Органикалы? химия – к?міртек ?осылыстарыны? химиясы. А.М.Бутлеровты? органикалы? ?осылыстарды? ??рылыс теориясыны? негізгі ?а?идалары.
Г.С.
Сабақтың тақырыбы: Органикалық химия – көміртек қосылыстарының химиясы. А.М.Бутлеровтың органикалық қосылыстардың құрылыс теориясының негізгі қағидалары.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Органикалық заттар туралы, олардың ерекшеліктері, құрылымы, қасиеттері жайында алғашқы түсінік беру. Органикалық қосылыстарда атомдардың бір-бірімен байланысу ретін білу және оның өзара әсерін түсіну, органикалық заттардың құрылыс теориясын меңгерту;
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылығын арттырып, түсіндіру біліктілігі мен дағдыларын жетілдіру, көңіл аудару, еске сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелілік: Оқушыларға органикалық заттардың тіршіліктегі маңызы туралы ұғым қалыптастыра отырып, талдауға, қорытынды жасап анық жеткізе білуге үйрету;
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ;
Көрнекіліктері: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі, интербелсенді тақта, слайд, ғалым портреті, плакаттар, стикерлер, маркерСабақтың әдіс - тәсілдері: Түсіндіру, сұрақ – жауап;Сабақтың барысы: Жоспары: І. Ұйымдастыру кезеңі 5 мин. ІІ. Жаңа сабақ 32 мин. ІІІ. Қорытынды 6 мин. ІV. Үйге тапсырма
V. Бағалау 2 мин.
Ұйымдастыру, ынтымақтастық атмосферасын құру.
Молекулалар және атомдар ойыны. Темір, иіс газы, калий перманганаты, көміртек, су, кальций, ас тұзы, кварц молекулаларына бірігуді ұйымдастыру.
Аталған заттардың формулаларын естеріне түсіре отырып, молекуладағы атом санына қарай бірігіп, ынтымақтастық атмосферасы қалыптасады. Оқушылар топқа бөлінеді.
«Ойлар душы»
Бейорганикалық қосылыстар курсынан өткен тақырыптарды жаңа өтілетін сабақпен байланыстыру мақсатында ашық сұрақтар қоямын.
Менделеев кестесіндегі көміртегінің орны
Көміртегінің атом құрылысы
Валенттілігін атом құрылысына қарай тұжырымдаңыз? Сұрақтарға жауап беру арқылы оқушылардың өткен тақырыптар боынша білімдері еске түсіріліп, білімді қолдану дағдысы қалыптасады.
Жаңа сабақтың мақсатын ашу.
Бейнекөрініс көрсету.
1 топ «Категориялық топтастыру» әдісі
2 топ «Тыңдап отырған үштік» әдісі
Оқушыларға С-7, Н-16 дана таратып беремін. Осы берілген қима қағаздарға элементтердің барлығын пайдалана отырып, валенттілігне сәйкес плакатқа жапсыру арқылы формула құрастыруды тапсырамын.
Эссе 2 мин
Жасаған жұмыстарынан не түйгені жайлы шағын эссе жазуды өтінемін.
Күрделі және ұсақ сұрақтар әдісі
5 мин Бутлеровтың құрылыс теориясын жинақтап, түсіндіру үшін ашық сұрақтар қойылады.
Элементтер атом құрыллысы бойынша нені білуге болады?
Элементтер бір-бірімен қандай қасиетіне, ерекшелігіне байланысты байланысады?
Құрамы бірдей, құрылысы әртүрлі заттар қасиеті бірдей болу мүмкін бе? (Демонстрация этил спирті мен диэтил эфирі)
Топтық жұмыс «Сәйкестікті тап»
Оқушылар берілген қима қағаздардың ішінен формула бойынша изомерлерді біріктіру қажет.
Қорытынды
Үйге тапсырма: §42, 43Бағалау
Оқушылардың жұмыстарын топтық, жеке жұмыстарын критерийлер бойынша бағалаймын. «Екі жұлдыз, бір тілек» стикерлер жапсырады.