?йымдастырыл?ан о?у ?рекеті А?дар?а к?мектесеміз


Ұйымдастырылған оқу әрекетінің технологиялық картасы
№10 «Жұлдыз» ересектер тобы
Тәрбиеші: Махаббат Г.М
Білім беру саласы: Таным.
Тақырыбы: Аңдарға көмектесеміз.
Бөлімдері: Математика
Мақсаты:1.Білімділік: Қызықты тапсырмалар арқылы алған білімдерін бекіту, 1 – ден 10 – ға дейін оң және кері санатып қайталату. Логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды, геометриялық пішіндерді бос орынға қоюды үйрету.
2.Дамытушылық: Балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру, қызықты есептер арқылы математикаға деген қызығушылығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Балаларды белсенділікке, тапқырлыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Әдіс – тәсілдер:сұрақ – жауап, қайталау, әңгімелеу, ойын,
Көрнекіліктер:шар, хат, геометриялық пішіндер, 1 – ден 10- ға дейін сандар топтамасы.
Іс-әрекет кезеңдері Тәрбиеші әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, көк аспан,
Қайырлы таң, алтын күн.
Қайырлы таң, достарым,
Қайырлы таң, қонақтар! Балалар шаттық шеңберге тұрып, қонақтармен амандасады.
Ұйымдастыру-іздестіру
Балалар, ал енді жайғасып орындықтарға отырайық. Балалар айтыңдаршы, қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінің айларын атап беріңдерші?
Балалар: Қазір жылдың қөқтем мезгілі. Көктем мезгілінің айлары наурыз, сәуір, мамыр.
Жарайсыңдар балалар, ал көктемнің алдында қандай жыл мезгілі болды?
Дұрыс балалар, сендер көктем мен қысты шатастырып алмайсыңдар ма? Қане тексерейік. Қыс кетті, ал көктем .... (келді)
Қыс салқын, ал көктем ...(жылы)
Қыста күннің көзі салқындатады, ал көктемде... (жылытады)
Қыста қалың қар биік болады, ал көктемде ....(қар ериді)
Қыста жер ақ тонын киеді, ал көктемде ... (шешінеді)
Жарайсыңдар балалар, сендер көктем мен қыстың айырмашылықтарын жақсы біледі екенсіңдер, көктемде табиғат оянады, күн жылынады, гүлдер, шөптер шыға бастайды, сонымен қатар көктемде орман аңдары ұйқысынан оянады екен.
Балалар қараңдаршы, мынау шарда тұрған қандай хат? Қанеки, хатты алып, не жазылғанын оқиық.
Балалар, бұл хабарландыру екен, хабарландыруда сиқыршы аңдарды сиқырлап күннің астына тығып қойыпты, ал қоянды тіпті сиқырлап, оны бір үйшікке тығып тастапты. Балалар соларға көмектесіп, сиқыршыдан аңдарды, қоянды босатайық па?
Ендеше жұмбақ арқылы күн астында қандай аңдар екенін табайық, дайынсыңдар ма?
Қыс бойы жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Өзі қу,
Жүрген жері шу.
Сұр түсті,
Ақсиған көп тісті.
Қанжардай тісі бар,
Суық үрейлі түсі бар.
Сыбдыр шықса қашады,
Қырдан бір – ақ асады.
Ал, міне балалар осы аңдардың суреттерін мен тақтаға іліп қойдым, ендеше неше аң екенін тура және кері санап шығыңдар.
Балалар осы аңдардың бізге деген әр түрлі тапсырмалары бар екен. Соны орындайық сонда ғана, сиқыршы аңдарды босатады, ал қоянды үйшіктен босатады екен.
Ал ең бірінші тапсырма бізге аюдан екен: тақтада ілінген сандарды тура және кері санау керек, сонымен қатар «Қөршісін тап» ойынды ойнау керекпіз, дайынсыңдар ма?
Жарайсыңдар балалар, аюдың тапсырмасын орындадық, енді келесі аңның тапсырмасын орындайық, ол қандай аң екен?
Балалар түлкінің тапсырмасы: бос орынға тиісті пішінді қой.(балалар геометрилық пішіндерді бос торға қойып шығады)
Сонымен қатар, түлкінің келесі тапсырмасы: Аз – көпті салыстырайық. Себетте жемістер мен көкөністер жатыр. Менің алдыма бір бала келіп, себеттегі көкөністер мен жемістерді санайды, сонда қайсысы көп, қайсысы аз екенін анықтаймыз.
Өте дұрыс, балалар біз аю мен түлкінің тапсырмасын орындаймыз деп шаршап қалыппыз, демалып алайық.
Сергіту сәті:
1,2,3 Қарлығаш боп ұш,
4,5,6 Қарлығаш боп шалқы.
7,8,9,10 Қарлығаш боп қон.
Енді келесі аң қасқырдың тапсырмасын орындайық: математикалық жұмбақтар.
Далада тұр екі ешкі,
Қорада тұр екі ешкі,
Екі ешкі мен екі ешкі
Болады неше ешкі?
Тал басында тізіліп,
Бес жапырақ тұр еді.
Жел соқты да үзіліп,
ұшып кетті біреуі
Ізінше оның жұлынып,
түсті тағы екеуі
Тұр әлі де ілініп, жапырақтың нешеуі?
Бес бұтақты қайыңда
Бұтақ сайын бес алма.
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма?
Әтеш алдымен бес, сосын тағы бір жұмыртқа туды. Барлығы неше жұмыртқа болды?
