Диалогтік о?ыту ар?ылы о?ушыларды? ойлау да?дыларын ?алыптастыру
Коучинг жоспары
Тақырыбы: Диалогтік оқыту арқылы оқушылардың ойлау дағдыларын қалыптастыру
Өтетін орны: № 6 ЖББОМ
Мерзімі: 11.02.2016 ж.
Жауапты: Б.М.Ахметова № 6 ЖББОМ бірінші ілгері деңгей мұғаліміМақсаты: 1.Сабақ үрдісіндегі диалогтік оқытудың түрлерін ажырату, талдау құралдары арқылы мұғалімдердің білімдерін жетілдіру
2.Диалогтік оқыту туралы түсініктерін кеңейту, құралдарын қарастыру
3.Диалогтік оқыту стратегияларды тәжірибеде қолдануда мұғалімдерді тарту
4.Коучинг барысында диалогтік оқытудың модулін терең зерттеп меңгерту
Күтілетін нәтиже: Мұғалімдер диалогтік оқыту туралы түсінігі қалыптасады, тәжірибеде түрлерін қолдана біледі, диалогтік оқытудың тиімді ұстанымдары жайлы түсінеді.
Негізгі идеялар: Сұрақты нақты қоюдың тиімділігін ұғынады, қолданады.
Жаңа әдіс – тәсілдерді сабақта қолдануды үйренеді
Қолданылатын әдіс – тәсілдер Жеке, жұптық, топтық жұмыстар, АКТ, СТО
Ресурстар: Видео бейнероликтер, презентация, тапсырмалар, рефлексия сұрақтары, әдебиет МАН, постер, маркер
Коучинг барысы:
Уақыт Коучтің іс - әрекеті Мұғалімдердің іс - әрекеті
1. Ұйымдастыру кезеңі
5-7 минут I.Сәлемдесу
II. «Жүректен жүрекке» жаттығуы
III. Топтастыру:
1топ «Жасыл сумка»
2топ «Қара сумка»
3топ «Сұр сумка»
Жазылған парақшалар таратылады, топтасады
Сумкалардың суреттері арқылы топтасады
II. Ой қозғау
10 минут
Жұптық жұмыс Видео бейнероликті көрсету
Не айтасыздар? Бейнероликте қандай оқиғалар бейнеленген? (сәбилердің сөйлесуі) Видео бейнероликті көру.
Тақырыпты өздері ашады
III. Түсінік беру
8 – 10 минут 1.Мини лекция, слайд шолу жасау
Мұғалімдерге Александрдің (2008) диалогтік оқыту туралы берген түсініктемелерін және Мерсердің әңгімелесудің зерттеуі бойынша әңгіменің 3 түріне түсінік береді Осы слайд материалы туралы ойларын жұпта, топта талқылап, ортаға салады
IV. Сергіту сәті 3 мин. «Қара жорға» жаттығуын орындайды АКТ- ның көмегімен жаттығу
V. Топтық жұмыс
10 минут 1топ «Ауаны қорғау» әңгіме – дебатқа жоспар құру
2топ «Судың пайдасы мен зияны» әңгіме – дебат жүргізу
3топ «Топырақтың қасиеті» топтық әңімеге жоспар құру
Әр топ берілген тапсырманы орындайды, постерге түсіреді, қорғайды
VI. Жеке жұмыс
10 минут 1. Диалогтік оқыту оқушыларға не береді?
2.Диалогтік оқытудың мұғалім үшін мағызы қандай?
3.Оқытудағы диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызы
4. Пирамиданы көрсету арқылы оқушының тақырыпты қабылдауын айтып өту Өз ойларын ортаға салады
VII. Кері байланыс
5-7 минут Өткізілген коучинг бойынша стиккерлерді толтыру 1. Коучингтен қандай ой түйдіңіз?
2. Іс – тәжірибеңізде «Диалогтік оқытудың» түрлерін қолданасыз ба?