Сыни т?р?ыдан ойлау да?дыларын дамыту ар?ылы топты? ж?мысты тиімді ?йымдастыру»та?ырыбы бойынша ы?шам саба?ты? жоспары.


ОҚО. Мақтарал ауданы
№39 «Мырзашөл» ЖОМ КММ
Шаншарова Шамшат«Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру»тақырыбы бойынша ықшам сабақтың жоспары.
Ықшам сабақ тақырыбы: Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту арқылы топтық жұмысты тиімді ұйымдастыру.
Жалпы мақсат: Сын тұрғысынан ойлау туралы түсінік беру, іс-тәжірибесіне енгізуге ықпал жасау;
Тренингтер мен ойын түрлерін, тапсырмаларды талқылау үшін тыңдаушылардың топтарда бірлесе жұмыс істеуі дағдыларын дамыта түсу.
Әр қатысушының тапсырманы орындау негізінде ойларын, сезімдерін білдіруі. Топтағы жұмыстардың қорытындыларын талқылау және көрсету және оларды формативті бағалау.
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. бет
Үлестірмелі нұсқаулық
Оқу нәтижесі Инновациялық стратегиялармен және әдістермен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастарды түсінуі; Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалануға қадам жасауы.
Түйінді идеялар: Әлемнің қарқынды өзгеруі жағдайында мұғалімдерге қойылатын жаңа талаптар жөніндегі түсінігін қалыптастыру; Мұғалімдерді табысты жұмыс істеуге дайындау; Мұғалімдердің нәтижелі іс-әрекеттері негізінде оқушылардың оқуға қызығушылығын арттыру және алған білімдерін болашақта қолдана алуына бағыттау.
Сабақта қолданылатын материалдар: А- 4 парақтары,стикер, графопроектор,флипчарт, маркер, қалам, критериалды бағалау парақтары.
Оқыту әдістері: ОүБ және оқуды бағалау
АКТ
Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету 1. Диалог
2. Жеке жұмыс
4. Топтық жұмыс
Дерек көздері: Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары
Тапсырмалар: Постер жасау, стикер арқылы формативті бағалау, өзін-өзі және бірін-бірі бағалау; топтық тапсырма және қорғау, рефлексия
Оқуға арналған тапсырма: Мұғалімге арналған нұсқаулық.109-114беттер
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Сабақ барысы. Коучтың іс-әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті
Мұғалімдерге психологиялық ахуал туғызу.
(5 мин) «Мен кіммін жаттығуы?»тренингісін ойнату.Мұғалімдерге төмендегі сөйлемдердің бірін таңдау ұсынылады.
-Мен самал желге ұқсаймын, себебі........
-Мен кейде өзімді құмырсқадай сезінемін, өйткені........
-Мен стакандағы сумын ,өйткені............
-Мен шамшырақпын...........
-Мен қызық кітаппын, себебі................
Таңдалған сөз тіркестері бойынша мұғалімдер өздерін сипаттайды..Қатысушылардың көңіл-күйлері көтеріледі.Жағымды психологиялық ахуал туады.
(3 мин)
Түрлі-түсті стикерлерді таңдау арқылы топқа бөлінеді. Музыка ойнап тұрған кезде ,түрлі-түсті стикерлерді таңдау арқылы топтарға бөлінеді. Мұғалімдер сол құрамымен орындарына отырады
(10 мин)
Мұғалімдердің іс-әрекетті дұрыс түсіну үшін сыни тұрғыдан ойлауға байланысты таныстырылым көрсету. Сыни тұрғыдан ойлау туралы түсінеді.
(10 мин) Сын тұрғысынан ойлауды үйрету арқылы оқуға ынтасын арттыру,нәтижеге жетуіне мүмкіндік жасау,жауапкершілікті сезіндіру мақсатында мұғалімдерге видео материал көрсету. Видео материалды көреді, сол бойынша өз ойларын айтады.
(20 мин)
Сын тұрғысынан ойлау деген не? Тақырыбында тұжырымдамалық карта жасату. Берілген тақырып бойынша топтар ойларын қағазға түсіріп, тұжырымдамалық карта жасайды және оны қорғайды.
(5 мин) Сергіту сәті.Өміріңе немқұрайлы қарама. Таныстырылым көрсету. Жағымды психологиялық ахуал мен көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
(3 мин)
Бағалау. Формативті бағалау. Топтар бір-бірін бағалайды.
(5 мин) Сауалнаманы толтырту. Рефлексия жасайды.