Ал енді келесі арыстанның тапсырмасын орындайық: «Санап үйренейік». Әр қиярды сана және тиісті санды көрсетіңдер! Сонымен қатар, тағы суреттерді сана және тиісті сандарды көрсетіңдер.
Балалар, біз тағы қасқыр мен арыстанның тапсырмасын орындаймыз деп, шаршап қалыппыз, бойымызды сергітіп алайық.
Жоғары қарап ,күн көрдім,
Төмен қарап, жер көрдім.
Оңға, солға бұрылдым
Егеменді ел көрдім.
Балалар, аңдар өте риза, сендерге рахмет – деп жатыр. Бірақ сендер қоян туралы ұмытқан жоқсыңдар ма, оны сиқыршы күшті дуалап тастапты. Қоянымыз бір үйшікте отыр екен, оны тез арада босату керек, әйтпесе қоянның қарны ашып тұр екен.
Қоянның тапсырмасын орындасақ, сиқыршы оны босатады екен.
Қоянның тапсырмасы: «Логикалық есептер» екен.
Бес сәбіздің біреуін,
Досы сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі
Өз қолыңда қалады?
Автотұрақта 3 машина тұрды.
Оған тағы 2 машина келіп қосылды
Сонда барлығы неше машина болды?
Сәуледе 4 алма болған,
Оған анасы 1 алма берді.
Сәуледе неше алма болды?
Жарайсыңдар балалар, қоянның тапсырмасын өте жақсы орындап шықтыңдар. Енді сиқыршы оны босатады деп ойлаймын. Қараңдаршы, мына жерде бір үйшік тұр екен, қанеқи мен ішіне кіріп қарайыншы, ішінде не бар екен. (үйшіктен қоян шығады)
Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сендер өте білімді, ақылды, тапқыр екенсіңдер.
Маған көмектескендерің үшін рахмет.
Қоян,біздің балалар саған арнап сәбіздерді жасап береді, солай ма балалар?
Қоян, міне көрдің бе, біздің балалар саған арнап сәбіздер жасады. Сәбіздерді саған балалар сыйға тартады. Қыз мезгілі болды.
Балалар сөйлемді тыңдап оны аяқтайды.
Балалар ілініп тұрған шарға назар аударады, қызығушылық танытады.
Балалар хабарландыруды не жазылғанын мұқият тыңдайды.
Иә бостайық, көмектесейік.
Балалар жұмбақтарды мұқият тыңдап, олардың шешуін табады.
Аю.
Түлкі.
Қасқыр.
Арыстан.
Қоян.
Тақтадағы аңдардың суреттерін тура және кері санайды.
Жарайды, орындаймыз тапсырмаларды.
Иә дайынбыз.
Балалар тақтадағы сандарды тура және кері санайды, «Көршісін тап» ойынын ойнайды.
Түлкінің тапсырмасы.
Бір бала шығып, себеттегі жемістер мен көкөністерді санап шығады, қайсысы аз, қайсысы көп екенін анықтайды.
Балалар ортаға шығып, сергіту сәтін қимыл – қозғалыстарымен орындайды.
Төрт ешкі болады.
Екеуі тұр жапырақ.
Қайың ағашында алма өспейді.
Алма қайда өседі, бақшада ма, бауда ма?
Әтеш жұмыртқа тумайды.
Балалар тақтада саңырауқұлақтың нешеуі екенін санап шығады, тиісті санды көрсетеді. Және де алма, алмұрттың, шиенің санын нешеуі екенін айқындап, тиісті санды қояды.
Балалар ортаға шығып, сергіту – сәтін қимыл – қозғалыстарымен орындайды.
Балалар қызығушылық танытады.
Төрт сәбіз қалады.
Бес машина болады.
Бес алма болады.
Балалар үйшіктен шыққан қоянға қарап отырады.
Балалар қоянмен амандасады.
Балалар үстелге жақындап, бірнеше бөлікке қиылған сәбіздің суретін құрастырады.
Рефлексивті-түзетушілік
Қоян, міне көрдің бе, біздің балалар саған арнап сәбіздер жасады. Сәбіздерді саған балалар сыйға тартады.
Енді балалар, орындарыңа отырыңдар, біз аңдарға көмектесіп, нені білдік?
Нені көрдік?
Қандай аңды үйшіктен босаттық?
Қоянға нені жасап сыйладық?
Жарайсыңдар балалар, сендер бүгін өздеріңнің білімдеріңді көрсете білдіңдер, ормандағы аңдарға көмектестіңдер, өте жақсы, мен сендерге өте ризамын.
Бүгінгі жиынға,
Келдіңіз бәріңіз
Рахмет сіздерге,
Айтамыз бәріміз. Балалар сұрақтарға жауап береді.
Балалар орындарына отырады.
Логикалық есептерді шығардық, математикалық жұмбақтарды шештік, 1 – ден 10 – ға дейін сандарды санадық, тақтадағы суреттегі заттарды санап, тиісті сандарды қойдық.
Қоянды үйшіктен босаттық.
Аңдарға көмектестік.
Қоянға сәбіздерді құрастырып, сыйға тарттық.
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі:сұрақтарға толық жауап беруді, жыл бойы өткен тақырыптарын меңгере алды және де көрсете білді.
Қандай түсініктерді игерді:логикалық есептерді, математикалық жұмбақтарды шешуді, тиісті сандарды қоюды игерді.
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: сабаққа белсене қатысып, меңгерген дағдыларын көрсете білді.