Коучинг М??алімдерді диалогтік о?ыту ар?ылы сыни ойлау?а да?дыландыру
Коучинг жоспары:
Сабақтың тақырыбы: Мұғалімдерді диалогтік оқыту арқылы сыни ойлауға дағдыландыру.
Өткізілетін уақыт: 90 минут
Сабақтың мақсаты: Сабақ үрдісіндегі диалогтық оқытудың маңызын ажырату. Оқушыны дамытатын дағды мен қабілеттерді анықтау. Әңгімелесу факторы бойынша мағлұмат беру .
Мұғалімдердің коучинг барысыдағы мүмкіндіктері: Кәсіби білім, біліктері өседі.
Сабақтың нәтижесі: 1.Оқу үрдісінде диалогтық оқытуды қолданудың маңызын түсінеді;
2. Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.
3. Жаңа әдіс-тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді.
Коучинг әдістері: миға шабуыл, сұрақ-жауап,топтық жұмыс, жұптық жұмыс,
Ұсынылған ресурстар: МАН,үлестірме ,бағдарлама,глосарий
Қолданылған құралдар: флипчарт, А4 парағы, АТК, постерлер.
№ Коуч әрекеті Мұғалім әрекеті Уақыты
Кіріспе «Егіздердің диалогы» Видеоролик Видеороликті көріп, өз ойларын айтады.
Тақырыпты ашады.
3 минут
Топқа бөлу Туған күндеріне байланысты жыл мезгілдері бойынша топқа бөлу. Туған күндеріне байланысты жаз, күз, қыс-күз мезгілдері арқылы топқа бөлінеді. 2 минут
Негізгі бөлім: 1.Диалогтық оқыту модулі бойынша бағыт беріп, бақылайды. «Жұптас, ойлан, бөліс»
Тақтадағы сурет бойынша диалог құрастыру тапсырылады
2. «Ойланып көр»
Ситуациялық сұрақтар беру.1. Сізде бірнеше сабақ өткеннен кейін сабақ басында немесе аяғында сізге келіп, «Мен сізді бізге қандай да білім береді дегенге сенбеймін» дейді. Сіздің көзқарасыңыз?
2.Оқушы сыныпқа кіріп келе жатқан мұғалімді көре сала, «бүгін шаршаған тәріздісіз» дейді. Мұғалім қалай жауап беру керек?
3.Мұғалімнің ескертуіне оқушы былай дейді: «Бұл пәнді игеру үшін көп жұмыс істеудің қажеті жоқ, мені көпшіліктің бәрі қабілетті адам деп санайды» . Мұғалім не деп жауап беру қажет.
4.Оқушы мұғалімге: «Маған сіздің басқа оқушыны жақтап сөйлегеніңіз ұнамайды» . Мұғалім жауабы қалай?
3. «Ассоциациялау» ойыны. Әр топтан бір қатысушы шығады. Оларға маңдайларына адам, өсімдік немесе жануар аты жазылған стикер ілінеді.
4. Дыбыссыз мультфильм бойынша әңгіме құрастыру. Мерсер зерттеген әңгіменің үш түрі 3 топқа беріледі.
Әңгіме дебат
кумулятивтік;
зерттеушілікӘр жұп диалог құрады, топта талқылайды, ортаға ең үздігін оқиды.
Қатысушылар сұрақтар бойынша өз пікірлерін білдіреді.
Өз тобынан шыққан адаммен сипаттама бере ді, диалог жүргізе отырып, табады.
Әр топ әңгіме құрастырып, оқып береді. Талдайды.
6 минут
7 минут
8 минут
15 минут
Кері байланыс Кері байланыс ретінде стикерлерге ойларын жазуды ұсынады. Кері байланыс ретінде стикерлерге өз ойларын жазып іледі. 2 минут
Қорытынды рефлексия Бүгінгі коучинг сізге ұнады ма? Ауызша рефлексия 2 минут