Физика 9 сынып математикалы? ж?не серіппелі маятниктерді? тербелістері
Физика – 9 сыныпСабақ тақырыбы: Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері.
Сабақ мақсаты: Білімділік: Математикалық және серіппелі маятник тербелістері, оның тербеліс периодтарының қандай шамаларға тәуелді екендігін түсіндіріп, есептеу формуласын тұжырымдау.Дамытушылық: Оқушының логикалық ой – өрісін дамыту, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасауға , отансүйгіштікке тәрбиелеу, жауапкершілігін арттыру.
Сабақ түрі: жаңа мағлұмат беру
Сабақ әдісі: оүөж, топтық жұмыс, өз бетімен жұмысСабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, электронды оқулық, математикалық және серіппелі маятник
Сабақтың кезеңдері:
І. Ұйымдастыру. (сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сабаққа дайындығынтексеру, назарларын сабаққа аудару.)
ІІ. Менің үйдегі дайындығым. Үй тапсырмасын тексеру.
Ауызша мына сұрақтарға жауап беру.
ІІІ. Еске түсірейік! Мен оны білемін. Өткен тақырыптарға шолу жасап,
қайталау.
IV. Ақпараттық бөлім. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
«Не нәрсені білмейтінімізді білгеннің өзі - білім» Конфуций.
Есте сақта! Тербелмелі процестер жүзеге асатын құрылғылар тербелмелі жүйелер деп аталады. Қарапайым тербелмелі жүйе түрлері – математикалық және серіппелі маятник.
Тақырып эксперимент және электронды оқулықпен түсіндірілді.
V. Өз мүмкіндігіңді көрсет . ҮӨОЖ . Оқулықпен жұмыс.
І – деңгей. 22 жаттығу (1) ІІ – деңгей. 22 жаттығу (2)
ІІІ – деңгей. 23 жаттығу (1)
VI. Тапқыр болсаң тауып көр. Ой қозғау . Логикалық сұрақтар.
1) Жер беті мен Ай бетінде ұзындықтары бірдей математикалықмаятниктің қайсысы бірдей уақыт ішінде көп тербеліс жасайды?
Себебін түсіндір.
2) Эксперименттік сұрақ: Ұзындықтары әр түрлі екі маятник берілген.
Қай маянтиктің бірлік уақыт ішінде тербеліс периоды көп? Себебінтүсіндір. Соңынан жауабын эксперимент түрінде көрсету.
VII. Қысқаша тест. Өз бетімен жұмыс. ОЖСБ – ға дайындық.
Activote – мен. Нәтижесін компьютер өзі сол бойда береді.
VIII. Мен бүгін не үйрендім. Топтық жұмыс. Сынып оқушыларыныныңсанына қарап оқушылар 7 топқа бөлінді. Жауап коды берілді. Солбойынша сәйкес әріпті атайды. Сол әріптер бойынша өлең шумағыаяқталады. (ҚР – ның тәуелсіздік күнімен байланыстыру)
Өзіңдікі Елің де, Өзіңдікі Жерің де, Жаса, Қазақстаным,
Тәуелсіздік төрінде !
Тапсырмасы: Оқушылар деңгейіне қарай дайындалды.
1 – топ. Тербеліс периоды 2 Гц. Тербеліс периоды неге тең?
А) 2 с В) 0,2 с С) 0,5 с
2 – топ. Математикалық маятниктің еркін түсу үдеуі 4 есе кемісе, тербеліспериоды қалай өзгереді?
А) 2 есе кемиді В) 2 есе артады С) өзгермейді3 – топ. Тербеліс периоды 500мс. Тербеліс жиілігі неге тең?
А) 2 Гц В)1 Гц С) 0,5 Гц
4 – топ. Серіппелі маятниктегі жүк массасын 9 есе арттырсақ, тербеліс жиілігі қалай өзгереді?
А) 3 есе артады В) 3 есе кемиді С) өзгермейді5 – топ. Математикалық маяниктің тербеліс периоды 4есе артуы үшін, оныңұзындығы қалай өзгеру керек?
А) 2 есе артады В) 16 есе кемиді С) 16 есе артады6 – топ. Серіппелі маяниктің тербеліс периоды 5 есе артуы үшін оның массасы неше есе өзгеру керек?
А) 25 есе кемиді В) 25 есе артады С) 10 есе артады7 – топ. Математикалық маятниктің амплитудасын 2 есе арттырсақ, оныңтербеліс периоды қалай өзгереді?
А) өзгермейді В) 4 есе артады С) 4 есе кемидіЖАУАП КОДЫ : 1 – Т, 2 – Ө, 3 – Р, 4 – І, 5 – Н, 6 – Д , 7 – Е
Топтық жұмыс тапсырмаларының жауап коды: (бәріне беріледі)
жауап1 - топ
2 – топ
3 – топ
4 – топ
5 – топ
6 – топ
7 – топ
А
О
М
РИ
Ч
Й
Е
В
С
Ө
К
І
ШД
Ф
С
Т
Л
Д
Б
Н
У
Ж
Топ номері мен жауаптың қиылысуынан шыққан әріпті атаңдар.
IX. Қортындылау. Бағалау.
X. Үйге тапсырма беру. П. 27. 22 жаттығу (3,4,5)