?йымдастырыл?ан о?у іс — ?рекеті: Дене шыны?тыру Та?ырыбы: ?ызы?ты а?дар.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің технологиялық картасы Білім беру саласы: Денсаулық Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: Дене шынықтыру Тақырыбы: Қызықты аңдар. Мақсаты: Берілген тапсырманы зейін қойып орындауға үйрету. Ойын арқылы балалардың қимыл іс - әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Ұжым болып бірлесіп ойнауға тәрбиелеу. Көрнекілігі: Ойын, бейнетаспа аңдар туралы, суреттер, орман суреті. Қолданылатын әдіс – тәсілдері. Түсіндіру, көрсету, көрнекілік, саяхат. Пәнаралық байланыс: Қоршаған ортамен танысу.Іс - әрекет кезеңдеріТәрбиешінің іс – әрекетіБалалардың іс - әрекетіМотивациялықҚозғаушылықҰйымдастырушы іздестіруРефлексивті коррекциялаушы Балалар әдемі әуен ырғағымен шеңберге тұрады.Тәрбиеші: Балалар, қонақтармен амандасып алайық. - Қазір біз бейнетаспадан күнді, күннің нұрын көреміз. Ол жарқырап нұрын шашып тұрса қалай қуанамыз.Кіріспе бөлім:Шеңбер бойымен жүру,Аяқтың ұшымен жүру өкшемен жүру,Жүгіру, демалу жаттығулары,Тәрбиеші: Балалар сендер орманға саяхатқа барғыларың келе ме? Орман алыс. Ол үшін жаттығулар жасаймыз. Алғашқы қалыпта түзу тұру..1. Басқа арналған жаттығулар1. Алға2. Бастапқы қалыпқа келу3. Артқа ию4. бастапқы қалыпқа келу (2 - рет)2. Иыққа арналған жаттығулар1. Оң иықты көтеру.2. Бастапқы қалып3. Сол иықты көтеру4. бастапқы қалыпқа келу (2 рет)3. Қолға арналған жаттығулар1. Қолды алға созу2. Жоғары созу3 Жанға созу4 Бастапқы қалыпқа келу (2 рет)4. Белге арналған жаттығулар1. Оңға иілу2. Бастапқы қалыпқа келу3. Солға иілу4. Бастапқы қалыпқа келу5. Аяққа арналған жаттығулар1. аяқты қосу2. тізені бүгу3. Бастапқы қалыпқа келуСаппен жүруШалшық судан секіруТастардан секіруБұталардың арасымен жүреміз.Балалар, орманға да жеттік.Орманды аралайық, бір - бірімізден адасып қалмайық. Орманда қандай аңдар бар? (Аю, қоян, қасқыр түлкі, шибөрі т. б. бейнетаспадан қимылдарын көрсету)Ойын: «Қасқыр мен қояндар»Балалар енді елге қайтамыз.(Орманнан алған әсерін айтады)Бүгінгі саяхат сендерге ұнады ма?- Қай жерге саяхатқа бардық? Нелерді көрдік?(Мадақтау)Балалар бәрі бастарын иіп, амандасады.Балалар «Алақай» қуанып деп алақандарын шапалақтайды.Көрсетілген жаттығуларды жасау.Жалпы жетілдіру жаттығуларын жасайды.Жаттығуларды қызыға орындайды.Орманға келді, аңдарды тамашалайды.Ойынның шарты: Қояндар сәбіз жеп отырады. Кенеттен қасқыр келіп қалады. Сендер қашып шөп тасасына тығыласың - дар. Ұстап алған баланы қасқыр алып кетеді. Ойын осылай қайталанады. - Ұнады- Орман- Қызықты аңдар.Күтілетін нәтиже:Біледі. Жүріс түрлерін, жалпы жетілдіру жаттығуларын. Үйренеді: Негізгі қимыл жаттығуларын. Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Орман аңдарының іс - әрекетін көріп, қимылдарын меңгерді.