Баяндама Диалогтік о?ыту ар?ылы о?ушыларды? коммуникативтік ??зыреттілік да?дыларын дамыту
Коммуникативтік құзыреттілік жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады, адамдарды түсіне білуіне көмектеседі.Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыра білуі керек.
Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері төмендегідей:
• Сұрақ – жауап (мұғалім мен оқушылар)
• Диалог (оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Қатысым (мұғалім мен оқушылар, оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы)
• Жазылым (тақырыпқа байланысты мәтінмен жұмыс)
Бұл жұмыс түрлері коммуникативтік құзыреттіліктің алашқы баспалдағы болып есептеледі. Себебі, бұл жұмыс түрлерін барлық сабақта мұғалім мүмкіндігінше қолдана алады. Коммуникативтік құзыреттілікті дамыту үшін жүргізілетін жұмыс түрлері оқушылардың қатысым және жазылым қарым – қатынасын қалыптастыруға, сөйлеу тілін дұрыс меңгеруге, жеке тұлғаның құзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыруға ерекше ықпал ететінін көруге болады.
Өз іс-тәжірибемде диалогтік әдісті қолдана отырып оқушылардың сұрақтарды, өтінішті, таңдануды, бұйыруды қолданып, бір-бірімен әңгімелесе білуге, мәліметтерді нақтылауды сұрауға, келіспеушілік, толықтыру, тілдік материал көлемінде өзара пікір алыса білуге дағдыландырамын. Әртүрлі типтегі кішігірім диалогтар құрастыруды тапсырамын. Біліктіліктерді жетілдіру мен дамытуды оқушылардың еркіндігін сақтау жолымен жүргіземін.Диалогтік оқыту оқушының тек қана бірлескен әрекетке тартылуына ғана емес,оқушының ойлау қабілетінің жоғары деңгейге өсуіне, тіл байлығы мен зияткерлік қабілетінің дамуына ықпалын тигізеді. Осы кезде топ арасында талқылау жүзеге асады. Әр топ өз пікірін айтып, дәлелдеме жасайды.Сыныпта талқылауға қатысу оқушының бәсекеге қабілетін арттырады,өз дәлелін қорғап, мәселеге сыни тұрғыдан қарауға дағдыланады. Жұптық жұмысқа түсу осы диалогтерден тұрады. Диалогтің өзі сабақ өту кезінде әр түрлі әдіс арқылы жүзеге асады. Мысалы : сұрақ — жауап,рөлдік,тапсырманы орындату, жұптық жұмыс, диалогтік мәтінді оқу.
1.Сұрақ — жауап әдісі — қазақ тілі сабағында оқушылардың ынтасын арттырады, қызығушылығын оятады. Әрбір жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа тақырыпқа байланысты кіріспе сұрақ жауап дайындалады. Бастауыш сыныптарда ең қарапайым сұрақтар ұйымдастырылады.
2.Рөлдік ойындар - сабақ үдерісін жандандырып,тілді үйренуге деген қызығушылықты арттырады. Рөлдік ойындардың басты қызметі шынайы, дайындықсыз сөйлеуге қажетті ахуалды туғызу. Тіл үйренушілер сөйлеу жағдаятына ене отырып,тілді қатынас құралы ретінде пайдалануға ұмтылады. Ойынды өткізу үшін тіл үйренушілердің психологиялық дайындығын қалыптастыру маңызды компонент болып табылады. Оқушылар ситуацияны толық қабылдап,өзін еркін сезінуі қажет. Күнделікті сабақтарымда оқушыларға рөлдік ойын тапсырмаларын дайындаймын.Тақырыпқа сай рөлдік ойынға тура келетіндей басқа оқулықтардан тапсырмалар қосымша іздестіремін. Сол тапсырмаларды оқушыларға орындатамын. Мысалы,4-сыныпта «Менің досым» тақырыбын өткенде бірінші топқа «Екі жолдас» екінші топқа «Дос іздеген ит» деген мәтіндер жазылған парақшалар үлестіріліп, оқушылар рөлге бөлініп орындау керек болды. Мұнда мені таңқалдырған нәрсе, оқушылар топ болып мәтінді оқып, оны орыс тіліне аударып,топ басшысы оларды рөлге дайындап сонымен бірге сыни тұрғыда ойлай отырып аю мен иттің образын дем арада беттеріне маска жасап киіп сәтті орындап шыққандары.
Тіл оқытуда және үйретуде диалогтың маңызы ерекше. Жоғарыда айтылғандай диалог ұғымының өзі осы тілді оқытудың сара жолы екенін көрсетіп тұрғандай. Себебі: өзге тілді оқушыларға дилогты оқытудың айтылған тәсілдерінің берер пайдасы мол. Сонымен бірге тілді оқып үйренуде өте қолайлы. Диалогтың осы жұмыс түрлерін сабақтарымда қолдана отырып жалпы байқағаным; бұрынғы сабақ беру үрдісімен салыстырғанда жаңа тәсілді қолданып диалогты дамытудың айырмашылығы бар екен. Бұлай дейтінім; бұрын диалог тек жұптық жұмыс арқылы жүзеге асса,ал енді топтық жұмыста орындалады. Мұнда оқушылар берілген сұрақтарды бірлесе оқып оған жауап беріп топ басшысының шешімімен топтан екі оқушы ортаға шығып жұптық жұмысқа өз шығармашылықтарын көрсете біледі. Үйренетін тілде сөйлеуге деген қажеттілік болмаса, сөйлеудің қаншама жолдарын меңгергенмен, ол жасанды рөл атқарады да, бірте-бірте өзінің өміршеңдігін жояды. Сөйлесімге деген қажеттілік оқытушы тарапынан да, оқушы тарапынан да бірдей болу қажет.Сөйлеуге үйретуде қоршаған орта мен жағдайдың әсерін ескеру оқу процесін тікелей өмірмен жалғастырады. Сол себепті ситуациялық көрініс өмірде болып жатқан құбылыстарды бірден түсініп, ауызша тіл арқылы жеткізіп беруге жол ашады. Сабақта сөйлеудің барлық формалары (монолог, диалог т.б) сөйлеушілердің ыңғайына қарай атқарыла береді. Сабақта диалог жүргізуге арналған тірек схеманы пайдалану барысында оқушылар білімдерін тереңдетіп, жалпы ой-өрістерін дамытып қана қоймай, сонымен қатар коммуникативтік іскерліктері мен дағдылары жетіледі.Әр сабақта тақырыпқа байланысты диалог түрлерін өзгертіп отыруға болады. Мұндай сабақ түрі оқушыларды ауызша сөйлеуге үйретудің қызықты, әрі тиімді түрі. Оқушылар бұған ықыласпен қатысады, ал бұл олардың қазақ тіліне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді.Төменгі сынып оқушыларымен диалогты ойын түрінде өткізуге «Қазақ тілі» оқулығы өте қолайлы. Егер, төменгі , орта буын оқушыларымен тақырып бойынша диалог түрлерін меңгертсе, жоғарғы сыныптарда оқушылар арасында ешқандай қиындық туғызбайды.
«Шет тілін меңгертудегі негізгі әрекет – қарым-қатынас үрдісі, сөйлеу қатынасы» екендігі бүгінгі күнде бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі. Сол себепті де мемлекеттік тілімізді басқа ұлт өкілдеріне меңгертуде дүние жүзінің әдістеме ғылымында үлкен жетістіктерге қол жеткізіп жүрген қатысымдық бағытты ұстану бүгінгі күннің аса өзекті мәселелерінің бірі.