Т??ымны? бейорганикалы? ж?не органикалы? заттары.
6 сынып - Биология Күні: 8.10.15 Жамалиева Г.Т.
Сабақтың атауы: Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігі
Сілтеме: Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, Биология журналы, Биология оқулығы 6 сынып, Денсаулық және өмірлік дағдалар әдістемелігі, әдістемелік оқулықтар, ресурстар презентация, плакаттар, электрондық оқулық, PowerPoint.
Жалпы мақсаты: Оқушылар тұқымның ішкі және сыртқы құрылысын, оның түрлерін, өсу және даму жолдарын түсіндіру, алған білімдерін өмірде қолдануға дағдыландыру. Органикалық және бейорганикалық заттармен танысу. Оқушылардың сыни ойлауын дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі: Оқушылар тұқымның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттарды біледі, қос және даражарнақты тұқымы құрамында күрделі және минералды заттар және судың болуы туралы түсініктері болады. Тұқымдардың өнуі, топыраққа сіңіру тереңдігін біледі. Тұқымның құрамындағы органикалық және бейорганикалық заттарды білу, түсіну, қай бөлігінде қор жиналатынын білу, тұқымның өнуін, өскіннің дамуын білу.
Негізгі идеялар: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру, өз бетімен еңбектену белсенділіктерін арттыру, пәнге деген қызығушылығын калыптастырып, дамыту.
Дереккөздер: Оқулық, электронды оқулық, парақшалар, www.google.kzТапсырмалар: Интерактивті әдіс, тәсілдер
1.«Кім жылдам» стратегиясы.
2.«Досыма SMS» стратегиясы.
3. Жұмбақ шешу- «Мағынаны тану»
4.«Жигсо» стратегиясы. Топтық жұмыс. Тақырыпты постер арқылы қорғау, ресурстармен жұмыс.
5.«Топтастыру» стратегиясы. Оқулықпен жұмыс.
6.Бес жолды өлең
Кейінгі
тапсырмалар: Тұқымдардың таралу жолдарының қорытынды кестесін толтыру - шығармашылық жұмыс.
Сабақ бойынша мұғалім жазбалары:
Уақыты Мұғалімнің іс - әрекеті Оқушылардың іс -әрекеті
2 м
5 м І. Ұйымдастыру кезеңі:
- Оқушылармен амандасу.
Сәлемет пе, оқушы, өрендерім,
Тоқыған көңіліне білімдерін.
Өткізелік сабақты қызықты етіп,
Жігерлен, білім болсын сүйенгенің.
- Сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғызу.
«Шаттық» шеңберін құру, «Алақан жылуы» тренинг.
- Оқушыларды топқа бөлу. Сарапшы сайлап алу.
Топ ережесі:
Сенімділікмен жұмыс жасауБар ынтасымен оқуға берілуПікірді тыңдау, құрметтеу
Өз пікірін ашық білдіруді талап етеді.
І топ - Өсімдік
ІІ топ - Жасушалар
ІІІ топ - Ұлпалар
ІVтоп - Тұқым
- Мақсатын айту.
- Жоспарын айту.
- Бағалау парақшаларын таратып, бағалау өлшемдерімен таныстыру.
Бағалау өлшемдері:
- Сұраққа толық өзі жауап берсе, дәлелдемелер келтірсе-«5»
- Сұраққа жауап берсе – « 4 »
- Cұраққа толық емес немесе жолдасының көмегімен жауап берсе – « 3 »
- Сұраққа ешқандай жауап бермесе – « 2 »
№ Аты-
жөні Досыма SMS Мағынаны тану Жик
со әдісі Оқулықпен жұ
мыс Бес жолды өлең Қо
ры
тынды
«Өзің еңбектену арқылы өзің үшін де басқалар үшін де барлығын өзің істейсің, ал еңбегің нәтижесіз болса, қаймықпа тағы да тырысып көр» деген орыстың ұлы ғалымы Д.И.Менделеевтың сөзімен сабағымызды бастаймыз.
ІІ. Үй тапсырмасы. « Өткенді ұмытпа, ол – болашақтың ұстазы ». Күнделіктиі өмірмен байланыс. Білім.
«Ой шақыру немесе жұптағы ой қозғау»
Сабағымды бекіткен соң үй тапсырмасын сұрауға көшемін. Балалар үйге қандай тапсырма берілді?«Кім жылдам» стратегиясы.
