География саба?ында диалогтык о?ыту білім беру ?дерісін технологияландыру. Баяндама
ГЕОГРАФИЯ САБАҒЫНДА ДИАЛОГТІК ОҚЫТУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҮДЕРІСІН ТЕХНОЛОГИЯЛАНДЫРУ
М.Т Жунисова
«№2 Қабанбай орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің география пәнінің мұғалімі
Алматы облысы, Алакөл ауданы
«Әлем тізгіні – білімдінің қолында» демекші, жас ұрпаққа терең білім беріп, жан-жақты дамытуға міндетім деп білемін. Сол себепті қоғамдағы, білім берудегі диалогтык оқытуды оқушылармен жұмысты жандандырудың негізі ретінде осы тақырыпты өзекті деп таптым.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекеттік саясат негізінде әр баланың бойындағы қабілетіне қарай таланты мен дарындылығын таныту, дамытуға бірден –бір жол ретінде қарастырып, білім берудің өзекті мәселе болып отыр. Мектеп оқушысына өз деңгейінде білім беру қоғам, ғылым болашағы болса сонымен қатар дарынды және талантты баланың интелектуалдық дамуын қамтамассыз ету. Жас жеткіншектің бойындағы дарынды тани білу өз алдына бір қиыншылық болса, оны одан әрі дамытуына бағыт – бағдар беру күрделі іс болғанымен диалог арқылы жоғары нәтижелерге қол жеткізу мүмкіндігі. Дегенмен әр баланы дамыту, бағыт-бағдар беру ұстаз ретінде қиыннан қиыстура білу мұғалімдік парызым, ал оқушы болашағына аландай білуім менің адамдық борышым деп білемін. Оқушыны қоғамға бейімдеп, өз заманының озық өнегесін санасына сіңіре білу, жан-жақты дамыта білу бүгінгі күннің басты талабы.
Қоғамда өмір сүргендіктен көптеген тағдырлармен тоғысамыз. Сол адамдармен диалогқа түсу кезіңде, өмірде өз орындарын қиыншылықпен тапқаның немесе мүлдем таба алмағаның байқадым, ал сол тағдыр иелері де бір кездері бала болғаны тағы бар. Өз алдымда білім алуға, үйренуге келген оқушыларымның тағдыры мені де аландатады. Әр қашан оқушыларыма «Көк туды желбірету сенінің міндетің, Қазақстан болашағы сенің қолында» деуден жалықпаймын. Ал сол болашаққа жол сілтейтін, бағыт берер біз- ұстаздар қауымы.
Осы модульді оқытудан мен өз алдыма оқушы бойындағы барлық жақсы қасиеттерін, мүмкіндіктерін, деңгейін және талантын анықтап, мүмкіншілігін арттыру, дамытуға жағдай жасаймын, ол үшін деңгейлік курстан алған ақпаратымды іс- тәжірибеде ұштастыра отырып: сыныпта топтық жұмыс, логикалық сұрақтар, күрделі тапсырмалар, ізденуге мүміндік жасадым.
Сыныпта топтық жұмыс ұйымдастыруды маңызды деп таптым, себебі оқушының шағын топтағы көшбасшылық қабілетін байқауға, сол сияқты басқа да қырларын жан- жақты көруге мүмкіндік береді.
Диалог бүкіл оқу процесінде үздіксіз жүреді. Логикалық сұрақтар оқушының қызығушылығын оятады, және ізденуге түрткі болады. Күрделі тапсырмаларда оқушының ойлау қабілетін жетілдіреді, оқу материалын жан-жақты қарастыра отырып сыни ойлауға мүмкіндік, келешекте өмірмен ұштастыра алуға жағдай жасау.
Диалогтык оқыту арқылы оқушыларға сыныпта және сыныптан тыс жерлерде күнделікті өмірде тұлғалық қмәдени қасиетің дамыту.
Ғылыми зерттеу нәтижелері сабақта диалогтің маңызды рөл атқаратынын көрсетті. Мерсер мен Литлтон (2007) өз еңбектерінде диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің өсуіне үлес қосатындығын атап көрсетеді. Зерттеулерде ересектермен интерактивті қарым-қатынас пен достарымен бірігіп жүргізілген жұмыстың балалардың оқуына және когнитивті дамуына әсер ететіндігі айтылған.
Выготский балалардың даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде қалыптасатын субъекті ретінде суреттейді. Сонымен қатар Выготский когнитивті дамудың, оқушылар өздерінің «Жақын арадағы даму аймағында» (ЖАДА) жұмыс істесе, жақсаратындығын атап көрсеткен. ЖАДА оқушы дамытатын дағды мен қабілеттер, өз бетімен жасай алмайтын тапсырмалар көлемін айқындайды. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушыларға жаңаны үйренуде тірек болатын ересектердің көмегі немесе қолдауы керек. Бұл қолдау қарым-қатынасты қамтиды және Выготский бұл жағдайды оны оқытудың негізгі құралы деп есептейді.
