. Неғұрлым көпірек тыңдаған сайын, балалар соғұрлім жеңіл қабылдайды. Үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындату арқылы педагог белсенді лексиканы балаларға тағы бір қайталап, бекіте түседі. Тапсырманы ұқыпты әрі тиянақты орындау арқылы балалардың ұсақ қол қимылы дағдыларын дамытуға, шығармашылық түрде жұмыс істеу арқылы бейнелі ойлауын, зейінін, қиялын дамтуға ерекше көңіл бөлінеді. Топтағы балалар үлестірмелі материалдағы тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық – түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі оқу іс - әрекеті барысынан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Жаңа материалды еске түсіріп, хормен қайталатады. Оқушылар белсенді сөздік қорды хормен қайталайды.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Балалар танысу үлгісін меңгереді.
Игереді: «сенің атың кім?» деген сұрақты түсінеді, бұл сұраққа қысқа жауап бере алады.