1.Тұқым дегеніміз не?
2. Қос жарнақты тұқымның құрылысын талдап беріңдер?
3. Дара жарнақты тұқымның құрылысындағы ерекшеліктері қандай?4. Үрмебұршақ тұқымында қоректік заттар қайда жиналады?5. Дәнек дегеніміз не?6. Ұрық деген не
7. Эндосперм деген не?
«Досыма SMS» стратегиясы.
ІІІ. Жаңа сабақ. « Мағынаны тану ». Түсіну.
Ерте –ерте ертеде Ахмет деген қарияның Ерназар атты батыр да батыл ұлы болыпты.Ауылдастары Ерназарды қадір тұтып, жақсы көріпті. Ерназарды күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырған уайымы анасы Үміт сырқат екен. Ауылдың көріпкел қариясы Ерназарға ақылын айтыпты:- Алыстағы Ұлытаудың басындағы сандық ішінде құпия зат бар. Соған жетсең, анаңды емдеп аласың дейді. Бірақ жолыңда көп қиыншылық кездеседі. Соны жеңсең мақсатына жетесің. Ерназар жолға шығады. Қолына темір таяқ, аяғына темір етік киеді. Біраз жер жүрген соң, алдынан бір көзді дәу шығып, жолын кес-кестеп өткізбейді. Дала әсем гүлге толы екен. Мына әсем гүлдерді басып өтпек болсаң, өсімдіктің мүшелерін айтып берші дейді. Сұрағына жауап алған соң дәу Ерназарға жол беріпті. Біраз жер жүріп, шаршап дем алып отырса, алдына аузынан жалын шашқан айдаһар тұра қалып, сен менің сұрақтарыма жауап бермесең мен сені өткізбеймін, жалын шашып далаңды өртеймін дейді. Сен маған жасушаның құрылысы туралы айтып берші. Менің басым көп аз жауапқа қанағаттанбаймын дейді. Ерназар жүріп келе жатып алтын мүйізді бұғыға жолығады. Ол да сұрақ береді. Ұлпалар туралы айтып берші. Бұғыдан да өтіп Ерназар алға жүреді де бірте –бірте тауға ұласады, биікте жүрген соң самұрық құс кездесіп, сұрақ береді. «Тұқым туралы не білесің?», - дейді. Ерназар шаршап, шалдығып тау басына жетіп, шатқалда тұрған сандықты көреді, қақпағын ашса, «Биология» оқулығы шығыпты. Ерназар кітаптағы өсімдіктерді, қасиеттерін қандай ауруға ем екенін оқиды. Шешесін сонын көмегімен емдейді. «Кітап- білім бұлағы» екеніне көзі әбден жетеді. Шешесі тәуір болған соң той жасайды.
Жұмбақтың жауабын бірге шешіп көрейік, балалар. Көктемде жерге енемін
Ылғалда өсіп - өнемін
Менің өскен жемісім
Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)
ІV. Қолдану. Тірек сөздер – глоссарий:
Өскін
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
Тұқымды себу тереңдігі
Тұқымның өнуі
Жаңа тақырыптың тақырыбы және жоспары тақтаға жазылады.
«Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар».
Тұқымдар қолайлы жағдайда өнеді.
Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар: су, ауа, жылу және жарық.
Тұқымның өнуі — ұрықтан өскіннің дамуы. Суға салынған тұқымның тыныс алуы жылдамдайды. Ұрықтың қоректенуіне оңай болу үшін қоректік қор заттары ерітіндіге айналады. Сыртындағы қабығы жарылып, ең алдымен ұрықтың алғашқы тамыршасы төмен қарай бағытталады. Топыраққа бекініп, су мен еріген минералды заттарды өзіне сіңіріп, сора бастайды. Қос жарнақты тұқымда ұрық тамыршасынан алдымен негізгі тамыр өседі. Тамырдан соң бүршікшесі жер бетіне шығып, алғашқы жапырақтың қызметін атқарады. Дара жарнақты өскінде қосалқы тамырлар шығады.