Выготскийдің оқыту моделі оқушы диалог құру нәтижесінде білім алады деп жорамалдайды. Сондықтан, оқушының білім деңгейін дамытуға әлеуметтік қолдау көрсетуде мұғалімнің рөлі ерекше. Оқушылардың көбірек білетін басқа адамдармен, әрине, бұл рөлдерде сыныптастары мен мұғалімдері болуы мүмкін, диалог жүргізу мүмкіндігі болған жағдайда, оқыту жеңіл болмақ. Талданатын идеялар оқушы түсінігінің нақты бөлігі болмағанымен, ЖАДА аясында қарастырылғандықтан оқыту табысты болмақ.
Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар:
-оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;
-басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі;
-оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі;
-мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.
Көп жағдайда сыныптағы талқылау мұғалімнің басқаруымен тақырып төңірегінде, оқушының дұрыстап және орнымен нені, қашан және қалай айту қажеттігі сипатында болады. Көптеген сыныптарда оқушылардың әңгімеге қатысуға құқықтары шамалы. Мәселен, мұғалімге: «Бұл көзқарас қызықты екен» деп айтуға көптеген оқушылардың дәттері бармайды. Зерттеуде тоқталғандай, мұғалім сұхбатты бақылап, маңызды сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын қайталап және мадақтап отыратын сыныптағы қалыпты әңгіме стилі оқушылардың ойлау деңгейлерін де, сөйлеу дағдыларын да дамытпайды.
Александер (2004) оқытудағы әңгімелесу – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, идеялар екіжақты бағытта жүреді және осының негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды деп тұжырымдайды. Диалог барысында оқушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдері де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болып табылады. Пікір алмасу оқушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны оқушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады.
Мерсердің зерттеуіне сәйкес, әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылады және әңгімелесудің үш түрі бар.
Әңгіме-дебат барысында: ой-пікірлерде үлкен алшақтық болады және әрқайсысы өз шешімдерінде қалады;
2) ресурстарды біріктіруге бағытталған аздаған талпыныс жасалады;
3) қарым-қатынас көбіне «Иә, бұл солай», «Жоқ, олай емес» деген бағытта жүзеге асады;
4) Орта бірлесуден гөрі, көбіне бәсекелестікке бағытталған.
Топтық әңгіме барысында байқалатын жайлар:
1) айтылған пікірлермен тыңдаушылардың әрқайсысы механикалық түрде келісе беруі;
2) әңгіме білім алмасу мақсатында жүргізілгенімен, оған қатысушылардың өзгелер ұсынған қандай да болсын идеяларды төзімділікпен тыңдауы;
идея қайталанады және жасалынады, бірақ үнемі мұқият бағалана бермейді
Зерттеушілік әңгіме жүргізілу үстінде:
1) әркім ақылға қонымды мәлімет ұсынады;
2) әркімнің идеясы пайдалы ретінде бағаланғанымен, мұқият бағалау жүргізіледі;
3) қатысушылар бір-біріне сұрақ қояды;
4) қатысушылар сұрақ қояды және айтқандарын дәлелдейді, осылайша әңгімеде дәлелдеме «көрінеді»;
5) топтағы қатысушылар келісімге жетуге тырысады (олар келісімге келуі де, келмеуі де мүмкін ең бастысы – келісімге ұмтылу).
Көптеген талқылаулар, әдетте, әртүрлі әңгіме түрлерінен құралады. Мерсердің айтуынша, ұжымдық түсіну мен білім беруге қол жеткізу аясындағы табысты талқылауларда әңгімелесудің зерттеушілік түрі басымдыққа ие болады.
Дегенмен өзімнің сыныптарымда нәтижелі жұмыс жасауға барынша жағдай жасауға тырыстым. Leson Study элементтерінің бірі бойынша оқушылардың білім деңгейіне қарай зерттеу мақсатымен А, В, С деңгейлеп алдым. Алғашқы сабақтарымда жаңа сабақты меңгеруіне байланысты барлық сынып оқушыларына күрделі тапсырма бердім. Тапсырма нәтижесінде дарынды оқушыларым А деңгейдегі оқушылар өз білім деңгейлерін нақтылап өте жақсы жауап берді. Ал В деңгейдегі оқушылар жақсы жауап берсе, С деңгейлі оқушылар мүмкіншілігіне қарай жауап берді. Нәтижеге бағытау үшін сыныпта сұрақтардың түрлерін түрленлдіріп отырдым. Жоғарыда айтқандай диалог оқу процесінде толықтай орын алады. Бұрынғы сыныптағы диалогты сұрақ «бастама-жауап-кейінгі әрекет» қоюдың үлгісі нысаны бойынша қойылған сұрақ екендігі анық. Мысалға:
Бастама (мұғалім): Қанша материк бар?
