Статья на тему Математика саба?ында о?ушыларды? сыни т?р?ыдан ойлау ?абілеттерін дамыту


297545133107
Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелең қаласы
«Алтын ауыл орта мектебі мектепке дейінгі шағын
орталықпен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
математика пәні мұғалімі
Нурманова Жанагул Ерболатовна
Тақырыбы: Математика сабағында оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
Біздің тәуелсіз мемлекетіміз - Қазақстан Республикасы әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына ену жолында. ХХІ ғасыр – білім мен ғылымның ғасыры. Оқушылардың білім сапасын көтеру – қазіргі таңдағы өзекті мәселердің бірі. Сондықтан да осы салада батыл қадамдар жасалып, ізденіске толы игі істер атқарылып, өзгерістер енгізілуде. Осындай  игі  істердің бірі  -  Қазақстан Республикасының  педагог қызметкерлерінің     біліктілігін    арттыру. Елімізде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық түрлендірулер адамзаттың барлық салаларына елеулі өзертулер енгізді. Әсіресе бұл білім саласына айтарлықтай ықпал етті. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында білім мәселесіне нақты тоқталып, алдымызға міндеттер қойды. Дамыған мемлекеттердің қатарынан көрінуіміз үшін біз сауаттылығы жоғары мамандар дайындаумыз керектігін айтты.
  Еліміздің білім беру жүйесіндегі даму іс-әрекеті — білім мазмұны мен сапасын арттыру, білім беруде жаңаша педагогикалық көзқарас қалыптастыру секілді кешенді шараларға байланысты. Қолдауды қажет ететін бүгінгі күннің білімінің орнына елімізді алға тартатын, жастарымызды дұрыс жолға бағыттайтын инновациялық білім керек. Сол себептен де, Назарбаев Зияткерлік мектебі мен Кембридж университетінің білім факультеті арасындағы бірлесіп жасаған үш айлық бағдарламаның маңызы зор. Бұл бағдарламадан біз оқушылардың өз бетінше оқып, үйреніп, нәтижесінде өз пікірін еркін жеткізе алатын, дамыған, ынталы, білімге құштарлы, мақсат қоя білетін тұлғаның қалыптасқанын күтеміз.
Кембридж бағдарламасының негізгі бағыты сындарлы оқыту теориясына негізделіп отыр. Сондықтан да оқушылардың ойлау қабілеті, қалыптасатын білімдері жан жақтан жинаған ақпараттарына негізделеді. Дәстүрлі оқыту кезінде оқушының алған білімдері механикалық түрде есте сақталынып, кейбір жерде ұтымды пайдаланылады, бірақ, мәні терең меңгерілмегендіктен оқушылар оны өмірде тиімді пайдаланбайды. Сол себептен, оқушылардың қалай оқу керектігіне, түсіну қабілетін дамытып, оны керек кезде пайдалана білетін, ойын нақты жеткізе алатын, көзқарасы дамыған, жігерлі тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ету — аталмыш теорияның негізгі мақсаты. Еліміз егемендік алып дамыған, прогресшіл елдердің қатарынан көріну үшін білім сапасына да зор көңіл бөліп, жастарды болашақ жоғары квалификациялық маман ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Қазіргі кезде тұлғаны жан-жақты білімді, ізденімпаз, ойы ұшқыр, саналы, зерек, жауапкершілігі зор, қоғам талаптарын қанағаттандыратындай етіп қалыптастыру ең маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Оны шешу үшін білім берудің мазмұнын жаңартып, озық әдіс-тәсілдерді пайдалану керек. Сол себепті білім беруді мектептен бастап, оқушыларды өз бетінше білім іздеуге дағдыландыруымыз абзал. Соған байланысты мектеп бағдарламасындағы сабақтарды өтуде Кембридж университеті мен Назарбаев Зияткерлік мектебі арасындағы бағдарламасы ұсынып отырған жеті модульдің кіріктірілуі сөзсіз керек. Мен де осы үш айлық бағдарламаның курсынан алған білімімді мектепте тәжірибемен ұштастыру негізінде өзімнің де оқушыларымның да бойынан оң бағытқа өзгерістер байқадым. Бағдарламаның жеті модулі бойынша берген сабақтарым оқушылардың бойынан ерекше қызығушылық пен ынталану және еркіндікті аңғартты. Ұсынылып отырған осы бағдарламадағы модульдер бойынша білім алған оқушыларым өзін еркін ұстап ойын дәл жеткізе алатын, сыни тұрғыдан ойлай алатын, тұжырым жасай білетін, бірін-бірі бағалай алатын, көшбасшы бола алатындай тұлға болып қалыптасудың мәнін ұққандай.Оқушылардың сабаққа деген құлшынысын, қызығушылығының артқанын, қала берді, ең болмағанда жаман жолға түспейтініне, сыни тұрғыдан ойлауға бет алатынын байқауға болады. Ең маңыздысы оқушылар өз іс-әрекетін, сыныптастарының, құрбы-құрдастарының іс-әрекеттерін, жетістіктерін бағалауды және жауапкершілікке үйренеді.Енді өзім практикадан өткен кездегі Кембридждің жеті модулін пайдаланғаннан байқаған өзгерістерге тоқталып кетейін.Оқыту  мен  оқудағы   жаңа  әдіс – тәсілдері  оқу  бағдарламасының  басты  мақсаты  деп  білемін.  Сыныпты  топқа  бөліп  оқыту,  ережеге,  уақытқа  бағыну,  постер  қорғату.  Біз  жаңа  әдістер  ретінде  «Диалог  арқылы  оқыту»  мен  «Қалай  оқу  керектігін  үйренуді»  ғана  қарастырамыз,  себебі  олар  әлеуметтік – сындарлылық  көзқарасымен  тығыз  байланысты.  Диалог  негізінде  оқыту  мен  оқу  оқушылардың  өзара  сұхбаттасуы  және  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  диалогтің  шәкірттердің  өзіндік  ой – пікірін  жүйелеуі  мен  дамытуына  көмектесетін  амал  екенін анықтадым.
Сыни  тұрғыдан  ойлау  модулі арқылы  оқушының  өз  ойын  суреттеу  арқылы  ойлау  қабілеті,  сөйлеу  мәдениеті  дамиды.     «Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасының басты қағидаларының бірі шәкірттердің әр сабақта ой-өрісін, ойлау қабілетін дамытатындығы.Оқыту  үшін  және  оқытуды  бағалаумодулін мен әр  сабақтың  соңындағы  оқушылардың  білімдерін  тиянақтау  жиынтығы деп ойлаймын.
Оқыту  мен  оқуда  ақпараттық  -  коммуникациялық  технологияларды  (АКТ) пайдалану модулі жаһандану заманында білім алып жатырған жастарымыз үшін қажеттілік тудырады
Талантты  және  дарынды  балаларды  анықтау.  Қазақстанның  көркеюі  үшін  оқушылардың  таланты  мен  қабілетін  ашып,  оларды  оқыту  барысында  дамыту  өте  маңызды.
Оқушылардың  жас  ерекшеліктеріне  сәйкес  оқыту.
Оқытуды  басқару  және  көшбасшылық.  Мектеп    жұмысы  мен  оқушы  жетістіктерін өрістетудегі  негізгі  тұлға –мұғалім болғандықтан мен баланың  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  өзін  тұлға  ретінде  сезінетіндей  мүмкіндік  ашуды өзіме міндет деп білемін. Өзін  тұлға  ретінде  сезінген бала  әрқашанда  өмірде  өз  жолын  таба  алады.