Өсімдіктер тіршілігіндегі құбылысты түсіну үшін, өсімдіктердің мүшелерімен және жасушаларының құрылыстарымен танысып қана қоймай, олардың өнуіне қажетті жағдайларды да білу керек. Толық пісіп жетілген тұқымдар қолайлы жағдайлар туған кезде ғана өне алады. Тұқым өну үшін су, жылу, ауа, жарық қажет. Қандай жағдайда да тұқым өнетінін тәжірибе арқылы анықтайық. Төрт стакан алып, оның әрқайсысына жүгерінің он тұқымын (құрғақ) саламыз. Әрбір стаканды нөмірлейміз. Бірінші стаканды шынымен жабамыз. Екінші стаканның түбіне суланған мақта немесе сорғыш қағаз салып, оның үстіне тұқымдарды орналастырамыз. Су буланып кетпеу үшін бетімен шынымен жауып мақтаның үнемі дымқыл болуын қадағалап отыру қажет. Үшінші стакандағы тұқымдарды суға батып жататындай етіп су құйыңдар. Төртінші стаканда екіншідегідей тұқымдар дымқыл матаның үстіне орналастырылады. 5 - 7 күннен кейін бірінші стакандағы тұқымның ешқандай ұшырамағаны көрінеді, яғни құрғақ тұқымдар өзгермей ұзақ сақталады. Екінші стакандағы тұқымдар өнген. Алдымен олар бөртеді, сонан соң тұқым қауызы жарылады да, өне бастаған ұрық көрінеді.Үшінші стакандағы тұқымдар бөртеді, бірақ өнбейді. Өйткені тұқымға ауа жетпейді. Төртінші стакандағы тұқымдар да өнбейді. Себебі мұнда жылу жоқ.Сонымен, бұл тәжірибе арқылы тұқымның өнуіне су, ауа және жылу қажет екеніне көз жеткіздік. Тұқым өнуі дегеніміз – ұрықтан өскіннің дамуы. Топырақ бетіне шыққан сабағы мен жапырағы бар жас өсімдікті - өскін дейді. Тұқымның өнуі дегеніміз ұрықтан өскіннің дамуы.
V. Талдау. «Артық болмас білгенің, көкірекке түйгенің». «Жигсо» стратегиясы бойынша оқушыларға ресурстар таратылып, топтарға тапсырма беріледі. Жигсо әдісі бойынша тапсырма: оқушылар жаңа тақырыпты өз топтарында талқылап, келесі топқа барып таныстырады.
І топ – Өсімдік - Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар
ІІ топ – Жасушалар - Жарық
ІІІ топ – Ұлпалар - Тұқымды себу тереңдігі
ІVтоп – Тұқым - Тұқымның өнуі
VІ. Жинақтау. « Кері байланыс ». «Ерінбей талмай төгіп тер, білгенің үстіне біле бер ».
– Оқулықпен жұмыс. Жеке жұмыс дәптерімен жұмыс.
16-17 –беттер, № 1-7 тапсырмалар.
Бес жолды өлең
1. не? 1 зат есім2. қандай? 2 сын есім3. Не істейді? 3 етістік4. Синоним 1 синоним
5. Идея 4 сөзден тұратын бір сөйлемҚорытынды: Сонымен балалар бүгін біз «Тұқымның өнуіне қажетті жағдайлар» тақырыбын өттік. Осы тақырып барысында біз білмейтін көптеген мағлұматтар алдық. Сонымен, тұқым қолайлы жағдай туғанда ғана өнеді. Егер осы негізгі жағдайлардың көпшілігі болып, біреуі болмай қалса да, тұқым өнбейді. Тұқым өнбесе өсімдік те өспейді. Табиғатта өсімдіктердің түрлері өте көп, олар саналуан, бізді әсемдікке ізгілікке тәрбиелейді. Елбасының халыққа жолдаған «Жасыл ел» бағдарламасын орындау жолында өз үлесімізді қосуымыз қажет. Ол үшін сыныптағы бөлме өсімдіктерін күтіп баптап, аялап отыруымыз керек. Мектеп, өз үйіміздің айналасын көгаландыру жасыл желекке айналдыруға ат салысу бәріміздің парызымыз.