Жауап (оқушы): алты.
Кейінгі әрекет (мұғалім): Дұрыс.
Бұл модель әңгімеге сыныпта бастама жасайтын және де оны бақылап отыратын адам мұғалім болатын жағдайларды көрсетеді (Mercer, 1995). Бұндай сыныптарда оқушылардың білім алуына ықпал ететін диалогтік сұхбат құруға мүмкіндік берілмейді.
Сұрақ қою маңызды дағдылардың бірі болып табылады, себебі сұрақ дұрыс қойылған жағдайда сабақ берудің тиімді құралына айналады және де оқушылардың оқуына қолдау көрсетіп, оны жақсарта және кеңейте алады. Оқушылардың тақырыпты түсінуіне қол жеткізуі үшін мұғалімдер қолданатын сұрақтардың екі түрі: төмен дәрежелі және жоғары дәрежелі сұрақтар кең қолданылады деген пікір бар. Кей кездері төмен дәрежелі сұрақтарды «жабық» немесе «дұрыс емес» сұрақтар деп те атайды. Олар жаттап алуға бағытталған және де оған берілген жауап («дұрыс» немесе «дұрыс емес» деп) бағаланады. Ал жоғары дәрежелі сұрақтар қойылғанда, оқушылар ақпаратты белгілі бір жолдармен қолдануға, қайта құруға, кеңейтуге, бағалауға және талдауға тиіс болады.
Тиімді педагогика аясында бұл сұрақтардың екі түрі де қолданылады, тек қойылатын сұрақтың түрі оның мақсатына қарай өзгеріп тұрады. Оның үстіне, сұрақты оқушылардың білім алу қабілеттеріне сәйкес болатындай етіп құру қажет. Түрлі мүмкіндіктерге және түрлі оқушыларға қарай сұрақтарды саралауға болады. Оқушының білім алуын қолдау үшін сұрақ қоюдың түрткі болу, сынақтан өткізу және қайта бағыттау сияқты әртүрлі техникаларын пайдалануға болады.
Түрткі болу: түрткі болуға арналған сұрақтар бірінші жауап алу үшін және оқушының жауабын түзетуге көмектесу үшін қажет, айталық, сұрақты қарапайым етіп қою, өткен материалға оралу, ойға салу, дұрысын қабылдау және толығырақ жауап беруге итермелеу.
Сынақтан өткізу: сынақтан өткізуге арналған сұрақтар оқушыларға анағұрлым толық жауап беруге, өз ойларын анық білдіруге, өз идеяларын дамытуға көмектесетіндей етіп құрылуы қажет, сондай-ақ «Сіз мысал келтіре аласыз ба?» деген сияқты сұрақтар тапсырманы орындау барысында оқушыға бағдар беріп отырады.
Қайта бағыттау: сұрақты басқа оқушыларға қайта бағыттау, мысалы, «Көмектесе алатындар бар ма?»
Оқытуды диалогтік тәсілмен дамытудағы сұрақтардың маңызын қарастыратын болсақ, сұрақ қою арқылы мұғалім:
-оқушыларды тақырып бойынша және сындарлы сөйлеуге ынталандырады;
-оқушылардың шынайы қызығушылығы мен сезімдерін анықтайды;
-білімге құштарлықты дамытады және зерттеуге ынталандырады;
-оқушыларға білімін қалыптастыруға және вербалдандыруға көмектеседі;
-оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауына ықпал етеді;
-оқушыларға сыни тұрғыдан ойлауға көмектеседі;
Осы тста А деңгейлі оқушы егжей текжейлі ізденгені көрініп тұрады. Әр тапсырмаға толығымен сипатама беріп салыстырады. Дерек көзі ретінде оқулықпен шектелмейді, интернет желісінен қосымша ақпарат алып ізденеді. Қызықты мәліметтерімен сыныппен бөліседі. Сынып оқушылары қызығушылықпен баяндаушыны тыңдап өз толғаныстарын ортаға салады. Қосымша тапсырма дарынды оқушы үшін жаңа серпін бергендей. Және сабақта «екі жұлдыз, бір тілек» оқу үшін бағалауда оқушыны ыңталандырып, еңбегін ескеріп айтып өту диалогқа түсу. Оқушыны ынталандыру мақсатында «отшашу» және тағы басқа ынталандырулар орын алуы міндетті.
