С?лем! Сені? аты? кім? та?ырыбына байланысты ?за? мерзімді жоспар (1 сынып)
1- САБАҚ
Тақырыбы:
Сәлем! Сенің атың кім? Мектебі: КММ «№31 орталау мектеп»
Күні, айы:Мұғалімнің аты-жөні: Еркін Майра Жанатқызы
1 «А, Б, В» сыныптары Сабаққа қатысқан оқушылар саны:
1 «А» 1 «Б» 1 «В»
Сабаққа қатыспаған оқушылар саны:
1 «А» 1 «Б» 1 «В»
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты Сөзді зейін қойып тыңдау, түсіну және оған сәйкес дұрыс әрекет ету (қимыл, ым мен ишараны қолдану, іс-әрекет жасау).
1.1.2.1. Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздердің
мағынасын түсіну.
1.2.3.1. Сұхбаттасының не туралы айтқанын түсіну және
тілдік нормаларды сақтай отырып, түрлі
тәсілдермен жауап беру.
1.3.2.1. Мәтіндегі таныс сөздердің мағынасын түсіну.
1.5.1.2. Мұғалімнің көмегімен тәуелдік жалғауын ауызша
тілде қолдану.
Сабақ мақсаты Барлық оқушылар:
Амандасу, танысу үлгілерінің қарапайым түрлерін қолдана алады.
Оқушылардың басым бөлігі:
Сабақта үйренген амандасу, танысу үлгілерін адамның жас ерекшелігіне байланысты орынды қолдана алады.
Кейбір оқушылар:
Амандасу үлгілерінің басқа да түрлерін айта алады, амандасу, танысу үлгілерін өмірлік жағдаяттарда еркін қолдана алады.
Сабақтың барысы Сабақтың кезеңдері Жоспарланған жұмыс Ресурстар
Сабақтың басы
(2-5 минут) (МК) Оқушылардың сабаққа дайындығы. Сабақтың басталуына жағымды ықпал ететін көңіл күй қалыптастыру. Шаттық шеңберге тұрып, оқушылармен танысу. Сабақ мақсатымен таныстыру. Сабақтың ортасы
(6-30) (МК, Ұ) Оқулықтағы 1-тапсырмада мұғалім оқушылардың назарын алғашқыда екі баланың, содан кейін бала мен үлкен адамның амандасу үлгісіне аударады. Оқушылар «Сәлем!» және «Сәлеметсіз бе!» деген амандасу үлгілерін тыңдайды, хормен, жеке-жеке қайталайды. Тапсырмада сөздердің дыбысталуына ерекше назар аударылады.
(Ж) Оқушылар амандасу үлгілерін сыныптағы оқушылармен және мұғаліммен амандасу арқылы тәжірибеден өткізеді. Сондай-ақ осы тапсырмада берілген әртүрлі жастағы адамдармен (1-тапсырмадағы суреттер бойынша) амандасу арқылы да амандасу үлгілерін есте сақтауға тырысады.
(МК, Ұ) 2-тапсырмада оқушылар танысу үлгісін тыңдау, қайталау арқылы «Сенің атың кім?» деген сұрақпен және «Менің атым - … .» деген жауап үлгісімен танысады. Оқушылар сурет бойынша Жұлдыз, Айгүл деген қыз аттары туралы да ақпарат алады. Қыздардың аты жұлдыз, ай, гүл сөздерімен байланысты екенін түсінеді. (ОТ) Мұғалім балаларға өз аттарына байланысты сурет салуды ұсына алады. Бұл арқылы балалар өз атының қандай мағына беретіні туралы ойланады. Оқушылардың бойында өз есімдеріне деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату өте маңызды.
Сергіту сәті.
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар
Үп-үлкен болып өседі.
(Ж) 3- тапсырмада тілдесім әрекетіне көңіл бөлінеді. Оқушылар осы тапсырмада берілген диалог бойынша өзара сөйлеседі. Диалог арқылы амандасу, танысу үлгілерін қайталайды.
(МК, Ұ) Дәптердегі тапсырмаларды орындау арқылы оқушылар оқулықпен жұмыс барысында алған білімдерін бекіте түседі. Оқулық
Аудиодиск:
1.1.1; 1.1.2.; 1.1.3.
А4 форматты ақ қағаз, қарындаштар.
№1жұмыс дәптері
Сабақтың соңы
(31-35) (Қ) Сабақты қорытындылау мақсатында мұғалім оқушылармен кері байланыс орнатады. Оқушылар сабақ барысында нені білгені, қалай жұмыс істегені, не қызық әрі жеңіл болғаны, не қиындық туғызғаны туралы ой-пікірлерін білдіре алады. Қосымша ақпарат
Қорытындылау Төмендегі бөлікті сабағыңыз туралы өз ойыңызды жазуға қолданыңыз. Өз сабағыңыз бойынша сол жақ бағандағы сұрақтарға жауап беріңіз.
1.Сабақ барысында өзгертулер енгіздңіз бе?
2.Жүргізілген жұмыс түрлері қаншалықты тиімді болды? Қорытынды бағалау
Ең жақсы өткен екі нәрсе не?
1:
2:
Қандай екі нәрсе сабақты жақсартар еді?