Үйге тапсырма:
§11 – оқу, түсінік айту. Ғаламтор желісінің мүмкіндіктерін пайдалану. 42-бет
Тест тапырмалары:
1.Дара жарнақтыларда қор заттары жинақталған бөлік: А.ұрық В.қабық С.эндосперм
2.Үрмебұршақ тұқымының жеміске бекінген жері: А.тұқым кіндігі В.тұқым қауызы С.тұқым жарнағы
3.Тұқымында екі тқұым жарнағы бар: А.дара жарнақтылар В.тұқым С.қос жарнақтылар
4.Дара жарнақты өсімдіктер: А.арпа, бидай В.асқабақ, күнбағыс С.асбұршақ, соя
5. Тұқым бүршігінен дамитын көбею мүшесі: А.гүл В.тұқым С.жеміс
6.Тқұымында бір тұқым жарнағы бар: А.қос жарнақтылар В.дара жарнақтылар С.тұқым
7.Тұқымды кеуіп кетуден, зақымданудан сақтайды: А.ұрығы В.қабығы С.жарнағы
№5 – зертханалық жұмысты орындау.Тұқымның өнуі үшін қажет жағдайларды тәжірибе жүзінде анықтау.
1.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне еш нәрсе төсемей, кез-келген тұқымның 10-15 талын салып, құрғақтай қалдырамыз.
2.Тәжірибе. Ыдыстың түбіне мақта төсеп сумен дымқылдап, тұқым салып, бетін әйнекпен жабамыз.
3.Тәжірибе. Ыдыстың жартысына дейін су құйып, тұқымдарды саламыз. Үш ыдысты да жылы жерге орналастырамыз.
4.Тәжірибе. Дымқылдап мақта төсеп, үстіне тұқымды салып, тоңазытқышқа қоямыз.
Нәтиже: «Ой қорыту». Нені білдік?
Бір аптадан соң тексергенде
№1 ыдыста еш өзгеріс жоқ, Құрғақ тұқымдар өнбейді. №2 ыдыста тұқым қабығы жарылып, өне бастаған, барлық жағдай жеткілікті.
№3 ыдыста тұқымдар ісінген, бірақ бұзыла бастайды. Ауа жетіспегендіктен.
№4 ыдыстағы тұқымдар өнбеген, жылу жетіспегендіктен.
Рефлекция кезеңі:
Оқушы мен мұғалім арасында дұрыс қарым – қатынасты тудыру.
Оқушылардың өзін – өзі басқару және басқа адамдармен қарым – қатынас принципін үйрету.
Бүгінгі сабақтың сіз үшін маңызы қандай?
« Білім ағашы », « Менің көзқарасым ».
VІI. Бағалау:
Бағалау өлшемдері бойынша оқушылар өзін - өзі бағалайды. Бағалау бетшесін толтыру.
Мадақтау, қол шапалақтау.
- Смайликтер беру.
- Сабақта белсенді қатынасқан
оқушыларды ауызша марапаттау.
Формативті бағалау.
Қорытынды бағалау. Мұғаліммен амандасады. «Шаттық» шеңберін құру, «Алақан жылуы»
тренингінде оқушылар бір-біріне жылулық сыйлайды. Бір – біріне сәттілік тілейді. Бірдей бағыттағы парақтар алған оқушылар бір үстелдің басына топтасып орналасады.
Сабаққа психологиялық дайындық жасайды.
Тақтада жазулы тұрады, әр тапсырма орындалған сайын оқушылар өздерін бағалап отырады.
Жауаптар бойынша өз көршілерін тексереді.
оқушылар қандай да болмасын ақпарат (мәлімет, проблема, сұрақ) туралы бар білгендерін уақыт өте (2-4минµт), оқушылар өз жазғандарымен бөліседі, сұрақтарға жауап береді, тізімдерін толықтырады.
топтар өздеріне берілген тапсырмаларды орындайды
сұрақтарға жауап береді
Бір-біріне тапсырма береді
Мұғалім түсінігі
Оқушылар рольдік ойындарға қатысады.
Өткен тақырып бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру.
Оқушылар сұрақтарға тез, әрі дұрыс жауап береді.
Оқушылар ойларын қорытады.
Жауабы: Тұқым.
Оқушылар тыңдайды
Постер арқылы қорғайды
Ресурстағы тапсырмалар арқылы жұмыстанады.
Оқушылар тапсырманы топта талқылап, бір шешімге келеді, постер қорғап, бір – біріне түсіндіреді.
Жаңа сабақ бойынша оқушыға сұрақ қояды
оқушылар жеке– жеке орындайды.
Дарынды оқушымен жұмыс
Тақтаға назар аударады. Тыңдайды.
Дәптерге жазып алады.
Стикерге өз ойларын жазады, іледі.
Бағалау бетшесін толтырады.