Келесі сабақтарымда топтық жұмыс орын алады. Сонымен қатар диалогпен жаңа әдіс тәсілдер өз үйлесімін табуда. «Домино» ойынында өзінің білімділігін, топ басшылығын білдіріп, берілген тапсырманы топқа дәлелдей отырып орындау, топтағы бұл жұмыс сыныптастарының алдында басқа қырынан көрінді. Өйткені дәстүрлі сабақта тек өзі ғана біліп дұрыс жауап беріп үйренген оқушы өз білімін ортаға салып басқа сыныптастарына үйретеді. Осы кезде балалардың қалай білім алатының ескеру, оқушылардың ақпаратты сақтауының орташа пайызы бойыша өзгелерді оқыту кезінде 90 пайыз, топта тақылау жүретіндіктен 50 пайыз білім білім алатынына, сақталатынына көзім жетті. Осындай білім берудегі тиімділіктерді ескеру. /Мұғалімге арналған нұсқаулық 31 бет, Ұлттық оқу зертханалары, Бефель, Мэн штаты, АҚШ/
Тәжірбиемде сыныптарда топта А, В деңгейлі оқушылар С деңгейлі оқушыларға қолдау көрсетіп, көмек көрсеткенің байқадым. Ол, Выгодскийдің «Жақын арада даму аймағы» теориясы негізінде балалардың өзекті қабілеттерінің деңгейлерін бағалаудың тиімді екендігін баса айтады.
Өз сабақтарымда талантты оқушыларды анықтай алдым мазмұнды сызба жасағанда, кескін карта түсіру кезінде де суретке қабілетті оқушылар ерекшелене алды. Оқушылардың талантын анықтауға тағы бір жетекші рөльді «рөлдік ойын» атқарды, себебі тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағымда сыныптағы С деңгейлі оқушы өзінің рөлді сомдауда шеберлігін байқатты. Оқушының осындай мүмкіндігін ескере отырып қосымша тапсырма ретінде ауылдық «Парктер шеруі» атты табиғатқа қамқорлықты насихаттауға байланысты өткен іс шараға мәнерлеп оқуға қатыстырдым. Көпшіліктің алдында мүдірмей өнер көрсетті. Көптеген пән мұғалімдері таңырқап қалды, мұндай мүмкіншілігін байқамағандығын айтып жатты. Ал мен осындай қабілетін көре және көрсете білгеніме көңілім толды. Дарынды оқушы бірнеше пәннен білімі мен біліктілігі жоғары, өзіндік ойын жеткізе алатын оқушы болса талантты оқушы бір ғана сала бойынша оқушының қабілетілігі. Алған ақпаратыммен іс - тәжірибе кезіндегі түйгенім әр бала бойында бір қабілет болады, тек оны байқап дамыту үшін уақыт пен білім қажет . Әр бала жұлдыз, тек оның жарқырап жану уақыты белгісіз дей келе осы оқушыма болашақта жол сілтеп пән аралық байланыс орнатып, қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша, түрлі мүшәйрәларға қатыстыруға жол сілтеп, себепші болуды көздеп отырмын.
сыныптастары бақылау жүргізеді. Бұл жұмыстар оқушылардың тыңдау мәдениетін, бірін - бірі сыйлау мәдениетін, бірін- бірі бағалауды, тиімді жоспарлауды үйренді.
Мұғалімдер балаларға білім беруде барынша жоғары жетістіктерге қол жеткізу үшін қолайлы орта жасауға тырысады. Кедергілерді жеңу, барынша жақсартуға тырыстым. «Көш жүре түзелер» дегендей кемшіліктерімді жеңемін. Сонымен бірге болашақтағы дарынды және талантты оқушылармен жұмыстарымды айқын көру мүмкіндігін алғанымды байқадым.
Келешекте: География сабағында диалогтык оқыту арқылы дарынды және талантты оқушылармен жұмысты түрлендіру, өз сабағамда құзіретті тұлға тәрбиелеуге барынша еңбек етем. Ұлы М.Энштейн айтқандай «Мен еш уақытта өз оқушыларыма ештеңе үйреткен емеспін, тек қана олардың оқуы үшін жағдай жасаймын» дегендей оқушыларымның болашағы жарқын болу үшін жағдай жасамақпын.
Қорыта айтқанда, алдағы уақытта сабақтарымда Барнс сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. «Диалог негізінде оқыту және оқу» модульдермен кіріктіріп өткізуді мақсат етіп алдым. Бұл оқушыларға сапалы білім беруде маңызды рөль атқаратынына көзім жетті. Олай болса, бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру, дамыту, шыңдау біздің қолымызда.
Әдебиеттер:
Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. Назарбаев Зияткерлік мектебі. ДББҰ 2012 жыл.
Даму психологиясы. Мектептегі психология.
Ғаламтор көздері.